Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 124 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6556 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасындағы банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының уақытша әкімшіліктерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің Ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің уақытша әкімшілігінің құрамына екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіргізіледі.»;
      7-тармақта:
      бірінші абзацта «сәттен» деген сөз «күннен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру туралы Заң) 69-бабының 2-тармағында көзделген салдар басталады.»;
      9-тармақтың 3), 6) тармақшалары алып тасталсын;
      10-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйым шоттарының болуын анықтайды және корреспонденттік, ағымдағы шоттардың (оның ішінде шетелдік банктердегі) және жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкіндегі шоттардың қалдықтарын салыстырып тексеруді жүргізеді. Ұйымның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша шоттардың қалдықтарын көрсетілген шоттар ашылған банктердің деректерімен салыстырып тексереді және салыстырып тексеру қорытындылары бойынша тиісті акт жасайды;
      4-2) толық материалдық жауапкершілік атқаратын тұлғалар, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне және ұйымның қаржылық және өзге де есептілігін жасауға рұқсаты бар тұлғалар тобын анықтайды;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) уақытша әкімшіліктің қызмет істеу кезеңінде ұйым қызметкерлерімен еңбек қатынастарын жалғастыру қажеттілігі болмаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес олармен еңбек шарттарын бұзады;»;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушілерге, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамына ұйымның лицензиясынан айырылғаны және уақытша әкімшіліктің тағайындалғаны туралы хабарлайды және уақытша әкімшілік жасамайтын ұйымның мүлігін иелігінен шығару жөніндегі мәмілелерді тіркеуге, сондай-ақ ұйым кепіл ұстаушысы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді.»;
      11-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі «жеті» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін бөлігімен не толық көлемде басқа сақтандыру ұйымына табыстау бойынша шығыстар;»;
      13-тармақтың бірінші бөлігінде «және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздер «жүзеге асыратын ұйымның және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтың бірінші бөлігінде:
      28) тармақшада «көзделуі мүмкін.» деген сөздер «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
      «29) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақшаны аударым жасау мен төлем жасау жөніндегі қызметтерге өзделуі мүмкін.»;
      19-тармақта «заңнамаларымен» деген сөз «ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уақытша әкімшілік ұйымда оның қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін қажет техникалық құрал-жабдықтар болмаған жағдайда уәкілетті орган берген техникалық құрал-жабдықтарды пайдаланады.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Уақытша әкімшілік тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап өз өкілеттігін қалдырады және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңында, Сақтандыру туралы Заңда белгіленген мерзімде және тәртіпте құжаттар мен мүлікті (ұйымның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық құндылықтарын және өзге де мүлкін) тарату комиссиясының төрағасына табыстауды қамтамасыз етеді.»;
      24-тармақ алып тасталсын;
      25-тармақта:
      3) тармақшада «он» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тағайындалған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін мәлімет үшін жеткізеді;»;
      5) тармақшада:
      «жиырма» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «ұйым белгілеген» деген сөздер «ұйыммен келісілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) банк лицензиясынан айырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банктің активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерін Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5770 тіркелген) қаулысымен бекітілген Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесінде белгіленген тәртіпте бөлігімен не толық көлемде бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу туралы шешім қабылдайды.»;
      26-тармақта:
      4) тармақшада «он» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін мәлімет үшін жеткізеді;
      8) тағайындалған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тізілімін ұсынады;»;
      9) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Сақтандыру туралы Заңның54-1-бабында көзделген тәртіпте уәкілетті органмен келісілуі тиіс, сақтандыру портфелін табыстау туралы шешімді қабылдайды.»;
      27-тармақтың 17) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «зейнетақымен қамсыздандыру туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
      29-6-тармақта:
      үшінші бөлігінде «күннен» деген сөз «бір жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлігінде «күннен» деген сөз «бір жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      30-тармақтың бірінші бөлігі «үш» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
      32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түгендеу ұйымның басшысына уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімін табыс еткен күні басталады. Түгендеуді жүргізу мерзімі уәкілетті органның келісімімен жұмыстың сипаты және көлемі ескеріле отырып ұзартылуы мүмкін.».
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады