Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуын растау нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6052 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2020 № 4-6/1112 (Осы бұйрық 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуы туралы қоса беріліп отырған растау нысаны бекітілсін.

      2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты бекітілген заңнамалық тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Күрішбаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 32 бұйрығымен бекітілген

      Нысан

Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттеменің астық экспорттаушымен орындалуын растау

      20__ жылғы "__" _____________

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабымен көзделген мемлекеттік ресурстарға астық жеткізу бойынша міндеттеменің

      ____________________________________________________________________

      астық экспортаушының атауы және заңды мекен-жайы

      агентпен 20__ жылғы "__" ___________ мемлекеттік ресрурстарға астықты жеткізу келісімін жасау арқылы орындалғанын және мемлекеттік ресурстарға ________________________________________________________

      цифрмен және жазбаша

      тонна астық жеткізілгенін растаймыз.

      "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы"

      ұлттық компаниясы" акционерлік

      қоғамының Басқарма төрағасы _________________________________

      қолы, Т.А.Ә.

      М.о.

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрілігінің

      Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік

      инспекциясы комитетінің төрағасы _________________________________

      қолы, Т.А.Ә.

      М.о.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады