Шыңғырлау селолық округіндегі кейбір көшелер атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау селолық округі әкімінің 2009 жылғы 21 мамырдағы N 70 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 7-13-100 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",  "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы"заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауылы тұрғындарының сұрауы бойынша және 2008 жылғы 13 ақпандағы N 1 Аудандық ономастикалық комиссия отырысының ұйғарымына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Шыңғырлау селолық округіндегі көшелер атаулары төмендегі ретпен өзгертілсін:
      Комсомольская көшесі - Бейбітшілік көшесіне;
      Ленин көшесі – Достық көшесіне;
      С. Киров көшесі – Тәуелсіздік көшесіне.
      2. Осы шешімінің орындалуы Шыңғырлау селолық округі әкімі аппаратына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шыңғырлау селолық округі әкімі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады