Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 16.11.2012 № 6-2 шешімімен (01.01.2013 бастап күшіне енеді)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болып, жеке тұлғаларға үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардағы туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Cессия төрағасы | С.И. Серіккалиева |
Аудандық маслихаттың хатшысы | М.О. Төлегенов |
2009 жылғы 2 наурыздағы N 16-2 Теректі аудандық мәслихаттың шешіміне N 1 қосымша |
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болып,
жеке тұлғаларға үшін біржолғы талондардың
құны
N | Қызметінің атауы | Біржолғы талондардың құны |
1. | Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) | |
1.1. | Газет пен журналдар | 12 |
2. | Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдар (екпелер, көшет) | 38 |
3. | Бақша дақылдары | 76 |
4. | Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер | 12 |
5. | Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері | 40 |
6. | Жануарлар мен құстардың жемдері | 76 |
7. | Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидектері, бал, саңырауқұлақ және балық | 38 |
8. | Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке тракторлар иелерінің көрсететін қызметі | 76 |
9. | Үй жануарлары мен құстарды бағу | 40 |
2009 жылғы 2 наурыздағы N 16-2 Теректі аудандық мәслихаттың шешіміне N 2 қосымша |
Бірыңғай тіркелген салық ставкалары
N | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдалынатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |