РҚАО-ның ескертуі!
Осы қаулы 2011.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі (4-т.).
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және төлемдер бойынша мәліметтерді беру тәртібін, нысандарын және мерзімдерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шілдедегі № 159 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 906 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 3 шілдедегі № 159 қаулысымен бекітілген Аударымдық төлем және ақша аудару тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 14 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1469 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 24 жарияланған);
3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Аударымдық төлем тәсілімен төлем айналымын бөлу жөнінде есеп жасау және есеп беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шілдедегі № 159 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 490 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1766 тіркелген).
4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он төрт күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігіне жіберсін.
6. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 78 қаулысына қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.