2009 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 311 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қаңтарда N 7-11-82 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 494 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 31.12.2009 N 494 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысын орындау, сонымен қатар мекемелерден, ұйымдардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі 1 қосымшаға және қоғамдық жұмыстардың түрлері, еңбек ақы көлемі және қаржыландыру көздері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Мусинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ө.Мырзағалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі
"Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Тасқала аудандық аумақтық инспекция
бастығының міндетін атқарушы
___________________ А. Киреев

      Тасқала аудандық прокуроры
___________________ К. Төремуратов

      Тасқала аудандық қорғаныс
істер жөніндегі бөлімінің бастығы
___________________ А. Жұбанышқалиев

      БҚО ІІД Тасқала аудандық
ішкі істер бөлімінің бастығы
___________________ С. Ізімов

      Тасқала аудандық әділет
басқармасының бастығы
___________________ Қ. Тасқалиева

      Тасқала аудандық емханасының
директоры
___________________ Т. Қалібеков

      Тасқала аудандық ауруханасының
директоры
___________________ Х. Ералин

  Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
N 311 қаулысымен бекітілген
1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009.03.30 N 112 Қаулысымен.

Аудан бойынша аудандық есебі арқылы
қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар
жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың
тізімі:

      1. "Тасқала ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      2. "Досуг" аудандық мәдениет демалыс орталығы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны;

      3. "Акбөпе" аудандық балабақшасы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны;

      4. "Тасқала балалар жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны;

      5. "Мектептен тыс балалармен жұмыс орталығы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны;

      6. "Таскала аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      7. "Таскала аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      8. "Таскала ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі;

      9. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      10. "Тасқала аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      11. "Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі;

      12. "Аудандық әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      13. Аудан бойынша жалпы білім беру мектептері;

      14. "Таскала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      15. "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      16. "Селолық округ әкімдерінің аппараттары" мемлекеттік мекемесі;

      17. "ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің "Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Таскала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;

      18. Тасқала аудандық прокуратурасы;

      19. "Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      20. "Таскала аудандық психологиқалық-педагогиқалық түзеу кабінеті" мемлекеттік мекемесі;

      21. Республикалық мемлекеттік "Қазақавтожолы" кәсіпорнының Батыс Қазақстан облыстық филиалы.

  Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
N 311 қаулысымен бекітілген
2 қосымша

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009.03.30 N 112 Қаулысымен.

Қоғамдық жұмыстардың түрлері,
еңбек ақы көлемі және қаржыландыру
көздері:

N

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Еңбек ақы, тенге
(айына)

Қаржыландыру
көздері

1

Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу.
Көмек көрсету:
әскер қатарына шақыру мерзімінде, республикалық және облыстық кампаниялар өткізуге (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ жүргізуге), жергілікті тұрғындардан салықтар жинау кезінде хабарлама тасуға, спорттық жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, лагер аумағын жинастыруға, бұлақтарды тазарту және көркейтуге, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы мерзімі ішінде жаппай тексеруден өткізуге, дәрігерлік тұжырымдама жасақтау, тіркеу, іс-құжаттарын жинақтау және тігу, автопавильондардың төңірегін және жол бойындағы су жолдарын тазалау, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне

Жалақының ең төменгі мөлшері ағымдағы заңнамамен белгіленеді

Жергілікті
бюджет

2

Көмекші жұмысшылар болуға: құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу, қарттар мен 1, 2 топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына, уақытша және маусымдық жұмыстардың ауыр түрлері

Ағымдағы заңнамамен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 25 % көлемінде қосымша төленсін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады