Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009.12.11 N 292 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының 2009 жылғы 21 қазандағы N 428 ұсынысына сәйкес, қарасан ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын қарасан ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малы арасында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты Қызылкөл селолық округінің Қопа жайлауы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Қызылкөл селолық округ әкімімен, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" Мемлекеттік мекемесімен және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесе отырып, шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Байменовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Тоқжанов |