Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011.01.20 № 6 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын адамдарды әлеуметтік қорғау, оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында және еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2010 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р. Мусалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 491 аудан әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
2010 жылға нысаналы топтарға
жататын адамдардың тізбесі:
1. Табысы аз адамдар;
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған);
7. Мүгедектер;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан босаған адамдар;
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10. Оралмандар;
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13. 6 айдан жоғары жұмыссыз отырғандар;
14. 50 жастан жоғары жұмыссыз әйелдер;
15. 55 жастан жоғары жұмыссыз ерлер;
16. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
17. Алыс елді-мекенде тұратындар - аудан орталығынан 5 шақырымнан алыс елді-мекенде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық-мерзімдік жұмыс мезгілдерінде);
18. Ұзаққа созылған жұмыссыздарға жататындар – он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық.
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 491 аудан әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
2010 жылға нысаналы топтарды қорғау
жөніндегі әлеуметтік шаралар
№ |
Іс-шаралар |
Барлығы, адам саны |
Соның ішінде нысаналы топ, адам саны |
1 |
Жұмысқа орналастыру |
370 |
185 |
2 |
Қоғамдық жұмыстарға жіберу |
380 |
190 |
3 |
Бастапқы даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы |
53 |
16 |
4 |
Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу |
182 |
182 |