Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6587 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.06.2017 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.

Д. Көтербеков


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің м.а.
2010 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 432 бұйрығымен бекітілді

Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi;

      2) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға;

      3) шетелдiк тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпания;

      4) шетелдiк тасымалдаушыны тiркеу – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шетелдiк авиакомпаниялардың құқықтылықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми тануы;

      5) шетелдiк тасымалдаушыны тiркеу туралы куәлiк - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган шетельдік тасымалдаушыға беретiн құжат (бұдан әрi – Куәлiк).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.10.25 № 634 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       3. Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық авиация саласында өзінің қызметін өкілдіктер, филиалдар немесе бас агенттік арқылы жүзеге асыратын барлық шетелдік тасымалдаушылар тіркеуге жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.10.25 № 634 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу тізілімін жүргізеді.

2-тарау. Шетелдік тасымалдаушыларды тіркеуді жүргізу

      5. Өтiнiш берушi Куәлiктi алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) өтiнiш берушiнiң осы Тәртiпке 1-қосымша нысанына сәйкес Куәлiктi алуға жазбаша өтiнiшi;

      2) заңды тұлға жарғысының, өкілдікті, филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің немесе бас агентті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының көшірмесі;

      4) Қазақстан Республикасында шетелдiк тасымалдаушының тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың көшiрмелерi;

      5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың көшірмесі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.10.25 № 634 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       6. Шетелдік тасымалдаушыны тіркеу тәртібі мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу үшін ұсынған құжаттарды қарау;

      2) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы немесе шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      3) уәкілетті органның осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес Шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлікті немесе шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.10.25 № 634 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       7. Құжаттарды қарау (өтініштерді қабылдаған сәттен) және Куәлікті беру, шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден және Куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдау отыз күнтізбелік күнінен аспайды.

      8. Шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүргізіледі, егер:

      1) ұсынылған құжаттар осы Тәртіптегі ережелердің талаптарына сәйкес келмесе;

      2) шетелдік тасымалдаушы қызметті құрылтай құжаттарға сәйкес жүзеге асырмаса;

      3) ұсынылған құжаттарда дәйектемесіз немесе толық емес мәліметтер берілсе.

      9. Куәлік екі жылға беріледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Куәлік жоғалған, бүлінген, ұрланған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік тасымалдаушының жазбаша өтініші бойынша 10 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде тіркеу туралы Куәліктің телнұсқасын береді.

      11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Куәліктердің бланкілерін дайындайды.

      12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы шешімі сот тәртібімен шағымдауға жатады.

  Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға
қойылатын талаптар тәртібіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011.10.25 № 634 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       Нысан

      Өтініш

      Сізден_____________________________________________________________________________________________________________________________ туралы

      (авиакомпанияның атауы)

      куәлік беруіңізді сұраймыз.

      Авиакомпания туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Құрылған жылы

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік

      _________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (нөмірі, кім және қашан берілген)

      4. Банк реквизиттері_________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (№ есеп/шоты, қор/шоты, банктің атауы және орналасқан жері)

      5. Заңды мекен-жайы және басқа реквизиттері__________________________

      _____________________________________________________________________

      (почталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп,

      телеграфтық ж/е

      _____________________________________________________________________

      телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)

      6.___________________________________________________________________

      (кәсіпорынның бірінші басшысының Т.А.Ә)

      7. Қоса берілген құжаттар____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Авиакомпания басшысы:

      _________________________ _____________________

       (Т.А.Ә) (қолы, күні)

      Өтініш қарау үшін қабылданды 20 __ жылғы ____________

  Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға
қойылатын талаптар тәртібіне 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Министерство транспорта

Көлік және коммуникация министрлігі и коммуникаций Республики

Казахстан

Азаматтық авиация комитеті Комитет гражданской авиации

Елтаңба

Шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы

КУӘЛІК

СВИДЕТЕЛЬСТВО

о регистрации иностранного перевозчика

№ ______

1. _______________________________________________________________

авиакомпанияның атауы/ наименование авиакомпании/

__________________________________________________________________

2.________________________________________________________________

заңды мекен-жайы/юридический адрес

3.________________________________________________________________

шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі /страна местонахождения иностранного перевозчика

4. Куәлік берілді

Свидетельство выдано "__"__________20___

Куәлік____жылға дейін жарамды

Срок действия свидетельства____года

____________________________________________________

басшы немесе ол уәкілеттік берген тұлға, колы, Т.А.Ә/

руководитель или лицо им уполномоченное, подпись, Ф.И.О./

МО

МП


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады