Спорт түрлерінен жарыстардың ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы N 01-01-07/146 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6617 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 25.12.2012 № 446 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі бекітілсін.
      2. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі Т. Ермегияевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   Қ. Өскенбаев

Қазақстан Республикасы  
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының   
2010 жылғы 18 қазандағы  
№ 01-01-07/146 бұйрығымен
бекітілген         

Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт түрлерінен жарыстардың ережесі (бұдан әрі – Спорт түрлерінің ережесі) Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлерінен жарыстардың ережелерін (бұдан әрі – жарыс ережелері) әзірлеу мен бекітудің тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.
      2. Спорт түрлерінің ережесінде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) спорттық жарыс дегеніміз - жарыстың ең үздік қатысушысын анықтау мақсатында әртүрлі спорт түрлерінен спортшылар немесе командалар арасында өткізілетін сайыс;
      2) спорттық пән дегеніміз - жарыстар өткізілетін қандай да бір спорт түрінің жеке жаттығуы немесе жекелеген жаттығулар кешені;
      3) спорт түрлерінің тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында дамыған спорт түрлері мен спорттық пәндер туралы қағазда немесе электронды тасымалдағышта бекітілген ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Тізілім).
      3. Жарыс ережелерін спорт түрлерінен республикалық қоғамдық бірлестіктер, одақтар, қауымдастықтар (бұдан әрі – спорттық ұйымдар) халықаралық спорттық ұйымдардың талабын ескере отырып әзірлейді және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітуге ұсынады.
      4. Жарыс ережелерінде мынадай бөлімдер болады:
      1) жалпы ережелер;
      2) спорттық жарыстың сыныптамасы;
      3) қатысушылардың жас тобы;
      4) қатысушылардың спорттық киіміне қойылатын талаптар;
      5) спорт ғимараты мен жабдықтарына қойылатын талаптар;
      6) қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      7) төрешілер алқасының құрамы;
      8) жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібі;
      9) жарыстан шеттету, наразылық, шағымдар;
      10) қатысуға өтінімнің нысаны;
      11) медициналық қамтамасыз ету;
      12) спорт түрінің ерекшелігін ескеретін өзге де шарттар.
      5. Жарыс ережелері зорлық пен қатыгездікті насихаттауға жол бермейтін спортшылардың мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.
      6. Жарыс ережелерін әзірлеу үшін спорт ұйымдары уәкілетті органның сарапшыларын, оқу орындарының, дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми орталықтардың, спорттық жұмыста тәжірибесі бар спорт мекемелерінің өкілдері мен мамандарын қатыстырады.
      7. Спорт түрлерінен федерациялар өздері әзірлеген және бекіткен жарыс ережелерін бекіту үшін электронды тасымалдағышта және қағаз түріндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада уәкілетті органға жібереді.
      8. Уәкілетті орган жарыс ережелерін келіп түскен күннен бастап, отыз жұмыс күні ішінде қарайды және бекітеді.
      9. Жарыстар уәкілетті орган таныған және Тізілімге енгізілген спорт түрлерінен өткізіледі.

2. Тізілімді қалыптастыру тәртібі

      10. Спорт түрін Тізілімге енгізудегі критерийі оны Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан көбінде дамыту болып табылады.
      11. Тізілім дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық есептілікті жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында дамытылатын спорт түрлері мен спорттық пәндерді жүйелендіру мақсатында спорт түрлерінен федерациялардың ұсынған мәліметтерінің негізінде жасалады.
      12. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының сауалдары, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша спорт түрін Қазақстан Республикасында тану және оны Тізілімге енгізу, сондай-ақ Тізілімге енгізілген спорт түрлерінің спорттық пәндерінің саны туралы мәліметтерді береді.
      13. Спорт түрі, спорттық пән дене шынықтыру мен спорттың мақсаттарына сай болады, адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
      14. Көрсетілген спорт түрін жүргізу жөніндегі ережеге, спорт түрінің ерекше белгілеріне, жаттығу ортасына, пайдаланатын спорттық мүкәммалдары (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) мен жабдықтарға, спорт жарыстарының тұрақты өткізілуіне жататын спорт түрінің ерекше белгілерінің болуы спорт түрін, спорттық пәнді тану үшін негіздеме болып табылады.
      15. Жаңадан өтініш берілетін спорт түрінің, спорттық пәннің атауы Қазақстан Республикасында бұрыннан танылған спорт түрлерінің,спорттық пәндердің атауынан өзгеше және осы спорт түрлері ережесінің талаптарына сай болуы қажет.
      16. Егер өтініш берілген спорт түрі, спорттық пәнде жарысушылық болмаса (адам қатыспаса, жарысушылық болмаса), онда спорт түрі, спорттық пән спорт түрі ретінде саналмайды.
      17. Егер танылған осы спорт түрінің ережесінің мазмұнынан, жаттығу ортасынан, пайдаланылатын мүкәммалдар мен жабдықтардан едәуір өзгешеліктері болмаса, өтініш берілген спорттық пәннің түрі танылған спорт түрінің спорттық пәні болып танылады.
      18. Өзге спорт түрінің құрамдас бөлігі болып табылатын танылған спорттық пәннің ережесінің мазмұнынан, жаттығу ортасынан, пайдаланылатын мүкәммалдар мен жабдықтардан едәуір өзгешеліктері жоқ өтініш берілген спорттық пән мойындалмайды.
      19. Уәкілетті орган мақсаты бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамыту болып табылатын федерациялардың өтініші негізінде спорт түрін тануды жүзеге асырады.
      Өтініш еркін түрде жазылады.
      20. Спорт түрін, спорттық пәнді тану туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) заңды тұлғаның және облыстар бойынша құрылған оның филиалдарының нотариалды расталған құрылтай көшірмелері;
      2) заңды тұлғаның өтініш бергенге дейін бір айдан кешіктірмей берген мемлекеттік тіркелімнен үзінді;
      3) спорт түрінің жарыс ережесінің жобасы;
      4) жарыс регламенті;
      5) Қазақстан Республикасында және дүние жүзінде өтініш берілген спорт түрінің, спорттық пәннің дамуы туралы қысқаша сипаттамасы бар анықтама, онда қашан және қай жерден бастау алды, халықаралық спорт федерациялары бар ма, өткізілген жарыстардың саны, дамытудың келешегі қамтылуы қажет;
      6) спорт түрі, спорттық пән ретінде тану туралы өтініш берілген сәтке дейін жыл ішінде өткізілген өтініші берілген спорт түрлері, спорттық пәндер бойынша жарыс хаттамаларының көшірмелері;
      7) өтініш берілген спорт түрін, спорттық пәнді оқытудың әдістемесі мен бағдарламасы;
      8) жарыс үдерісін көрсететін жарыс барысында түсірілген бейне (фото) материалдар;
      9) Ұлттық Олимпиада комитетінде немесе халықаралық спорттық бірлестікте (егер ол осы бірлестікке мүше болса) спорттық ұйымның мүшелігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
      10) спорт түрін дамытудың бағдарламасы.
      21. Спорт түрін, спорттық пәнді тану туралы өтініште аталған спорт түрінің, спорттық пәннің атауы, сол спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданатын спортшылардың жынысы және жас тобы көрсетілуі қажет.
      Өтініш келіп түскен күннен бастап, отыз күнтізбелік жұмыс күні ішінде қаралады.
      22. Мыналар спорт түрін, спорттық пәнді танудан бас тарту туралы шешім қабылдауға негіздеме болып табылады:
      1) өтініш иесінің құжаттарда расталмаған немесе өзгертілген ақпаратты ұсынуы;
      2) өтініш берілген спорт түрінің, спорттық пәннің осы жарыс ережелерінің талаптарына сай болмауы;
      3) өтініш берілген спорттық пәнде (спорттық пәндер үшін) жарыс нәтижелері бойынша медальдің сарапқа салынбауы.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тең жартысынан аз облыстарында дамыған спорт түрлерін, олардың даму ерекшеліктерін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінде уағыздалатын спорт түрлерін ескере отырып, спорт түрлерінің Тізіліміне енгізеді.
      23. Спорт түрін тану және оны Тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті орган құрамы үш адамнан кем болмайтын тұрақты әрекет ететін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
      Комиссия өтініш берушінің ұсынған құжаттарына талдау жүргізеді және оның нәтижелері бойынша тиісті спорт түрін, спорттық пәнді Қазақстан Республикасында тану немесе танудан бас тарту және оларды Тізілімге енгізу (енгізбеу) туралы шешім қабылдайды.
      Тиісті шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде өтінім берушіге жіберіледі.
      Спорт түрін, спорттық пәнді танудан бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін және сондай шешім шыққан соң оның себептері жойылса, өтініш иесі уәкілетті органға құжаттарды қайта қарау туралы өтініш беруі мүмкін.

3. Тізілімді жүргізу тәртібі

      24. Тізілім осы спорт түрлері ережесінің қосымшасына сәйкес нысанда қалыптасады және жүргізіледі.
      Тізілімнің нысаны мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) спорт түрінің атауы;
      2) спорт түрінің нөмір - коды;
      3) спорттық бағдарламаның атауы;
      4) спорттық бағдарламаның нөмір - коды.
      25. Нөмір - код 11 белгіден тұрады.
      Нөмір - кодтар тиісінше спорт түрін, спорт түрінің атауын, маусымдылығын, спорттық пәнді, өңірлерде тарауын, спортшылардың жынысы мен жасын айқындайды.
      26. Нөмір - кодтың бірінші саны спорт түрінің жеке нөмірі болып табылады:
      1 – олимпиадалық спорт түрлері;
      2 - олимпиадалық емес спорт түрлері;
      3 - ұлттық спорт түрлері;
      4 - техникалық спорт түрлері;
      5 - Арнайы олимпиялық спорт түрлері;
      6 - Паралимпиялық спорт түрлері;
      7 - Сурдлимпиялық спорт түрлері;
      8 - қызметтік - қолданбалы спорт түрлері;
      9 - әскери-қолданбалы спорт түрлері.
      Нөмір - кодтың екінші, үшінші, төртінші сандары спорт түрінің атауын айқындайды.
      Нөмір - кодтың бесінші саны спорт түрінің, спорттық пәннің маусымын айқындайды:
      жазғы спорт түрлері;
      1) қысқы спорт түрлері.
      2) Нөмір - кодтың алтыншы саны спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданудың маусымын, сондай-ақ спорт түрінің, спорттық пәннің ойын немесе ойын емес сипатын айқындайды:
      1 - спорттың жазғы ойын емес түрі;
      2 – спорттың жазғы ойын түрі,
      3 - спорттың қысқы ойын емес түрі
      4 - спорттың қысқы ойын түрі
      5 – маусымдық емес, спорттың ойын емес түрі
      6 – маусымдық емес, спорттың ойын түрі.
      7 – спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін маусымдық емес спорт түрі;
      8 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін жазғы спорт түрі;
      9 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін қысқы спорт түрі.
      Нөмір - кодтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы сандары спорттық пәннің жеке нөмірі болып табылады.
      Нөмір - кодтың оныншы саны спорт түрінің, спорттық пәннің елімізде таратылуын көрсетеді:
      1 - Қазақстан Республикасының тең жартысынан көп облысында дамыған спорт түрі, спорттық пән;
      2 - Қазақстан Республикасының тең жартысынан аз облысында дамыған спорт түрі, спорттық пән.
      Нөмір - кодтың он бірінші белгісі спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданушылардың жынысы мен жасын айқындайды:
      А - ерлер, жігіттер (жасөспірімдер)
      Б - әйелдер, қыздар (жасөспірім қыздар)
      Г - ерлер, жігіттер (жасөспірімдер), әйелдер;
      Д - қыздар (жасөспірім қыздар)
      Е – ерлер, қыздар (жасөспірім қыздар)
      Ж - әйелдер
      К - ерлер, әйелдер, қыздар (жасөспірім қыздар)
      Л - ерлер, әйелдер,
      М – ерлер
      Н - жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар)
      С - жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар), әйелдер
      Ф – ерлер, жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар)
      Э - жігіттер (жасөспірімдер), әйелдер;
      Ю - жігіттер (жасөспірімдер);
      П – аралас жұп/топ
      Я – барлық санаттағылар.

