Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 5) тармақшасына, 21-бабының 7-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
2. «Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 334 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 11 қарашада № 145-146 (770) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекетті к санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2010 жылғы 6 қазандағы
№ 795 бұйрығымен бекітілген
«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
1. Қолданылу саласы
1. Осы санитариялық ереже қызметі адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын өндірістік объектілерді (бұдан әрі - объект) жобалауға, салуға, реконстукциялауға және пайдалануға байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері өнеркәсіптік алаңы сыртында пайда болатын ластану деңгейі рұқсат етілетін шекті шоғырланудан (бұдан әрі - РШШ) және/немесе рұқсат етілетін шекті деңгейден (бұдан әрі - РШД) 1,0 астам болатын объектілер болып табылады.
2. Қызметі атом энергиясын пайдаланумен байланысты объектілерге осы талаптар қолданылмайды.
3. Санитариялық ереже санитариялық-қорғаныш аймағының (бұдан әрі СҚА), санитариялық ажырау және қашықтықтардың өлшеміне қойылатын талаптарды, осы өлшемдерді қайта қарауға арналған негіздемелерді, жекелеген объектілер үшін оларды белгілеу әдістері мен тәртібін, СҚА аумағын пайдалануға шектеулерді, оларды ұйымдастыруға және абаттандыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қауіпті коммуникациялардың (автомобиль, темір жол, авиациялық базалар, магистральдық, құбырлар) санитариялық ажырауларына қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) СҚА-ның шекарасы - әсер ету факторлары белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын СҚА-ның сыртындағы аумағын шектейтін шартты сызық;
2) ластану аймағы - атмосфераның жер бетіндегі қабаты шегінде ластану көзінің айналасындағы аумақ рұқсат етілетін шоғырланудан асатын зиянды заттармен ластануы мүмкін;
3) объектінің қауіптілік сыныбы - адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына қолайсыз әсер ететін иондалмайтын сәуленің, пайда болатын шудың, дірілдің, қоршаған ортаға бөлінетін ластаушы заттардың қуаттылығына,
4) қолайлы тәуекел - қолайсыз әсерді төмендету бойынша қосымша шараларды қабылдауды қажет етпейтін және халықтың күнделікті өмірі мен қызметіндегі тәуекелдерге қатысты тәуелсіз, елеусіз ретінде бағаланатын қолайсыз әсерді дамыту тәуекелінің деңгейі;
5) өндірістік объект - адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмыс орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі.
6) өндірістік алаң - адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер етуі мүмкін өнім шығару, жұмыс орындау және қызмет көрсету бойынша өндірісті орналастыруға арналған объекті аумағының бір бөлігі.
7) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында бөліп тұратын аумақ.
8) санитарлық ажырау - зиянды әсер ету көзінен бастап тұрғын құрылыстың, ландшафты-рекреациялық аймақтың, демалыс аймағының, курорттың шекарасына дейінгі ең аз қашықтық.
2. Жалпы ережелер
5. СҚА халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) гигиеналық нормативтерде белгіленген мәнге дейін, ал қауіптіліктің I және II класындағы кәсіпорындар үшін - гигиеналық нормативтерде белгіленген мәнге дейін, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекелдің шамасына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. Функциялық мақсаты бойынша СҚА объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.
Объектінің құрылысы мен реконстукциясы жобасының құрамында адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын технологиялық процесстері бар объектілер үшін объекті қызметінің толық жобалық қуатына айқындалатын СҚА көлемі негізделеді. АҚА-ның жобасын қызметтің осы түріне құқығы бар мамандандырылған ұйым әзірлейді.
6. Объектілердің СҚА-ы жүйелі әзірленеді: атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, электромагниттік өріс, иондамайтын сәулелену) және атмосфералық ауаның ластанып таралуын есептеулері бар жобаның негізінде орындалған; есептеу параметрлерін растау үшін табиғи зерттеулер мен өлшеулердің жылдық циклының нәтижелері (толық қуатқа объектіні іске қосқаннан кейін) негізінде - адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсердің қолайлы тәуекелі (бұдан әрі - тәуекел) бағаланған және (соңғы) белгіленген (алдын ала) есептеу;
әсердің қолайлы тәуекелі (бұдан әрі - тәуекел) бағаланған және (соңғы) белгіленген (алдын ала) есептеу;
7. СҚА көлемін айқындауға арналған критерий оның сыртқы шекараларында және оның сыртында елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін ластану заттарының РШШ-ға және/немесе атмосфералық ауаға физикалық әсердің РШД-ге сәйкестігі болып табылады.
8. Жалпы өндірістік алаңда орналасқан объектілердің топтары үшін бірыңғай аймаққа кіретін объектілердің барлық көздерінің физикалық әсерінің және тәуекелдерінің және атмосфералық ауаға жиынтық шығарындыларды ескере отырып, бірыңғай есептелген және соңғы белгіленген СҚА белгіленуі тиіс.
9. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді тұрғын үй құрылысы аумағынан, ландшафтылы-рекреациялы аймақтан, демалыс аймағынан, курорт, санаторий, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық ұйымдарының аумақтарынан, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысы аумақтарынан, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінен СҚА-мен бөлу қажет.
Адам тұрмайтын жерлерде қайта құрылатын өндірістерді орналастыру кезінде СҚА нормативтік (есептелген) шекарасы жоғарыда санамаланған объектілерді орналастыруға арналған шектеуді (тыйым салу) айқындайды.
10. Автомобиль магистральдары, темір жол көлігі желілері, метрополитен үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында химиялық, биологиялық және/немесе физикалық әсер ету көздерінен, осы әсерлерді гигиеналық нормативтер мәндеріне дейін азайтатын қашықтық (бұдан әрі - санитариялық ажырау) белгіленеді. Санитариялық ажыраудың СҚА режимі болады, бірақ оны ұйымдастыру жобасын әзірлеу қажет етілмейді. Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда, кейіннен табиғи өлшеулер жүргізу арқылы физикалық факторлардың (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) әсерлерін есептеу негізінде белгіленеді.
11. Жеңіл автомобиль тұрақтары, кәріз тазарту құрылыстары, көмірсутек шикізатының магистральды құбырлары, компрессорлы және мұнай айдайтын станциялар үшін санитариялық ажырау құрылады. Санитариялық ажырау аймақтарының ең аз көлемі осы санитариялық ережеге 1-7-қосымшаларда келтірілген.
12. Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажырау осы ережеге 8-қосымшада келтірілген.
13. Елді мекеннен авиациялық әдіспен пестицидтермен (улы химикаттармен) өңделетін ауыл шаруашылығы алқабына дейінгі санитариялық ажыраудың көлемі кемінде 2000 метр (бұдан әрі - м) құрауы тиіс.
14. Әуежайлар, аэродромдар үшін СҚА көлемі атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) және атмосфералық ауаның ластанып таралуын есептеулер негізінде, сондай-ақ табиғи зерттеулер
15. Қауіптіліктің I және II класындағы кәсіпорындар үшін СҚА көлемін осы санитариялық ереженің 35-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өзгерте алады.
16. Қауіптіліктің III, IV және V класындағы кәсіпорындар үшін СҚА көлемін осы санитариялық ереженің 36-тармағына сәйкес облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері өзгерте алады.
17. СҚА аумағындағы және оның шекарасындағы атмосфералық ауаны зертханалық зерттеуді және атмосфералық ауаға физикалық әсерді өлшеуді Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоршаған орта саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген өндірістік немесе тәуелсіз зертханалары және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүзеге асырады
3. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалау
18. СҚА-ны жобалау объектілердің жекелеген және/немесе тобы құрылысының және реконстукциясының жобасын әзірлеу, пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
СҚА-ның көлемі мен шекаралары желдің бағытын есепке ала отырып, СҚА жобасында айқындалады.
Санитариялық-қорғаныш аймағының көлемдерін негіздеу осы ережеде жазылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
19. Жаңа объектілер салу,жұмыс істеп тұрған объектілерді реконстукциялауға немесе техникалық қайта жарақтандыруға СҚА жобасында ластанудың атмосфералық ауаға әсерін гигиеналық нормативтерде белгіленген мәнге дейін азайту мүмкін болмаған жағдайда, тұрғындарды көшіруді коса алғанда СҚА-ны ұйымдастыруға және абаттандыруға арналған іс-шаралар мен құралдар көзделген болуы тиіс.
20. СҚА шекаралары шаруашылық қызметті жүргізуге арналған және белгіленген тәртіппен рәсімделген өндірістік объектіге жататын химиялық, биологиялық және/немесе физикалық әсер ету көздерінен бастап белгіленеді.
21. Фон көрсеткіштерінің жоғарылауы гигиеналық нормативтерден артық аумақта адамның денсаулығына әсер ету және өмір сүру ортасын ластау көздері болып табылатын объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Адамның өмір сүру ортасын ластау көздері болып табылатын жұмыс істеп тұрған объектілер үшін өмір сүру ортасына әсер етудің барлық түрлерін химиялық және физикалық әсер кезінде РШШ-ға дейін және фонды есепке ала отырып, физикалық факторлардың әсер етуі кезінде рұқсат етілетін шекті деңгейге дейін азайтқан жағдайда өндірістерді реконстукциялау немесе қайта бейіндеу жүргізуге рұқсат етіледі.
22. Есептелген СҚА және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық және физикалық әсерді табиғи зерттеулер мен өлшеулер, тәуекелді бағалау (қауіптіліктің І-II класындағы кәсіпорындар үшін) негізінде алынған көлем сәйкес келмеген жағдайда, СҚА көлемі бойынша шешім халықтың денсаулығы үшін неғұрлым үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нұсқа бойынша қабылданады.
23. Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін кәсіпорындардың қауіптілік класстарына байланысты СҚА-ның мынадай көлемі белгіленеді:
1) СҚА-ы 1000 м және одан астам болатын қауіптіліктің I класындағы объектілер;
2) СҚА-ы 500 м-ден 999 м-ге дейін болатын қауіптіліктің II класындағы объектілер;
3) СҚА-ы 300 м-ден 499 м-ге дейін болатын қауіптіліктің III класындағы объектілер;
4) СҚА-ы 100 м-ден 299 м-ге дейін болатын қауіптіліктің IV класындағы объектілер;
5) СҚА-ы 50 м-ден 99 м-ге дейін болатын қауіптіліктің V класындағы объектілер.
24. Өндірістің көлемін уақытша қысқарту максималды жобалық немесе объектінің нақты қол жеткізілген қуаты үшін қабылданған СҚА көлемін қайта қарауға негіз болып табылмайды.
25. Графикалық материалдарда (қаланың бас жоспары, аумақтық жоспарлау схемасы, топографиялық карта, ситуациялық схема) өнеркәсіп алаңның сыртындағы СҚА шекарасы арнайы ақпараттық белгілермен белгіленеді.
26. СҚА көлемін негіздеу кезінде:
1) объектінің толық жобалық қуатына арналған СҚА көлемі мен шекаралары;
2) халықты зиянды химиялық қоспалар шығарындыларының атмосфералық ауаға әсерінен және физикалық әсерден қорғау жөніндегі іс-шаралар;
3) СҚА аумағын функциялық аймақтау және әртүрлі пайдалану режимі белгіленді.
27. Жобалық құжаттама жобалық шешімдердің санитариялық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін көлемде ұсынылуы тиіс.
28. Жобаланатын, реконстукцияланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА көлемдері қауіптіліктің I және II класындағы объектілер үшін денсаулыққа тәуекелді бағалай отырып, бекітілген әдістемелер бойынша атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) және атмосфералық ауаның ластанып таралуын есептеулер және адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету тәуекелін бағалау негізінде белгіленеді.
29. Объектілер топтары үшін СҚА көлемі өнеркәсіптік аймаққа, өнеркәсіп желісіне (кешен) кіретін объектілер көздерінің физикалық әсерін және жиынтық шығарындыларды және адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету тәуекелін бағалауды есепке ала отырып белгіленеді. Олар үшін бірыңғай есептелген СҚА белгіленеді және есептеу параметрлерін табиғи зерттеулер, халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау деректерімен растаудан кейін соңғы СҚА көлемі белгіленеді. Халықтың денсаулығы үшін тәуекелді бағалау құрамына қауіптіліктің I және II класындағы объектілер кіретін, объектілер топтары үшін жүргізіледі.
30. Объектілерді реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру есептеу шекаралары бар СҚА жобасының құрамында орындалған атмосфералық ауаның күтілетін ластануын, атмосфералық ауаға физикалық әсерді есептеулер бар жоба болған кезде жүргізіледі. Объектіні реконстукциялау және пайдалануға беру аяқталғаннан кейін есептеу параметрлері асмосфералық ауаны табиғи зерттеулер және атмосфералық ауаға физикалық факторлардың әсерлерін өлшеулер нәтижелерінде расталуы тиіс.
31. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік жобалаудың міндетті шарты зиянды химиялық немесе биологиялық компонеттердің шығарындылардың атмосфералық ауаға, топыраққа және су қоймаларына түсуін болдырмауға немесе барынша азайтуға, физикалық факторлардың әсерлерін болдырмауға және оларды гигиеналық нормативтерге дейін және одан да төмен азайтуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы ресурсты сақтау, қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық шешімдерді енгізу болып табылады.
32. Құрылыс және реконстукция жобаларында әзірленетін технологиялық және техникалық шешімдер жаңа технологиялар тәжірибелік-экспериментальдық өндірістердің деректері, осыған ұқсас өндірісті құру бойынша шетел тәжірибесінің материалдары негізінде өндірісті жоспарлау кезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелеріне негізделуі тиіс.
4. Санитариялық-қорғаныш аймағының көлемдерін белгілеу
33. Объектілер үшін СҚА көлемдерін белгілеу атмосфералық ауаны табиғи зерттеулер және өлшеулер нәтижелерін, жобаның құрамында ұсынылған бақылау бағдарламасына сәйкес орындалған атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін есепке ала отырып, атмосфералық ауаға физикалық әсерді және атмосфералық ауаның ластану есептеулері бар СҚА негіздеу жобалары бар болғанда жүргізіледі.
34. Жұмыс істеп тұрған, реконстукцияланатын объектілердің СҚА көлемін өзгерту (азайту, көбейту) қажетті өзгертулерді негіздейтін жобаны әзірлеумен қоса жүруі тиіс.
Қауіптіліктің I және II класындағы объектілері үшін есептелген СҚА жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.
Қауіптіліктің III, IV және V класындағы кәсіпорындары үшін есептелген СҚА жобасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.
35. Қауіптіліктің I және II класындағы объектілері үшін белгіленген СҚА көлемдерін өзгертуді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің алдын ала қорытындылары;
2) қолданыстағы санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтер;
3) аккредиттелген ұйымдар орындаған атмосфералық ауаның ластанып таралу және атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, йондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасын сараптау нәтижелері;
4) халықтың денсаулығына тәуекелді бағалау;
5) атмосфералық ауаның ластануын (жекелеген нүктеде әрбір ингредиентке кемінде елу зерттеу), атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін жүйелі (жылдық) табиғи зерттеулер мен өлшеулер негізінде жүзеге асырылады.
36. Қауіптіліктің III, IV және V класындағы өнеркәсіптік объектілер мен өндірістер үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарының белгіленген көлемдері облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары негізінде:
1) қолданыстағы санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтер;
2) аккредиттелген ұйымдар орындаған атмосфералық ауаның ластанып таралу және атмосфералық ауаға физикалық әсерді (шу, діріл, йондамайтын сәулелену) есептеулері бар СҚА жобасын сараптау нәтижелері;
3) атмосфералық ауаның ластануын (жекелеген нүктеде әрбір ингредиентке кемінде отыз зерттеу), атмосфералық ауаға физикалық әсердің деңгейлерін табиғи зерттеулер мен өлшеулер негізінде жүзеге асырылады.
37. Қолданыстағы объектілер үшін СҚА көлемі:
1) қауіптіліктің I және II класындағы кәсіпорындар үшін жүйелі (кемінде үш жыл) зертханалық бақылаулар (жекелеген нүктеде әрбір ингредиентке кемінде елу зерттеу), физикалық факторларды өлшеулер және адамның денсаулығы үшін тәуекелді бағалау материалдары бойынша; қауіптіліктің III, IV және V класындағы өнеркәсіптік объектілер мен өндірістер үшін атмосфералық ауаның ластану жағдайының басым көрсеткіштерін табиғи зерттеулер (жекелеген нүктеде әрбір ингредиентке кемінде отыз зерттеу) және физикалық факторларды өлшеу деректері бойынша атмосфералық ауаны химиялық, биологиялық ластау деңгейіне және СҚА шекарасында және оның сыртында атмосфералық ауаға физикалық әсерлерді РШШ-ға және РШД-ге дейін жеткізуді объективті дәлелдеген кезде;
2) объектілердің одан арғы қызметіне қуатын азайтқанда, құрамын өзгерткен және қайта бейіндеген кезде;
3) алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді, өмір сүру ортасына әсердің деңгейлерін азайтуға бағытталған тиімді тазарту құрылыстарын енгізген кезде азайтылады.
38. Жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА көлемі техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету мүмкін болмағанда қабылданған нормативтік деңгейлермен салыстырғанда және/немесе кез келген әсер ету факторы бойынша табиғи зерттеулер мен өлшеулер нәтижелері бойынша ұлғайтылады.
39. СҚА көлемдерін ұлғайту туралы шешімді облыстардың, Астана мен. Алматы қалаларының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері СҚА көлемдерін азайту рәсіміне ұқсас қабылдайды.
40. СҚА шекараларын белгілеу және өзгерту бойынша жобаларды бекіту кезінде объектілердің СҚА шекараларына іргелес жатқан елді мекендердің тұрғындары пікірлерін есепке алу нәтижелері есепке алынуы тиіс.
5. Санитариялық-қорғаныш аймағы аумағының режимі
41. СҚА шекараларында:
1) жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда тұрғын үй құрылыстарын;
2) ланшафтылы-рекреациялы аймақтарды, демалыс аймақтарын, курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;
3) бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;
4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын орналастыруға жол берілмейді.
42. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумақтарында:
1) дәрілік заттарды, дәрілік құралдарды және/немесе дәрілік нысандарды шығару бойынша объектілерді, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын;
2) тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме қоймаларын;
3) ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастыруға жол берілмейді.
43. Өндірістік объектінің СҚА шекараларында көрсетілген объектінің жұмыскерлеріне қызмет көрсетуге арналған және объектінің қызметін қамтамасыз етуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды:
1) кезекші апаттық персонал үшін тұрғын үй емес үй-жайларды, вахталық әдіс бойынша (екі аптадан артық емес) жұмыс істейтін адамдар болатын үй-жайларды;
2) өрт сөндіру депосын, моншаны, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюроны, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, жабық типтегі спорт-сауықтыру құрылыстарын;
3) жергілікті және транзитті коммуникацияны, электр беру желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арналған суды салқындататын құрылыстарды, кәріздік сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстарын орналастыруға жол беріледі.
Өндірістік объектінің СҚА-ның шекараларында сондай-ақ азық-түлік тағамын өндіру үшін пайдаланылмайтын техникалық өсінділерді өсіруге арналған ауыл шаруашылық пайдалану жерін орналастыруға жол беріледі.
44. Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына өзара жағымсыз әсер болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі.
45. Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистральді оның көлеміне жатпайды, ал автомобиль магистральінің шығарындылары санитариялық-қорғаныш аймағының көлемін негіздеу кезінде фондық ластауда есепке алынады.
46. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын үй аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралмайды.
СҚА бір бөлігі жұмыс істеп тұрған СҚА сыртқы шекарасында РШШ және/немесе РШД сақтау негіздемесінің жобасы болған жағдайда өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралмайды.
6. Санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу кезінде халыққа әсер ететін физикалық факторларды есепке алу
47. Халыққа физикалық әсер ету факторларының көздері болып табылатын өндірістік объектілерге арналған СҚА көлемдері көздердің орналасқан орындарын және олардан туындайтын шуды, дірілді, иондамайтын сәулелену сипатын есепке ала отырып, акустикалық есептеулер негізінде белгіленеді. СҚА көлемдерін белгілеу үшін есептеу параметрлері жобалық қуатқа шыққаннан кейін бір жыл бойы объектіні пайдалану процесінде атмосфералық ауаға физикалық әсер ету факторларын табиғи өлшеулермен расталуы тиіс.
48. СҚА көлемдері СҚА-ның сыртқы шекарасындағы шудың, дірілдің, иондамайтын сәулеленудің рұқсат етілетін деңгейлерінің қолданыстағы гигиеналық нормативтеріне сәйкес айқындалады.
49. Халықты әуелік электр беру желілері (бұдан әрі - ӘЖ) туындайтын электр өрісінің әсерінен қорғау мақсатында жоғары вольтты желі трассасының бойында санитариялық ажырау белгіленеді, оның сыртындағы электр өрісінің кернеулігі 1 метрге 1 килоВольттан (бұдан әрі - кВ) аспайды.
Қайта жобаланатын ӘЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар үшін санитариялық ажырау шекараларын ӘЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан мынадай қашықтықтарда қабылдауға жол беріледі:
кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан мынадай қашықтықтарда қабылдауға жол беріледі:
кернеулігі 220 кВ ӘЖ үшін - 20 м;
кернеулігі 500 кВ ӘЖ үшін - 30 м.
Объектіні пайдалануға беру кезінде және пайдалану процесінде санитариялық ажырау физикалық факторларды аспаптық өлшеу нәтижелері бойынша түзетілуі тиіс.
50. Таратушы радиотехникалық объектілер орналасқан жерлерде СҚА көлемін белгілеу радио жиілікті ауқымның электромагнитті сәулеленуі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін санитарлық ережеге сәйкес жүргізіледі.
Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне
1-қосымша
Жеңіл автомобильге арналған тұрақтардан құрылыс объектілеріне дейінгі ең аз санитариялық ажырау
Оған дейін ажырау айқындалатын объектілер |
Қашықтық, метрге шаққанда |
||||
Сыйымдылығы мынадай машина-орын болатын ашық автотұрақтар мен жерүсті жабық типтегі автотұрақтар |
|||||
10 және одан кем |
11-50 |
51-100 |
101-300 |
300 ден артық |
|
Тұрғын үйлер |
10 |
15 |
25 |
35 |
50 |
Тұрғын үйлердің бүйір жақтары (терезесіз) |
10 |
10 |
15 |
25 |
35 |
Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының, жалпы білім беру мекемелерінің, орта және жоғары оқу орындарының, демалуға және ойнауға арналған балалар алаңдарының аумақтары |
25 |
50 |
50 |
50 |
50 |
Стационарлық типтегі емдеу ұйымдарының, жаппай қолданылатын ашық спорт құрылыстарының, халықтың демалатын орындарының (баулар, гүлбақтары, саябақтар) аумақтары |
25 |
50 |
есептеулер бойынша |
есептеулер бойынша |
есептеулер бойынша |
1. Жерүсті жабық типтегі автотұрақтардан, ашық типтегі автотұрақтардан ажырау ластанудың атмосфералық ауада таралуын және физикалық әсердің деңгейлерін есептеу негізінде қабылданады.
2. Жерүсті жабық типтегі автотұрақтарды, ашық типтегі автотұрақтарды орналастыру кезінде үй жанындағы аумақты ауданы және атаулары бойынша қажетті абаттандыру элементтерімен қамтамасыз етудің нормативтік талаптары сақталуы тиіс.
3. Сыйымдылығы 500 машина-орыннан астам болатын жерүсті жабық типтегі автотұрақтарды, ашық типтегі автотұрақтарды өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық аймақтардың аумақтарында орналастыру керек.
4. Автомобильдерге арналған жерасты, жартылай жерасты және құм үйінділерімен қоршалған тұрақтар үшін кіру-шығу орнынан және желдеткіш шахталарынан балалар, жасөспірімдер және емдеу-профилактикалық ұйымдардың, тұрғын үйлердің, демалыс алаңдарының аумағына дейін кемінде 15 метрді құрауы тиіс қашықтық регламенттеледі.
Автомобильдерге арналған жерасты, жартылай жерасты және құм үйінділерімен қоршалған тұрақтарды тұрғын үйде орналастырған жағдайда, кіру-шығу орнынан тұрғын үйге дейінгі қашықтық регламенттелмейді. Ажырау жеткіліктілігі атмосфералық ауаның ластануын есептеумен және акустикалық есептеулермен негізделеді.
5. Жерүсті жабық типтегі автотұрақтар, ашық типтегі автотұрақтар автокөліктерінің өту жолынан нормаланған объектілерге дейінгі ажырау кемінде 7 м болуы тиіс.
6. Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың жанынан орналасқан автомобильдерге арналған жерасты тұрақтарының желдеткіш шығарындылары ғимараттың барынша биік бөлігінің шатырынан 1,5 метрге жоғары ұйымдастырылуы тиіс.
7. Автомобильдерге арналған жерасты тұрағының пайдаланылатын шатырында желдеткіш шахталарынан, кіру-шығу орындарынан, өту жолдарынан 15 м қашықтықта, пайдаланылатын төбе көгалдандырылған және атмосфераға шығатын жерде ШРЕШ қамтамасыз етілген кезде демалыс алаңдарын, балалар, спорт және ойын құрылыстарын орналастыруға жол беріледі.
