Аудан бойынша 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 маусымдағы N 96 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 23 маусымда N 7-13-103 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010.01.28 N 4 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Зандарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заның іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау ауданы бойынша 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Селолық округ әкімдеріне, мекеме, кәсіпорын басшыларына осы қаулыдан туындайтын шараларды орындау ұсынылсын.

      3. Аудан әкімдігінің "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 31 "Аудан бойынша 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы N 172 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-86 тіркелген, 2009 жылы 21 ақпандағы аудандық "Серпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Аудан әкімдігінің "Аудан бойынша 2009 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 8 мамырдағы N 72 қаулысы жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Байменов

  ҚОСЫМША
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 3 маусымдағы
N 96 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009.08.27 N 187 Қаулысымен.

Шыңғырлау ауданы бойынша 2009 жылы
қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты
жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының
мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері

N

Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Көлемі мен нақты жағдайлары

Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері

Қаржыландырудың көздері
 

1

2

3

4

5

6


"Шыңғырлау аудан әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Ащысай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Алмаз селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, "Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, "Белогор селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Қызылкөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Лубен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, "Полтава селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, "Шыңғырлау селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
Шыңғырлау ауданының ауылшаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесі,
Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі,
"Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесі, "Шыңғырлау ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" мемлекеттік мекемесі,
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Шыңғырлау-
комтех-
сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару
Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін ағымды жөндеу жұмыстарына қажетті жағдайда қосымша көмектесу
Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру
Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды, мәдени
Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру шараларды өткізу
Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты қосымша көмек көрсету
Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және
ауыз су кұдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау
Малды қолдан ұрықтандыру, мал басын бірдейлендіру жұмысын ұйымдасты*
руға қосымша жәрдемдесу
Түрлі пайдасыз қалдықтарды жоюға, залалсыздандыруды ұйымдастыру
Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуу, күзет ұйымдастыруға көмек көрсету

Қазақстан Республикасындағы Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс берушілермен белгіленеді

ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмасын

Жергілікті бюджет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады