Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы N 16 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6061 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы № 323 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 07.08.2013 № 323 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуге уақытылы дайындалуы үшін пайдаланылған әдебиеттерді көрсете отырып тест тапсырмаларының және сұрақ-тапсырмалардың дайындығын қамтамасыз етсін.
      4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі № 181 бұйрығының (№ 5215 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы № 155 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                 Ж. Түймебаев

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 22 қаңтардағы
№ 16 бұйрығымен бекітілген

Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау тәртібін айқындайды.
      2. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың негізгі мақсаттары:
      1) тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау;
      2) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін педагог қызметкер қызметінің уәждемелік саласын кеңейту.
      3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
      2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;
      3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) – мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;
      4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Аттестаттаудың негізгі қағидаттары аттестатталатын педагог қызметкерге, объективті, ашықтық және алқалық қатынасты қамтамасыз ететін; ішкі және сыртқы бағалаудың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.
      5. Аттестаттау 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
      6. Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілеттік орган жүзеге асырады.
      Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
      Медициналық мекемелер мен әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері (оқу сыныптары, топтар), балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері, спорттық мектеп-интернаттар жанындағы білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагог қызметкерлерді аттестаттау білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, кәсіптік білім беру ұйымдарының (республикалық ведомстволық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен басқа) педагог қызметкерлерді аттестаттауды білім беру ұйымдарының және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен құрылған аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін халықаралық (шетелдік) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
      7. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері белгіленген штаттық кестеге және еңбек шартында, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта көрсетілген лауазым бойынша аттестаттаудан өтеді.
      Бір біліктілік ретінде дипломда көрсетілген білімі туралы дипломда көрсетілген пәннен сабақ берген жағдайда дипломда көрсетілген біліктілікке сәйкес пәнді көрсете отырып, лауазымдық негізде аттестаттау өткізіледі.
      Педагог қызметкер курсты өту нәтижесінде алынған сертификаттың негізінде сабақ беретін қосымша пәндер бойынша аттестатталады.
      8. Шағын жинақталған мектептерде сабақ беретін педагог қызметкерлер дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және тиісті сертификаты бар жағдайда қосымша (аралас) пәндер бойынша курстардан өткенін ескере отырып аттестаттаудан өтеді.
      Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер білімі туралы дипломда көрсетілген біліктілік бойынша аттестаттаудан өтеді. Білімі туралы дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазым бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
      Арнайы (түзету) мектептерді дипломда көрсетілген пәннен сабақ беретін педагог қызметкерлер сабақ беріп отырған пәні бойынша және білім беру ұйымдарында қайта даялаудан өту нәтижесінде алған сертификат негізінде аттестаттаудан өткізіледі.
      9. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде:
      1) екінші біліктілік санатына:
      жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
      кәсіптік орта білім беретін оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
      2) бірінші біліктілік санатына:
      екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
      екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларын, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;
      3) жоғары білікті санатқа:
      бірінші білікті санаты бар, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;
      бірінші білікті санаты бар, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
      немесе бірінші білікті санаты бар, аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, немесе магистр академиялық дәрежесін, философия докторын, сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторын алған тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беретін оқу орындарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде біліктілік талаптарына және лауазымына сәйкестігіне:
      4) екінші біліктілік санатына:
      жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
      кәсіптік орта оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі) «үздікке» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;
      өндірістен педагогикалық қызметке ауысқан және кемінде екі жыл бейіні бойынша өндірістік өтілі бар тұлғалар;
      5) бірінші біліктілік санатына:
      екінші біліктілік санаты және педагогикалық қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
      екінші біліктілік санаты және педагогикалық қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;
      өндірістен педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша кемінде үш жыл өндірістік өтілі бар тұлғалар;
      6) жоғары біліктілік санатына:
      бірінші біліктілік санаты бар облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
      бірінші біліктілік санаты бар облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
      бірінші біліктілік санаты бар аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, магистр академиялық дәрежесін, философия докторын (PhD) немесе сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторлық алған тұлғалар;
      өндірістен педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша кемінде бес жыл өндірістік өтілі бар тұлғалар жедел аттестаттаудан өткен тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.
      Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері:
      облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейде пән олимпиадаларының, ғылыми-практикалық конференциялардың шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
      облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейде кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
      өндірістен жоғары оқу орнына педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша бес жылдан кем емес өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;
      аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін, немесе магистр академиялық дәрежесін, философия докторын (PhD), сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторын алған тұлғалар тиісті лауазымдарға жедел аттестаттаудан өте алады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Аудандық білім беру бөлімдерінің, білім беру басқармаларының, біліктілікті арттыру институттарының және барлық деңгейдегі әдістемелік қызметтердің әдіскерлері педагогикалық жұмысқа ауысқан жағдайда жеке өтініші негізінде жедел аттестаттаудан өтеді.
      Педагог қызметкерлер әдістемелік жұмысқа ауысқан жағдайда бар біліктілік санаты сақталады.
      12. Білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, әдістемелік қызметкерлер, білім бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері, басқа да тұлғалар мемлекеттік және азаматтық қызметшілер жалпы негізде сабақ беретін пәні бойынша аттестаттаудан өтеді.
      13. Педагог қызметкер педагогикалық салаға жаңа орынға ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде аттестаттау комиссиясының шешімімен берілген біліктілік санаты сақталады.

2. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      14. Педагог қызметкерлерді аттестаттау педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылау арқылы жүргізіледі.
      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін алдағы оқу жылында аттестаттаудан өту үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
      Аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру ұйымдарының алқалық шешімімен ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұсынылады.
      Аттестаттау ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап келесі жылғы 1 шілде аралығында өткізіледі.
      Бірінші кезең – біліктілік тестілеу ағымдағы жылғы 15 қазаннан 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім саласындағы уәкілетті орган, жүргізуінде білім беру ұйымдары бар мемлекеттік салалық органдар бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
      Біліктілік тестілеуді өткізу күні тестілеу рәсімін өткізуге 2 апта қалғанда педагог қызметкерге хабарлайды.
      Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе осы Ереженің 24-тармағында көрсетілген дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайтадан тестілеуден өтеді.
      Қайталап тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
      Егер де педагог қызметкер белгіленген мерзімде дәлелді себептермен білікті тестілеуден өтпесе, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан кезде аттестаттау комиссиясы аталған педагог қызметкерді келесі оқу жылында аттестаттау туралы шешім қабылдайды.
      Қызмет нәтижелерін талдамалық қорытындылау, білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиялары келесі жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, білім басқармаларының аттестаттау комиссиялары келесі жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында өткізеді.
      Аттестаттаудан өткен педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру немесе растау туралы бұйрықты 1 шілдеден кешіктірмей барлық деңгейлердегі аттестаттау комиссиялары шығарады және келесі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы, қосымша санаттарды беру туралы куәліктерді басып шығару және беру келесі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей білім беру ұйымдары жүргізеді. Лауазым талаптарына сәйкестігі және біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу журналында (осы Ережеге 47-қосымшалар) жазылады.
      Жоғары оқу орындарының аттестаттау комиссиясы 1 сәуірге дейін шешім шығарады.
      Мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын жоғарылататын немесе растайтын тұлғалар ерікті біліктілік тестілеуден өтеді.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) тест тапсырмаларын әзірлеуге, мазмұны мен сапасына жауапты. Аттестаттық тестілеуді өткізу кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық сүйемелдеу Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.
      Біліктілік тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапкершілік облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне және Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Тестілеуге жататын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің тізімін білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясымен қалыптастырылады, аудандық (қалалық) білім бөлімінің аттестаттау комиссиясымен бекітіледі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармасының аттестаттау комиссиясына беріледі.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары тестілеудің кестесін жасайды, оның өтетін орнын белгілейді және мәліметтерді Ұлттық тестілеу орталығына береді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. «Ерікті біліктілік тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Тестілеу білім басқармасы немесе білім саласындағы уәкілетті орган (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін), салалық мемлекеттік органдар айқындайтын білім беру ұйымының базасында өткізіледі.
      19. Тестілеуден өтетін педагог қызметкердің өзінің жеке басын растайтын құжаты болуы тиіс.
      20. Тест сұрақтарының саны 60-ты құрайды:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу - 20 сұрақ;
      2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
      3) пәндік білім негіздері - 20 сұрақ;
      Тестілеу уақыты жалпы 120 минутты құрайды, математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерін тестілеудің жалпы уақыты 135 минутты құрайды.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Тестілеу нәтижелері пәндік білім негіздері бойынша кемінде 70 % дұрыс жауаптар жинаған кезде, педагогика мен психология негіздері бойынша – 50 %, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша – 50 % дұрыс жауаптар жинаған кезде дұрыс болып саналады.
      22. Егер педагог қызметкер атауында екі және одан көп мамандық болатын лауазым (біліктілік) бойынша аттесталатын болса, онда тестілеу кезінде «Пәндік білім негіздері» блогында өзінің таңдауы бойынша тапсырма бір мамандық бойынша орындалады.
      23. Дәлелді себептермен тестілеуден өтпей қалған педагог қызметкер аттестаттау комиссиясына тиісті құжаттар тапсырады.
      24. Дәлелді себептер:
      1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан астам уақыт);
      2) жүктілік және бала туу және бала күту демалысында болу;
      3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болса.
      25. Тестілеуді өткізу нәтижелері тиісті хаттамамен осы Ереженің 5-қосымшасындағы нысан бойынша ресімделеді. Әрбір тестіленетін тұлғаның тестілеу нәтижесі екі данада шығарылады: біреуі тестіленетін тұлғаға беріледі; екінші данасы тестіленген тұлғаның танысқандығы туралы қолы қойылған дана білім басқармаларының және жоғары оқу орындарының аттестаттау комиссиясына тапсырылады.
      26. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      28. Аттестаттау материалдарын жинақтауды білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
      29. Аттестаттау комиссиясының қарауына төмендегідей құжаттар ұсынылады:
      1) аттестаттаудан өтетін барлық педагог қызметкерлерге міндетті түрде ұсыну үшін қажетті құжаттар:
      біліктілік санатын растауға немесе беруге педагог қызметкердің өтініші;
      жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      білімі туралы дипломның көшірмесі;
      еңбек кітапшасының көшірмесі;
      жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен басқа бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәліктің көшірмесі;
      өтініш білдірілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелері;
      қосымша пәндер бойынша (аталған пән бойынша аттестаттаудан өтетіндер үшін) курстардан өткені туралы құжаттардың көшірмесі;
      аттестаттау парағы осы Ережеге 8-қосымшадағы нысан бойынша;
      2) біліктілік талаптарына сәйкес барлық санаттағылар үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің қызметін талдауға арналған материалдар:
      - педагогикалық тәжірибесі туралы материалдар (өздігінен білім беру жөніндегі сабақтардың, оқу-әдістемелік құралдардың әзірлемелері);
      - шығармашылық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, педагогикалық оқылымдарға қатысқандығы туралы;
      - эксперименттік қызметке қатысқандығы туралы;
      - оқу-әдістемелік кешендердің, оқу-бағдарламаларын сараптауға қатысқандығы туралы;
      - әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың жұмысына (басшылығы) қатысқандығы туралы;
      - ұйымдастыру және тәрбиелеу қызметіне қатысқандығы туралы;
      - оқушылар мен тәрбиеленушілерінің оқу жетістіктері, пән олимпиадаларының, конкурстардың, байқаулардың, ойындар мен жарыстардың жеңімпаздары туралы;
      - педагог қызметкердің кәсіби құзыреттілігін тәуелсіз бағалау материалдары; пікірлер, оқушылармен және тәрбиеленушілермен, ата-аналармен жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері;
      3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің ұсынатын құжаттары:
      мынадай ақпараттарды қамтитын жұмысы туралы пікірмен қатар аттестаттау парағы:
      оқу процесінде технологияларды инновациялық оқытуды қолдану туралы;
      сабаққа келу нәтижелері бойынша бағалары көрсетіле отырып, ашық сабақтардың, іс-шаралардың өткізілгендігі туралы;
      тәуелсіз сауалнама жүргізу нәтижелерін жүргізе отырып, оқыту сапасы туралы;
      олимпиадалардың, конкурстардың, конференциялардың басқа да жарыстардың білім алушы-жеңімпаздары туралы;
      барлық берілетін пәндер бойынша соңғы оқу жылында күндізгі оқыту нысанында білім алушы үлгерімінің орташа балы көрсетіле отырып, білім алушының үлгерімі туралы;
      ұйымдастыру және тәрбие жұмысына қатысқандығы туралы;
      ғылыми бағдарламаларды орындағаны туралы;
      ғылыми-педагог кадрларды дайындағаны туралы;
      бар болған жағдайда ұсынылатын құжаттар:
      жарияланған жұмыстардың, ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі;
      ғылыми немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломның көшірмесі.
      Жұмысы туралы пікірді аттестатталатын педагог қызметкердің тікелей басшысы жазады және растайды.
      30. Аттестаттау комиссиялары білім беру ұйымдарында, аудандық, қалалық бөлімдерде, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларында, өз жүргізуінде білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдарында және олардың аумақтық органдарында құрылады.
      Шағын жинақталған мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерін аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясы базалық мектептің, мектепке дейінгі ұйымның жанынан немесе тиісті білім беру ұйымының бағынысты органы бойынша құрылады.
      Мектеп интернаттардың, балалар үйлері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау үшін аталған білім беру ұйымдарының жанынан немесе тиісті білім беру ұйымының бағынысты органы бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады.
      Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, Біліктілікті арттыру институттарының әдістемелік қызметкерлерін аттестаттау үшін аталған білім беру ұйымдарының жанынан немесе тиісті білім беру ұйымының бағынысты органы бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттау үшін жоғары оқу орнының жанынан аттестаттау комиссиясы құрылады.
      31. Білім беру ұйымдарының, аудандық, қалалық бөлімдердің, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, өз жүргізуінде білім беру ұйымдары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдары мен олардың аумақтық органдарының аттестаттау комиссиясының құрамына: аттестаттау комиссиясының төрағасы - білім беру ұйымының басшысы, комиссия хатшысы және комиссия мүшелері: білім беруді басқару органдарының, әдістемелік қызмет, ғылыми ұйымдар, жергілікті атқарушы органдардың мамандары, кәсіподақтың, оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері, өндірістік құрылымдар өкілдері (кәсіптік білім үшін) білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері кіреді.
      32. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны тақ саннан құрылуы тиіс.
      Аттестатталатын аттестаттау комиссиясының мүшесі өз кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
      33. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының дербес құрамын тиісті алқалық орган (мектептің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының, Жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің, біліктілікті арттыру институтының) айқындайды және білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Білім басқармасы органының аттестаттау комиссиясының дербес құрамы білім басқармасы органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      34. Аттестаттау комиссиясының қызметі:
      1) білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы өтініштерді қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлер тізімінің құрамын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылуды жүргізеді. Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарын беру немесе растау туралы шешімді шығарады.
      Білім беру ұйымының аттестатау комиссиясы педагог қызметкерлерге екінші санатты бекітуді қарастырады және бекітеді.
      Педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің аттестаттау комиссияларына бірінші біліктілік санатын беру немесе растау туралы шешімді бекітуге ұсынады; бірінші және жоғары біліктілік санаттарын беру және растау туралы шешімді бекітуге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының аттестаттау комиссиясына аттестаттау материалдарын ұсынады.
      2) аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің аттестаттау комиссиясы бірінші, жоғары біліктілік санатына аттестатталатын педагог қызметкерлердің ұсынылған материалдарын талдайды. Бірінші біліктілік санатын педагог қызметкерлерге беру және растау туралы білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясының шешімін бекітеді. Жоғары біліктілік санатын беру және растау туралы шешімін бекіту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының аттестаттау комиссияларына педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын ұсынады.
      3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы жоғары біліктілік санатына және бағынысты білім беру ұйымдарының бірінші, жоғары біліктілік санаттарына аттестатталатын педагог қызметкерлердің материалдарын ұсынады.
      Тиісті педагог қызметкерлерге беру немесе растау туралы білім беру ұйымдарының атестаттау комиссиясының шешімін бекітеді.
      4) жоғары оқу орнының аттестаттау комиссиясы аттестатталатындардың тізімдік құрамын жасайды, педагог қызметкерлердің ұсынылған құжаттарын талдайды. Біліктілік тестілеу қорытындылары бойынша екінші кезеңнің аттестатталуын өткізеді және тиісті лауазымына педагог қызметкерлердің аттестатталуы туралы шешім шығарады.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      35. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру немесе растау туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының педагог қызметкерлерін аттестаттау (аттестаттамау) туралы шешімі жеке қаулымен негіздеме арқылы рәсімделеді.

3. Аттестаттаудың қорытынды рәсімдері

      36. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары (лауазымдары) Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында 5 жыл бойы сақталады.
      37. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлердің әрқайсысына аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуі шығарылады:
      біліктілік санатының талаптарына сәйкес келеді;
      біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің әрқайсысына мынадай шешімдердің біреуі шығарылады:
      кафедрасы бойынша лауазымның талаптарына сәйкес келеді;
      кафедрасы бойынша лауазымның талаптарына сәйкес келмейді.
      Аттестаттау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және аттестаттау парағында тиісті жазба жазылады.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Хаттама мен аттестаттау парағына төраға, хатшы және дауыс беруге қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері қол қояды.
      39. Шешім егер комиссия отырысына кемінде 2/3 оның мүшесі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі.
      40. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыс тең болған жағдайда Төрағаның даусы шешуші болып табылады.
      41. Егер де санатты растау үшін аттестаттау қорытындылары бойынша «біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді» немесе «лауазымның талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім шығарылса біліктілік санаты (лауазымы) бір деңгейге төмендейді.
      Егер де санатты көтеру үшін аттестаттау қорытындылары бойынша «біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді» немесе «лауазымның талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім шығарылса біліктілік санаты (лауазымы) көтерілмейді.
      42. Санатты (лауазымды) төмендету туралы шешім, тиісінше жалақы аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде білім беру ұйымдарының басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      43. Егер аттестатталушы аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспесе сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар.
      44. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады:
      1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы (екі айдан астам), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда;
      2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
      3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
      4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі;
      5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыс орнының ауысуы;
      6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік біліктілігін растайтын құжаттары бар болған жағдайда жақын және шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы.
      45. Педагог қызметкердің біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, зейнеткерлік жасқа дейін 4 жылдан аз болса, оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады, егер педагог қызметкер педагогикалық қызметін зейнеткерлік жасқа толған мерзімнен бастап тоқтатқан жағдайда ол туралы аттестаттау комиссиясына хабарлайды.
      Зейнеткерлік жасқа келген педагог қызметкердің біліктілік санаты бір жыл оқу жылынан аспайтын мерзімге сақталады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін педагог қызметкер бар біліктілік санатын растауы тиіс.
      46. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне аттестаттау нәтижелері бойынша берілген біліктілік санатына сәйкес жалақы төлеу деңгейін оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгілейді.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
1-қосымша     
Нысан

____________________________________________________________________
               (аттестаттау комиссиясының атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
        (Педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
                    (лауазымы, жұмыс орны)

ӨТІНІШ

Мені 20_ жылы ______________________________________ лауазымы бойынша
біліктілік санатына ________________________________________________
аттестаттауыңызды сұраймын
Қазіргі кезде __________ уақытқа дейін жарамды ___________санатым бар

Өтініште көрсетілген біліктілік санатына аттестаттау үшін мынадай
жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын ______________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
      Тестілеуден өтеді:
      1. пән бойынша:___________________________
      2. тілі (қазақ, орыс):____________________

Білімі:









Еңбек өтілі:









Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми
дәрежесі, ________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым

__________________________________________________________________
20___ж. «_____» ____________________ ______________________________
                                                 (Қолы)

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
2-қосымша     
Нысан

____________________________________________________________________
               (аттестаттау комиссиясының атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
        (Педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
                    (лауазымы, жұмыс орны)

ӨТІНІШ

Мені 20_ жылы ______________________________________кафедрасы бойынша
__________________________________________________________ лауазымына
аттестаттауыңызды сұраймын
Қазіргі кезде __________уақытқа дейін жарамды __________лауазымым бар

Аттестаттау үшін (қайтадан аттестаттау, мерзімінен бұрын аттестаттау)
мынадай жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі:









Еңбек өтілі:









      Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы,
ғылыми дәрежесі,___________________________________________________
___________________________________________________________________
      Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым
___________________________________________________________________
20___ж. «_____» ____________________ ______________________________
                                                  (Қолы)

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
3-қосымша     
Нысан

Біліктілік санатын беру немесе растау туралы
КУӘЛІК

      Осы куәлік оған_______________________________________________
                             (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________берілді
Аттестаттау комиссиясының 20___ ж. «___» ______________шешіміне және
____________________________________________________________________
  (білім беру ұйымының толық атауы)
____________________________________________________________________

20__ ж «__»___________________№____бұйрығына сәйкес
____________________________________________________________________
(лауазымның атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
біліктілік санаты берілді немесе расталды

Аттестаттау комиссиясының төрағасы _________________________________
____________________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

Аттестаттау комиссиясының хатшысы __________________________________
____________________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

Тіркеу нөмірі ________
20__ ж «__»___________

Берілген күні

Мөрдің орны

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
4-қосымша     
Нысан

Біліктілік санатын беру немесе біліктіліктің тиісті деңгейін
растау туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы

_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
               (білім беру ұйымының атауы)


р/с

тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы мен берілген біліктілік санатының атауы

Аттестаттау комиссиясы шешімінің күні

Біліктілік санаты берілгені туралы бұйрықтың нөмірі мен күні

Куәліктің берілген күні

Куәлік алушының қолы








Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
5-қосымша     
Нысан

Педагог қызметкерлерді ерікті біліктілік тестілеу нәтижесінің
№ ____ хаттамасы

      Ескерту. 5-қосымшада жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

аудан (қала) ________________________________________________________
Өткізу орны _________________________________________________________

Өткізу мерзімі 20__ жылғы «__» ________________
 

Тегі, аты, әкесінің аты

Білім беру ұйымының атауы

Мамандығы

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу

педагогика және психология негіздері

пән білімдерінің негізі

жалпы балл









Қолдар:

Ұлттық тестілеу
орталығының директоры _______________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - ТАӘА), қолы)

Тестілеуге қатысқан аттестаттау
комиссиясының мүшесі ________________________________________________
                           (жұмыс орны, лауазымы, ТАӘА, қолы)

Хатшы _____________________________________________________
             (жұмыс орны, лауазымы, ТАӘА, қолы)

Мөрдің орны

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
6-қосымша     
Нысан

Біліктілік талаптарына сәйкесітігі туралы
КУӘЛІК

      Ескерту. 6-қосымша алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
7-қосымша     
Нысан

Қызметкерлерге техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беретін педагог қызметкерлердің белгіленген
біліктілік деңгейлерінің талаптарына сәйкестігі туралы
куәліктер беруді тіркеу журналының нысаны

      Ескерту. 7-қосымшада жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________
                 (білім беру ұйымының атауы)


р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Белгіленген біліктілік деңгейінің талаптарына сәйкестігі

Аттестаттау комиссиясы шешімінің күні

Бұйрықтың нөмірі мен күні

Куәліктің берілген күні

Куәлік алушының қолы








Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
8-қосымша     

      Ескерту. 8-қосымшада жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нысан

__________________________________________________________________
       (министрліктің немесе ведомствоның атауы)
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

____________________________________________________________________
      (Тегі, аты, әкесінің аты - санаты көрсетілген лауазымы)
____________________________________________________________________
Туған күні мен жылы ________________________________________________
Ұлты _______________________________________________________________

Білімі









Еңбек өтілі









Біліктілігін көтеру туралы мәлімет









Біліктілік тестілеуден өту туралы мәлімет

Тестілеуден өткен күні

Тестілеуден өткен орны












      Наградалары, атағы, ғылыми атағы және дәрежесі _____________________________________________________________________

      Жұмысы туралы пікір (аттестаттау аралығындағы педагог қызметкердің кәсіби қызметі туралы қысқаша ақпарат)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________       Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары аттестаттау комиссиясының шешімі

1)_____________________________ лауазымның __________________________ біліктілік санатының талаптарына сәйкес
2)_____________________________ лауазымның __________________________ біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясының шешімі:
1)_____________________________________________ кафедрасы бойынша ___________________________________ лауазымының талаптарына сәйкес
2) _________________________________________ кафедрасы бойынша ____________________________________ лауазымының талаптарына сәйкес келмейді
Аттестаттау комиссиясының шешімі 20__жылғы «__»____________
_____________________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
Аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
Комиссия мүшелері
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
Хатшы ____________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)

20__ жылғы «__»_________________
Жұмыс туралы пікірмен және аттестаттау комиссиясының шешімен таныстым
_____________________________________________________________________
(аттестатталушы педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

20__ жылғы «__»_________________

Мөрдің орны

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
9-қосымша     

      Ескерту. 9-қосымшада жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нысан

__________________________________________________________________
(аттестаттау комиссиясының атауы)

__________________________________________________________________
      (Педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                (лауазымы, жұмыс орны)

ӨТІНІШ

Мені 20_ жылы __________________________________ кафедрасы бойынша
__________________________________________________ лауазымына аттестаттауыңызды сұраймын.
Қазіргі кезде ________________________________ уақытқа дейін жарамды __________________________________________________ лауазымым бар.
Аттестаттау үшін (қайтадан аттестаттау, мерзімінен бұрын аттестаттау) мынадай жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі:









Еңбек өтілі:









      Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми және академиялық дәрежесі, ғылыми атағы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым
__________________________________________________________________
20_ж. «___» _______________ __________________________
                                    (Қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады