2010 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 233-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6318 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 327-ө Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.09.30 N 327-ө (ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2010 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) Бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2010 жылдың 3 тоқсанына арналған Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
      2. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Манабаева К.А.) осы бұйрықты:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялауын;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi және 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                   Г. Әбдіқалықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады