Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 23-3 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Тұрғын үй қатынастары туралы"заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-66 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 6 маусым күні аудандық "Екпін" газетінде жарияланған, 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-5 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-86 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыз күні аудандық "Екпін" газетінің 17 нөмірінде жарияланған және 2009 жылғы 27 шілдедегі N 16-5 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-97 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 21 тамыздағы аудандық "Екпін" газетінің 47 нөмірінде жарияланған) енгізілген толықтыруларды ескере отырып, келесі өзгеріс енгізілсін:
Қағиданың III тарауының 14 тармағындағы "беруге міндетті" деген сөздер "бере керек" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ә.Н.Сәрсенбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ.Нұрмұханов |