8. Автомобильдерге арналған жерүсті тұрағы аумағының көлемдері іргелес аумақты автотұрақ ретінде пайдалануды болдырмау үшін құрылыс көлеміне сәйкес болуы тиіс.
9. Автомобильдерге арналған жерүсті тұрақтарынан ажырауға шек қойылмайды.
10. Автомобильдерге арналған жерүсті тұрақтарына жатқызылған талаптар автомобильдерге арналған құм үйінділерімен қоршалған тұрақтарды орналастыруға қолданылады.
11. Тұрғын үйлердің қонақтарға арналған автотұрақтары үшін ажырау белгіленбейді.
12. Кестеде келтірілген ажыраулар интерполяцияны есепке ала отырып қабылдануы мүмкін.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне
2-қосымша
Кәріз тазалау құрылыстарынан ең аз санитариялық ажыраулар
Ағынды суларды тазартуға арналған құрылыстар |
Тазарту құрылыстарының есептелген өнімділігі тәулігіне мың шаршы метр (бұдан әрі -м3) кезінде метрге шаққандағы қашықтығы |
|||
0,2-ге дейін |
0,2-ден 5,0-ге дейін |
5,0-ден 50,0-ге дейін |
50,0-ден 280-ге дейін |
|
Сорғы станциялары және апаттық-реттеуіш резервуарлар, локальды тазарту құрылыстары |
15 |
20 |
20 |
30 |
Ашытылған тұнбалар үшін тұнба алаңы бар механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар, сондай-ақ тұнба алаңдары |
150 |
200 |
400 |
500 |
Жабық үй-жайларда тұнбаны термомеханикалық өңдеу арқылы механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар |
100 |
150 |
300 |
400 |
Алқап: |
200 |
300 |
500 |
1000 |
Биологиялық тоғандар |
200 |
200 |
300 |
300 |
1. Өнімділігі тәулігіне 280 000 мың м3 астам кәріз тазарту құрылыстары үшін, сондай-ақ ағынды суларды тазарту және тұнбаны өңдеудің жаңа технологияларын қабылдау кезінде санитариялық-қорғаныш аймағы жеке белгіленеді.
2. Көлемі 0,5 гектарға (бұдан әрі - га) дейінгі сүзгілеу алқабы үшін, көлемі 1 га-ға дейінгі коммуналдық типтегі шаю алқабы үшін, өнімділігі тәулігіне 50 м3-ге дейінгі ағынды суларды механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары үшін санитариялық ажырауды 100 м көлемде қабылдау керек.
3. Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 15 м3-ге дейінгі жерасты сүзгілеу алқабы үшін санитариялық ажырауды 50 м көлемде қабылдау керек.
4. Құю станцияларынан СҚА көлемін 300 м санитариялық ажырау көлемінде қабылдау керек.
5. Ашық типтегі жер беті ағынын тазарту құрылыстары үшін санитариялық ажырау 100 м деп, жабық типтегі үшін - 50 м деп қабылдау керек.
6. Өндірістік ағынды суларды өздігінен тазарту және айдау кезінде де және оларды тұрмыстық ағынды сулармен бірге тазарту кезінде де өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағында орналаспаған өндірістік кәріздің тазарту құрылыстарынан және сорғы станцияларынан санитариялық ажырауды ағынды сулар келіп түсетін өндірістер үшін де осылай, бірақ кестеде көрсетілгеннен асырмай қабылдау керек.
