Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 98 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2010 жылғы 2 сәуіріндегі 167-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесі бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6255 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы Д. Құсдәулетов
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін
атқарушының
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 309 бұйрығымен
бекітілген
Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу ережесі
1. Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеудің (бұдан әрі – есептік тіркеу) міндетті келу сипаты бар және тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректер банкін қалыптастыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуден өткен және жеке сот орындаушыларының алқасына мүшелікке өткен адамды уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тіркеушілік есепке қоюға арналған.
3. Есептік тіркеуден өту үшін бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуден өткен және жеке сот орындаушыларының алқасына мүшелікке өткен тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) аумақтық органға осы Ережеге сәйкес 1-қосымша нысаны бойынша өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) суретімен қоса кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсетумен);
2) азаматтың жеке басын куәландыратын нотариалды куәландырылған құжатының көшірмесі;
3) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы басқармасының өтініш берушіні жеке сот орындаушылары алқасына мүшелікке қабылдау туралы шешімінен үзінді көшірме;
5) егер өтініш беруші бұрын басқа атқарушылық округте атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда тиісті атқарушылық округте есептік тіркеуден шығару туралы аумақтық органның бұйрығының көшірмесі.
Есептік тіркеуге қою туралы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық органда қаралады.
4. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша аумақтық орган өтініш берушіні есептік тіркеуге қою немесе есепке тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда есептік тіркеуге қоюдан бас тартылуы мүмкін.
Есептік тіркеуге қоюдан бас тарту аймақтық және уәкілетті органдарға немесе сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
5. Өтініш берушіні есептік тіркеуге қою және оған қызмет аумағын айқындау туралы мәліметтер Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі – Кітап) енгізіледі (2-қосымша).
6. Кітап аумақтық органда жүргізіледі.
Кітаптағы парақтар нөмірленген, бау тағылған және аумақтық органның мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Оған енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылылығы үшін, сондай-ақ сақталуы үшін аумақтық органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкері жауапты болады.
7. Есептік тіркеуден өткен адам (бұдан әрі – жеке сот орындаушысы) бір ай мерзімде аумақтық органға:
1) жеке сот орындаушыларының қызмет аумағында үй-жайдың кеңсе үшін бар екендігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (жалдау, сатып алу-сату шартын немесе басқа да үй-жайды пайдалануға құқық иелендіретін құжат);
2) жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою куәлігінің нотариалды куәландырылған салық органымен берілген көшірмесін;
3) жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін тапсырады;
4) жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасын (3-қосымша).
8. Аумақтық орган құжаттарды алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде осы Ереженің 7 тармағында көрсетілгендей олардың көшірмелерін уәкілетті органға жолдайды.
Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық орган жеке сот орындаушысынан тиісті мәліметтер түскен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға осы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзінің тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің сәйкесінше өзгергені туралы өзінің ақпаратына орын алған өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін аумақтық органға береді.
9. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу жеке сот орындаушысы лицензиясының қызмет етуін тоқтата тұру жағдайында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдылығымен көзделген негіздер немесе уәкілетті органның талап - арызы бойынша сот тәртібімен, сонымен қатар Заңмен көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және аумақтық органның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.
Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу туралы мәліметтер Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу Кітабына енгізіледі.
10. Аумақтық орган жеке сот орындаушысын тіркеу есебінен алу туралы бұйрықты шығарған мерзімнен бастап он күнтізбелік күн ішінде ол туралы уәкілетті органды бұйрықтың көшірмесін тіркей отырып хабардар етеді.
Жеке сот орындаушыларын
есептік тіркеу ережеге
1-қосымша
_____________________________
(аумақтық орган)
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Өтініш
_____________________________________________________________________
(бос орын пайда болған атқарушылық округтің
_____________________________________________________________________
әкімшілік-аумақтық бірлігі)
жеке сот орындаушысы ретінде есептік тіркеу жүргізуді сұраймын.
Осы өтінішке мыналарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________ ________________________
(Қолы) (Т.А.Ә.)
20___ ж. «____» _______________
Жеке сот орындаушыларын
есептік тіркеу ережеге
2-қосымша
Нысан
______________________________(қаласының) облысының жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабы
Р/с № |
Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты |
Жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен берілген күні |
Мемлекеттік лицензияның нөмірі мен берілген күні |
Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасын мүшелігіне кірген күн |
Есептік тіркеуге қойылған күн |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Жеке сот орындаушысы қызметінің аумағы |
Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жері |
Жеке сот орындаушысының үйінің мекенжайы |
Жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының мүшелігінен шығарылған күн |
Есептік тіркеуден алынған күн |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Жеке сот орындаушыларын
есептік тіркеу ережеге
3-қосымша
Жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасы Жалпы мәліметтер
1. Тегі _____________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты _____________________________________________________
2. Туған күні ____________________________________ (жылы, күні, айы)
3. Туған жері _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Білімі ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жоғары оқу орнының атауы және бітірген күні)
5. Дипломы бойынша мамандығы_________________________________________
Диплом _______ ж. «_____» ___________________ № _____________________
6. Жалпы жұмыс өтілі_________________________________________________
7. Заңгер мамандығы бойынша жұмыс өтілі _____________________________
Оның ішінде атқарушылық іс жүргізу саласында ________________________
8. Жеке сот орындаушылары алқасының мүшелігіне кірген күні __________
_____________________________________________________________________
басқа алқаларға мүшелігі ____________________________________________
9. Есептік тіркелген күні____________________________________________
10. Сақтандыру компаниясының атауы және жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы шарт жасасқан күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Жеке куәлігі (паспорты):
№ _________________ кім берді___________ берілген күні ______________
13. СТН, ЖСК (бар болу жағдайында ЖИН) ______________________________
12. Үй мекен-жайы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
үй тел. _______________________________
13. Кеңсенің мекен-жайы______________________________________________
_____________________________________________________________________
жұмыс тел. ____________________________
Мемлекеттік лицензияның нөмірі мен берілген күні |
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі |
Жеке сот орындаушысының қолының үлгісі |