Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 01.04.2009 № 10 шешімімен
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 8 шілде 2005 жылғы N 74 Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 20 қараша 2008 жылғы N 1119 сұранысына сай ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2009.02.10 N 4 Шешімімен.2. Селолық округ әкімдеріне 2009 жылы тіркеуге жататын азаматтарды шақыру пунктіне алғашқы әскери пән мұғалімдерінің жетекшілік етуімен уақытында келуін және көлікпен қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. Аудандық қаржы бөліміне (Б. Нұрмағамбетов) көлік тасымалына қажетті жанар-жағар маймен қамту жүктелсін.
4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау Департаментінің "Қаратөбе аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (Қ. Алтаев) тіркеуге жататын шақырылушыларды дәрігерлік куәландыру үшін дәрігерлік сараптау комиссиясының мүшелерін қантар-наурыз айларында тіркеу жұмыстары аяқталғанша еңбек ақыларын сақтап, негізгі жұмыстарынан босату:
1) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұранысына сай сараптау комиссиясына білікті дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер бөлінуін, олардың қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтылуын;
2) Тіркеуге шақырылушыларды дәрігерлік сараптау флюрография ЭКГ және тағы басқа жұмыстардың талапқа сай сапалы өткізілуін;
3) Шақыру кезінде тіркеушілер арасында сырқаты анықталған және хирургиялық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу жұмыстарының жүргізілуін, қан группаларын айыру және егілуін сапалы атқару мақсатында іс-шаралар жоспарын жасау ұсынылсын;
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М. Ермеғали) тіркеуге шақыру кезінде іс-қағаздарын жүргізуге ақылы қоғамдық қызмет есебінен жұмыссыздармен қамту тапсырылсын.
6. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2009.02.10 N 4 Шешімімен.7. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Бралиевке жүктелсін.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2009.02.10 N 4 Шешімімен.
Аудан әкімі | А.Утегулов |