Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2009.12.25 N 379 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жығы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 543 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында өткізілсін.
2. 1-қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиямының құрамы құрылып, бекітілсін.
3. Шақыру учаскесі Жымпиты ауылы, Жұмағалиев көшесі 13 мекенжайда орналасқан Сырым аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында ұйымдастырылсын.
4. Сырым ауданы бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтардың медициналық тексеруден өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. "Сырым қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қарай қажетті техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету, "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" (келісім бойынша) тапсырылсын.
6. Әскерге шақырылушы азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін жабдықталған орындар, жоғары білімді, тәжірибелі маман дәрігерлер мен медбикелерді қажетті мөлшерде бөліп медициналық құрал–жабдықтармен қамтамасыз ету, шақыру комиссиясы емдеу мекемелеріне жолдаған азаматтарды ведомстволық бағыныштылығына сол көрсетілген емдеу мекемелерінде стационарлық және амбулаториалық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету, бұл мақсатқа аудандық ауруханадан 6-8 кісілік кереуеттік орын бөлу "Сырым аудандық орталық ауруханасы" МКҚК (келісім бойынша) ұсынылсын.
7. Әскерге шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөліміне алып келу үшін ауылдық округтерге белгіленген мөлшерде жанар-жағар май бөлу "Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен" сұралсын.
8. Осы қаулы, 2009 жылғы 17 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Турегалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі | Е.Нысанғалиев |
1 қосымша Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 қыркүйектегі N 208 қаулысымен бекітілген |
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Маканов Кайрат Ұзақбайұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Разиев Қадыр Болатұлы – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Кубашев Гиззат Оразғұлұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Какимжанова Аккүміс Ұзақбайқызы – аудандық орталық аурухана бастығының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
Сұлтанова Гүлбарам Бакытжанқызы – медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Резервтік құрамы
Муканов Ербол Мақсотұлы – аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Джанбулсинов Берік Молдахметұлы – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Ниязғалиев Тимур Қабылұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Мендешев Сабыр Әбділхалықұлы – аудандық орталық аурухананың бөлім менгерушісі, медициналық комиссияның төрағасы келісім бойынша);
Кыдыралина Манар Бекниязқызы - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Аудандық медициналық комиссия құрамы
Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер
Дәрігер-мамандар:
Хирург
Көз дәрігері
Нарколг
Невропатолог
Тері венеролог
Дерматолог
Рентгенолог
Тіс дәрігері
Отоларинолог
Терапевт
Психиятр
Орта буын медицина қызметкерлері:
Көз дәрігерінің медбикесі
Терапевт дәрігерінің медбикесі
Отоларинолог дәрігерінің медбикесі
Рентгенолог дәрігерінің медбикесі
Психиатр дәрігерінің медбикесі
Нарколог әрігерінің медбикесі
Тіс дәрігерінің медбикесі
Невропатолог дәрігерінің медбикесі
Дерматолог дәрігерінің медбикесі
Фтизиатрдың медбикесі
Медбикесі
2 қосымша Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 қыркүйектегі N 208 қаулысымен бекітілген |
Сырым ауданы бойынша әскери қызметке шақырылған
азаматтардың медициналық тексеруден өткізу
кестесі
N р/с | Қорғаныс істері жөніндегі бөлім |
Комиссияның жұмыс күндері, уақыт | |||||
сәуір | мамыр | маусым | қазан | қараша | Желтоқсан | ||
Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім |
17.04.2009 |
05.10.2009 |