Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу қағидасы туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 12 мамырда N 7-11-66 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 23-3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 23-3 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы бекітілсін.

      2. Тасқала аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 қарашадағы N 9-6 "Тасқала ауданы бойынша табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібінің Ережесі" туралы шешімнің (тіркеу N 2810 аудандық "Екпін" газетінде 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 2 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 7 наурыздағы N 5-4 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Ережесі туралы" туралы шешімі бұзылды деп танылсын.

      4. Осы шешім аудандық "Екпін" газетінің бір нөмірінде (директор-редакторы С. Ашығалиев) жариялансын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н.В.Вологин
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ.Нұрмұханов

  Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 28 сәуірдегі
N 6-3 шешімімен бекітілген

Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы
ҚАҒИДА

      "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы Қағида" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді.

      Осы Қағида меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын отбасыларына жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.07.27 N 16-5 Шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағында тұратын және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарға тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.

      2. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын отбасыларына және Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

      3. Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енеді: газ пайдалану шығындары, электр, су, канализациямен қамтамасыз ету, егер жайлы пәтерлерде табиғи газ болмайтын болса, қатты отын есепке алынады және тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда төленеді.

      1) Тұрғын үй алаңының мөлшері отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр көлемінде болып есептеледі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем болмау керек.

      2) Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеуде отбасының жалпы табысының шектелген үлесі мен нақтылы коммуналдық қызмет төлемдерінің айырмашылығы аз қамтылған отбасыларына, жалғызбасты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, жалғызбасты мүгедектерге, жетімдерге, ауған соғысының қатысушылары, 22.06.1941-1945 жылдары 6 айдан кем емес жұмыс атқарған тыл еңбеккерлеріне, әскерге соңғы шақырылғандарға (1926-1927 ж.) 15 %, басқа санаттар үшін 30 % көлемінде белгіленіп, жылына 2 рет төленеді.

      3) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған азаматтардың қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне тұрғын үй көмегі табыстарын есептемей жылына бір рет 15,0 мың теңге көлемінде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі негізгі пәтер жалдаушы, отбасы мүшесі немесе пәтер иесі болсын, ҰОС мүгедегіне, қатысушыға, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған азаматтардың қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне төленеді.

      4) Ауданның тұрғын үйлері газдалмаған аз қамтылған отбасыларына, жалғызбасты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, жалғызбасты мүгедектерге, жетімдерге, ауған соғысының қатысушыларына, 22.06.1941-09.05.1945 жылдары 6 айдан кем емес жұмыс атқарған тыл еңбеккерлеріне, әскерге соңғы шақырылғандарға (1926-1927 ж.) от жағылу мерзімінде тұрғын үй көмегін көрсету мақсатында 2 тонна қатты отын (тезек) сатып алу үшін аудан бойынша қатты отынның (тезектің) орта бағасы анықтау комиссиясының шешімімен белгіленген мөлшерде табыстарын есептемей жанұяға бір реттік көмек көрсетіледі.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.02.18 N 12-5, 2009.07.27 N 16-5 Шешімдерімен.

      3-1. Ауданда тұрақты өмір сүретін аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға кеткен шығындармен қоса телефон үшін жыл бойғы абоненттік төлемақы шығындары бірге есептеледі.

      Ескерту. Қағида 3-1 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.07.27 N 16-5 Шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі аудандық мәслихатпен анықталады.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.

      6. Жеке меншігінде біреуден артық үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші тұлғалар, күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтіп отырған, 3 жасқа дейінгі баланы бағып отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаға, туберкулезбен ауыратын азаматтарға, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардан, зейнеткерлерден басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

      7. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, белсенді түрде жұмыс істемеген және қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар отбасылары тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      8. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.

      Заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға апарып соғатын жалған мәлімет бергені үшін меншік иесі немесе жалдаушысы бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады., ал заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      9. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін үйді жалға алушы немесе меншік иесі төмендегі құжаттарды жергілікті атқару органына тапсырады:

      - өтініш;

      - отбасы құрамы және жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы жөніндегі анықтама;

      - ҰОС қатысушысы немесе мүгедегінің куәлігі, ауған соғысына қатысушының куәлігі, тыл еңбеккерлері үшін 1941-1945 жылдары жұмыс істегенін растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы анықтама;

      - мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат;

      - тұрғын үйдің техникалық төлқұжаты немесе үйдің жекешелендіру шарты немесе тұрғын үйге меншік туралы куәліктің көшірмесі, жалдап тұрғаны туралы келісім шарт;

      - селолық округ аппаратының тұрғын үйдің газдалмағаны жөнінде анықтамасы;

      - коммуналдық қызметтерге (табиғи газ және электр жарығы) ақы төлеу шығындары жөнінде анықтама (түбіртектер) абонент болып табылатынын растайтын құжат (шарт немесе телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот);

      - шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруға рұқсат құжаты;

      - отбасының жиынтық табысы жөніндегі мәліметтер.

      Отбасының жиынтық табысына отбасының барлық мүшелерінің жалақы, кәсіпкерлік табыс, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік көмектің атаулы әлеуметтік көмектен басқа түрлері, балаларға және басқа да күтудегі тұлғаларға берілетін алимент, стипендия, ақшалай және табиғи формада алынған ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар түріндегі табыстары қосылады.

      Тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істеріне Қазақстан Республикасы Заңнамаларында тікелей көрсетілгендерден басқа төлем құжаттары тіркелмеуі керек.

      Ескерту. 9 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.02.18 N 12-5, 2009.07.27 N 16-5 Шешімдерімен.

      10. Берілген құжаттарды қаралғаннан кейін отбасымен келісім шарт құрылып, мұнда жәрдемақының тағайындау есебі енгізіледі. Келісім шарт 2 данада құрылып, біреуі меншік иесіне (жалдаушыға) беріледі. Келісім шарт тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.

      11. Мемлекеттік тұрғын үй көмегін тағайындауды, тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген қаржы шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      12. Ауыл (село) әкімі арыз берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады.

3. Тұрғын үй көмегін есептеу

      13. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы арызды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қарап, қабылдаған айдың ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      14. Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күдік туған жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беру керек.

      Ескерту. 14 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.10.22 N 18-4 Шешімімен.

      15. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстаумен коммуналдық қызметтер үшін төлемді арыз иесіне аудару арқылы беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек.

      16. Көмек пайдаланушы немесе меншіктеуші өтемақы төлеу шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шеңберінде тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлейтін нақты төлемақы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсай алатын ең жоғары шығын деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларын қаржыландыру көздері

      17. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет ақысына материалдық көмек жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      18. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі меншік иелерінің (жалдаушының) тізімдеріне сәйкес берілген көмектің сомасын әр айдың 25-не, сатылап аудару аудандық пошта бөлімі және оның ауылдардағы құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.

      19. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады