Жымпиты ауылының Қаратөбе көшесінің атауын өзгерту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қазандағы N 15-5 шешімі және Сырым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 241 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қарашада N 7-10-65 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 17-4 шешімі және Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 379 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2009.12.23 N 17-4 Шешімі және Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2009.12.25 N 379 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын, аудандық ардагерлер кеңесі Президиум отырысының N 21-а хаттамасының суырмасы және аудандық ономастикалық комиссия шешімін басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жымпиты ауылының Қаратөбе көшесінің атауы "Алаш" қозғалысының белсенді қолдаушысы Әлмұхамбет Оспановтың атындағы көше деп өзгертілсін.
      2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы               Аудан әкімі
      Аудандық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады