Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010.01.28 N 4 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы", "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Зандарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заның іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Аудан бойынша 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 3 маусымдағы N 96 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-103 тіркелген, 2009 жылы 18 шілдедегі аудандық "Серпін" газетінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
қосымшасының 5-бағанадағы "13 470" саны "ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмасын" деген сөздерге өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | М.Тоқжанов |