Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 766 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 қаңтарда № 6731 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012.02.13 № 10-1/52 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 «Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» қаулысымен бекітілген ветеринария саласындағы ветеринариялық қызметті лицензиялауда қойылатын біліктілік талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесі бекітілсін.
      2. «Өндірістік бөлмелер және технологиялық құрал-жабдықтардың нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылдың 16 қаңтарында № 2122 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2003 жылы № 9-10 ст.806 жарияланған) күші жойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция Комитеті және облыс, Астана Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп заңнамада бекітілген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Күрішбаев

Ауыл шаруашылығы Министрiнiң
2010 жылғы 22 желтоқсандағы 
№ 766 бұйрығымен бекiтiлген 

Жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге керекті технологиялық жабдықтар жиынтығының ең аз тізбесі

р/с №

Технологиялық құрал жабдықтардың атауы

Саны

1.

Сутегi иондарын анықтайтын аспап (иономер, рН-метр)

1

2.

Микроскоп биологиялық, микроскопқа арналған жарық құралы

2 кем емес

3.

Лабораторялық су моншасы

1

4.

Термостат

1

5.

Трихинеллоскопияға арналған проекциялық камера немесе трихинеллоскоп (компрессорымен)

Етке ветеринариялық санитарлық сараптама жүргізетін лабораторияларға

6.

Кептіріп, залалсыздандырылатын шкаф

1

7.

Дистиллятор

1

8.

Лабораториялық таразы, (гирмен)

2

9.

Термометрлер (етке темір стилетімен)

5 кем емес

10.

Радиологиялық өлшем құралдары: (Дозиметрлер, ДРГ-01Т1 немесе ДРГ-06Т, СРП-68-01, СРП-88 немесе Радиометр-спектрометр универсальды РСУ-1 «Сигнал-Гамма» немесе портативті спектрометр «Прогресс-Спектр»)

1

11.

Тоңазытқыш тұрмыстық

1

12.

Бактерицидтық лампа

Әр бөлмеге бірден

13.

Овоскоп

Жұмыртқаға ветеринариялық санитарлық сараптама жүргізетін лабораторияларға

14.

Гомогенизатор немесе лабораториялық ет тартқыш

1

15.

«Лактан» анализаторы

Сүтке ветеринариялық санитарлық сараптама жүргізетін лабораторияларға

16.

Сүттің тазалығын тексеретін прибор

Сүтке ветеринариялық санитарлық сараптама жүргізетін лабораторияларға

      Ескертпе: Нақты тағам түріне нормативтік құжаттың талабына сәйкес басқа да аппаратуралар мен құралдарды қолдануға болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады