Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2012.05.27 № 4-3 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңдарына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 26 қарашадағы № 21-2 "Сырым ауданында жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы" шешімінде: (нормативтік құқықтық кесімді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-10-12) тіркелген:
осы шешімдегі "Ереже" деген сөздер "Қағида" деп өзгертілсін.
2) Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 31-2 "Сырым ауданында нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Ережесін белгілеу туралы" шешімінде; (нормативтік құқықтық кесімді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-10-30), (17.03.2007 жыл, Қайнар газеті):
осы шешімдегі "Ереже" деген сөздер "Қағида" деп өзгертілсін.
3) Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 8 мамырдағы № 33-6 "Сырым ауданында нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Ережесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінде: (нормативтік құқықтық кесімді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-10-35)тіркелген, (29.05.2007 жыл, Қайнар газеті № 43):
осы шешімдегі "Ереже" деген сөздер "Қағида" деп өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сырым аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы | Г.Кажмуратова |
Сырым аудандық мәслихатының хатшысы | А.Галимов |