Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2012.05.18 № 4-7 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау туралы Қағида 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Тасқала ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды ұстау және серуендету туралы Қағида 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Аудан елді мекендерінің жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау туралы Қағида 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы Қағидалар алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н.А.Шынбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ.Нұрмұханов |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі N 16-3 шешімімен бекітілген 1 қосымша |
Тасқала ауданының елді мекендерінде
жануарларды ұстау туралы
ҚАҒИДА
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар - ауылшаруашылық, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал арасы, балықтар және тағы басқалар;
2) үй жануарлары – ауылшаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланылатын зоологиялық түрлері;
3) жануарлар иесі – жеке меншік немесе басқа да қарауында жануары бар жеке немесе заңды тұлға;
4) ветеринарлық құжаттар - мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринарлық инспекторлар беретін ветеринарлық-санитариялық қорытынды, ветеринарлық куәлік, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама;
5) жануарларды ұстау – жануарлардың иелерінің жануарлардың өмірін, дене және психикалық саулығын сақтауға, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, толыққанды ұрпақ алу үшін, сондай-ақ азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған іс-әрекеттері;
6) қараусыз жануарлар - меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босып кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан үй жануары.
2. Жануар иесінің құқықтары мен міндеттері
2. Жануар иесі құқылы:
1) осы Қағидада қарастырылған тәртіпті сақтай отырып, жануарларды алуға және иелігінен шығаруға (соның ішінде сату, сыйға тарту, ауыстыру т.б. арқылы);
2) жануарлар иелерінің қоғамдарынан (клубтардан), ветеринарлық ұйымдар мен ауылшаруашылық оқу орындарынан жануарларды ұстау, басын көбейту тәртібі туралы қажетті ақпаратты алуға.
3. Жануар иесі міндетті:
1) жануарларды ауылдық округтердің мал дәрігерлік инспекторына тіркетіп, ветеринарлық төлқұжат алуға және ауылдық округ әкімшілігіне тіркеп, есепке қоюға;
2) жануарлардың ауруларының алдын алуды және мемлекеттік ветеринарлық жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринарлық (санитарлық-гигиеналық) ережелерін сақтай отырып, ветеринарлық және әкімшілік-шаруашылық шараларды жүзеге асыруға;
3) жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, өміріне қажетті азықпен, сумен қамтамасыз етуге;
4) ветеринарлық қадағалау органдарына жануарлардың адамға шабуылы болған жағдайда хабарлауға;
5) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан келген жануарлар, алынған төл, оларды сою және сату туралы хабарлап отыруға;
6) ветеринариялық мамандардың талабы бойынша диагностикалық зерттеу мен вакцинация жүргізуге жануарларды дайындауға;
7) өлген жануарларды ветеринарлық талапқа сай уақытында жоюға;
8) ауыл шаруашылық жануарларының иелері оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға.
3. Жануарларды ұстау
4. Жануарларды ұстау талаптары:
1) жануарларды жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алуын болдырмауы қажет, қауіпті немесе жыртқыш жануарлардың болуы туралы кіре берісте және қоршаудың сыртында жануардың суреті, мүмкін болатын қауіп туралы жазуы бар ескерту тақтайша болу қажет;
2) тұрғындар малдарын белгіленген уақытта бағылатын орынға шығарып салып және қарсылап алуы тиіс. Бағымға қосылмаған жануарлар қараусыз деп саналады, сондықтан ондай жануарлар иесіз жіберілмеуге тиіс;
3) ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының көң қалдықтарын белгіленген орынға жинап, тыңайтқышқа пайдаланылуын қамтамасыз ету немесе арнайы көң шығаратын жерге апарып, тазартып тұру және ветеринарлық талапқа сай керек уақытта залалсыздандыру қажет;
4) жануарларды тұрғылықты жерден тысқары жерлерге тасымалдау (орнын ауыстыру) мен әкелу белгіленген нысандағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі N 16-3 шешімімен бекітілген 2 қосымша |
Тасқала ауданының елді мекендерінде иттерді
және мысықтарды ұстау және серуендету туралы
ҚАҒИДА
1. Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ит - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
2) мысық – көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
3) ит пен мысықтың иесі – жеке немесе басқа да иелігінде иті немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға;
4) дегельминтизация – арнайы ветеринарлық препараттардың көмегімен жануарларды гельминттерден тазалау, бөлінетін паразиттерді, олардың фрагменттерін, жұмыртқаларын және балапан құртын міндетті түрде жоюды жүзеге асыру.
2. Меншік нысанына қарамастан иттерді және мысықтарды ұстайтын заңды және жеке тұлғалар (әрі қарай олардың иелері):
1) иттер мен мысықтарды ауылдық округтердің мал дәрігерлік инспекторына тіркетіп, ветеринарлық төл құжат алуға және ауылдық округ әкімшілігіне тіркеп, есепке қоюға;
2) елді мекендерде иттерді ұстағанда айналадағы адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қолдануға, оларды үй іргесінде байлап немесе оңаша қорада, қоршалған аулада, учаскеде ұстауға және өтіп бара жатқандарды тістеп алмауды болдырмау үшін мүмкін болатын қауіп туралы тақтайша ілуге;
3) иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз бос, тек оңаша жерлерде: елді мекендерден тыс жерлерде, мал табындары мен отарларында, сондай-ақ нысандарды күзету мақсатында (қора ішінде) ұстауға;
4) жеке үйлер мен пәтерлерде иттер мен мысықтарды таза, мал дәрігерлік талаптар сақталған жағдайда ұстауға;
5) ит сатып алған немесе басқа елді мекендерге орын ауыстырғанда сол мерзімнен бастап жергілікті мал дәрігерлік инспекторына хабарлауға және тиісті құжаттарды алуға;
6) иттерді үйден, оңаша қорадан көшеге қысқа тізгінді қарғы бау мен тұмсық тор кигізіп, адамдарға қауіпсіз жерде серуендетуге және сол уақытта ветеринарлық талаптарды сақтауға, қоршаған ортаны, қоғамдық орындарды ластауға жол бермеуге;
7) иттер, мысықтар ауырып қалған жағдайларда дереу мал дәрігерлік мекемеге хабарлап тексертуге, ал адамды, жануарды ит қапқан және мысық тырнаған жағдайларда медициналық және мал дәрігерлік мекемелерге хабарлауға және оларға алғашқы жәрдем көрсетуге міндетті.
3. Осы қағиданың 2 тармағының 3 тармақшасын қоспаған жағдайда, бос жүрген иттер иесіз деп танылып, аулауға жатады.
4. Ит пен мысық иелері мал дәргерлік мамандардың талап етуі бойынша иттерді, мысықтарды тексертуге, оларды ауруларға қарсы сақтық егу жұмыстарын жүргізтуге, ал иттерді әр тоқсан сайын паразиттік ауруларға қарсы емдеуге (дегельминтизациялау) апарып тұрулары тиіс.
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі N 16-3 шешімімен бекітілген 3 қосымша |
Аудан елді мекендерінің жасыл желектерін
күтіп ұстау мен қорғау туралы
ҚАҒИДА
1. Осы қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) жасыл желектерді қорғау - жасыл желеектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен төлеуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқытық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
2) жасыл желектер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдік.
2. Меншік түріне және ұйымдастыру - құқықтық нысандарына қарамастан кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымдық тұлғалар мен азаматтар өсіп тұрған жасыл желектерді көркейтуге және қорғауға міндетті.
3. Елді мекендерде жасыл желектерді көркейту үшін мынандай агротехникалық шаралар жүргізілуі тиіс:
1) тазалау;
2) суару;
3) бұталау;
4) түптерін қопсыту;
5) тыңайтқыштар қолдану;
6) қурағандарын және ескіргендерін кесу;
7) жасыл желектерді түрлі аурулардан және зиянкестерден қорғауды жүзеге асыру.
4. Мына жағдайларға:
1) үй және ғимараттар жанындағы ағаштарды рұқсатсыз кесуге;
2) орман шаруашылықтарындағы, автокөлік жолдары мен су жүйелері бойындағы, егістерді желден тосуға арналған алқаптардағы ағаштарды рұқсатсыз кесуге, оларға жақын жерлерге от жағуға, сондай-ақ құрғақ шөптерді өртеуге;
3) тыйым салынған жерлердегі жабайы өсіп тұрған жеміс-жидектерді рұқсатсыз теруге;
4) жасыл көшеттерді сындыруға, гүлзарлар мен газондардың үстінен жүруге, құрылыс материалдарын (құм, цемент, ағаш, тас, кірпіш) жинап қоюға жол берілмейді.