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне
3-қосымша
Жерүсті магистралды газ құбырлары үшін ең аз санитариялық ажырау
Құрылыс салу элементтері, су қоймалары |
Құбыр диаметрі мынадай миллиметр болатын 1 және 2-класстағы құбырлар үшін метрге шаққандағы ажырау |
|||||||
1- класс |
2-класс |
|||||||
300-ге дейін |
300-600 |
600-800 |
800-1000 |
1000-1200 |
1200-ден астам |
300-ге дейін |
300-ден астам |
|
1 |
2 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Қалалар және басқа елді мекендер; |
100 |
150 |
200 |
250 |
300 |
350 |
75 |
125 |
Жекелеген аз қабатты ғимараттар; ауылшаруашылығы алқабы мен мал жайылымы, егіс қосы |
75 |
125 |
150 |
200 |
250 |
300 |
75 |
100 |
Магистралды және суландыратын каналдар, өзендер мен су қоймалары; |
25 |
25 |
25 |
25 |
25 |
25 |
25 |
25 |
«Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне
4-қосымша
Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған Құбырлардан ең аз санитариялық ажырау
Құрылыс салу элементтері |
Құбыр диаметрі мынадай миллиметр кезінде метрге шаққандағы қашықтық |
|||
150-ге дейін |
150-300 |
300-500 |
500-1000 |
|
Қалалар мен басқа да елді мекендер |
150 |
250 |
500 |
1000 |
Саяжай кенттері, ауылшаруашылығына пайдаланылатын жер |
100 |
175 |
350 |
800 |
Ескертпе: Тұрғын үй құрылысы арқылы газ құбырларының өтуіне жол берілмейді. |
Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне
5-қосымша
Мұнайды тасымалдау үшін магистральдық құбырлардан Ең аз санитариялық ажырау
Құрылыс салу элементтері |
Құбыр диаметрі мынадай миллиметр кезінде метрге шаққандағы қашықтық |
|||
300-ге дейін |
300-600 |
600-1000 |
1000-1400 |
|
Қалалар мен елді мекендер |
75 |
100 |
150 |
200 |
Жекелеген аз қабатты тұрғын үйлер |
50 |
50 |
75 |
100 |
Гидротехникалық құрылыстар |
300 |
300 |
300 |
300 |
Су жинайтын орын |
3000 |
3000 |
3000 |
3000 |
Ескертпе: Жоғары коррозиялық қасиеттері бар мұнайды тасымалдайтын магистральдық мұнай құбырларынан, уыттылығы жоғары, тітіркендіргіш газдар мен сұйықтықтар тасымалдайтын өнім құбырларынан санитариялық ажырау көлемдері кемінде 3 есеге міндетті түрде ұлғайтылған жағдайда, әрбір нақты жағдайға есептеу негізінде айқындалады. |
Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялык ережесіне
6-қосымша
Компрессорлық станциялардан ең аз ажырау
Құрылыс салу элементтері, су қоймалары |
Құбыр диаметрі мынадай миллиметр болатын 1 және 2-класстағы құбырлар үшін метрге шаққандағы ажырау |
|||||||
1-класс |
2-класс |
|||||||
300-ге дейін |
300-600 |
600-800 |
800-1000 |
1000-1200 |
1200-ден жоғары |
300-ге дейін |
300-ден жоғары |
|
Қалалар мен елді мекендер |
500 |
500 |
700 |
700 |
700 |
700 |
500 |
500 |
Су құбыры құрылыстары |
250 |
300 |
350 |
400 |
450 |
500 |
250 |
300 |
Аз қабатты тұрғын үйлер |
100 |
150 |
200 |
250 |
300 |
350 |
75 |
150 |
Ескертпе: |
Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне
7-қосымша
Мұнай айдайтын станциялардан ең аз санитариялық ажырау
Құрылыс салу элементтері |
Мұнай айдайтын станциялардың санаттары бойынша метрге шаққандағы ажырау |
||
III |
II |
I |
|
Қалалар мен елді мекендер |
100 |
150 |
200 |
Су құбыры құрылыстары |
100 |
150 |
200 |
Жекелеген аз қабатты ғимараттар |
50 |
75 |
100 |
Ескертпе: мұнай қоймасына арналған санитариялық ажырау шамасы әрбір нақты жағдайда есептеулер және іргелес жатқан аумақтардың атмосфералық ауасының көмірсутектермен ластануының нақты сипаттамасы негізінде нақтылады. |
Өндірістік объектілердің
санитариялық-қорғаныш аймағын
белгілеу бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесіне
8-қосымша
Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажырау
Құрылыс салу элементтері |
Мыналардан метрге шаққандағы қашықтық |
||
Мал сою пункттерінен |
Қуатына қарамастан мал сою алаңдарынан |
||
қуаты тәулігіне 30 тоннаға дейінгі ет беретін |
қуаты тәулігіне 30 тоннадан астам ет беретін |
||
Тұрғын үй және қоғамдық мекемелері |
300 |
500 |
200 |
Ескертпе: Мал сою пункттері және мал сою алаңдары кезінде малды сою алдында тәуліктік қордан асырмай бағуға жол берілмеді. |