4. Тізілімге өзгерістер енгізу

      27. Уәкілетті органның бастамасы, дене шынықтыру және спорт туралы жергілікті атқару органдарының, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың арыздары негізінде уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер енгізеді.
      Мына жағдайларда өзгерістер енгізіледі:
      1) спорт түрінің, спорттық пәннің атауы өзгертілсе;
      2) спорт түрінің ережесі немесе ресми халықаралық спорттық жарыстардың ережелері (регламенті) өзгертілсе;
      3) спорт түрлері, спорттық пәндер біріктірілсе;
      4) спорт түрлері, спорттық пәндер бөлінсе;
      5) спорт түрлері, спорттық пәндер алып тасталса.
      28. Спорт түрлерін, спорттық пәндерді Тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт туралы жергілікті атқару органдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өзі шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      29. Тізілімге өзгерістер енгізу туралы өтініште тиісті спорт түрінің, спорттық пәннің (спорттық пәндердің) атауы, сол спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданатын спортшылардың жынысы және жас тобы, өзгерістер енгізудің негіздемесі көрсетіледі.
      30. Спорт түрлерінің ережесінің 20-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар уәкілетті органға ұсынылмаса, уәкілетті орган өзіне түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде барлық ұсынылған құжаттарды қараусыз өтініш иесіне қайтарып береді.
      31. Тізілімге өзгеріс енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға мыналар негіздеме болады:
      1) өтініш иесі ұсынған құжаттарда расталмаған немесе өзгертілген ақпараттың анықталуы;
      2) спорттық пәндерді біріктіру немесе бөлудің нәтижесінде туындайтын спорттық пән бойынша өткен жарыс нәтижелері бойынша медаль жиынтығы сарапқа салынбаса;
      3) осы спорт түрімен шұғылданушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, қатысушылардың жас тобына өзгерістер енгізу мүмкін болмаса.
      32. Спорт түрлерін, спорттық пәндерді Тізілімнен алып тастау үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) 3 жыл ішінде жарыстардың бағдарламасында спорт түрінің, спорттық пәндердің болмауы;
      2) Қазақстан Республикасының тең жартысынан астамында спорт түрін табиғи-климаттық жағдайларға, шұғылданудың күрделілігіне және өзге ерекшеліктеріне байланысты дамытудан бөлек, аталған спорт түрі Қазақстан Республикасы өңірлерінің кем дегенде, жартысында дамыса.
      Уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап, отыз жұмыс күні ішінде Тізілімге өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарайды.
      Уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттарға талдау жасайды және оның нәтижесі бойынша Тізілімге өзгерістер енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдайды, ол туралы өтініш иесіне қаралатын мерзім ішінде хабарлайды.

5. Өтпелі ережелер

      33. Спорт түрлерінен федерациялар осы Ереже қолданысқа енгізілген күннен бастап алты айдың ішінде спорт түрін тану және Тізілімге енгізу мақсатында уәкілетті органға тізбесі Ереженің 20-тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.

Қазақстан Республикасы  
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының   
2010 жылғы 18 қазандағы  
№ 01-01-07/146 бұйрығына 
қосымша         

Қазақстан Республикасы спорт түрлерінің тізілімі

Бөлім

р/с N

Спорт түрінің атауы

Спорт түрінің нөмір-коды

Спорттық пәннің атауы

Спорттық пәннің нөмір-коды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады