"Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 131 мамырда № 6952 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы № 323 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 07.08.2013 № 323 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6061 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 маусымдағы № 158 (26219) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) – мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;»;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өтінішінің негізінде»:
      2) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «екінші білікті санаты бар және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларын, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;»;
      3) тармақшада:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бірінші білікті санаты бар, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) екінші біліктілік санатына:»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жоғары оқу орнын «үздікке» бітірген, кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «кәсіптік орта оқу орнын (техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі) «үздікке» бітірген және кемінде бір жыл педагогикалық қызметінің өтілі бар тұлғалар;»;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «өндірістен педагогикалық қызметке ауысқан және кемінде екі жыл бейіні бойынша өндірістік өтілі бар тұлғалар;»;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) бірінші біліктілік санатына:
      екінші біліктілік санаты және педагогикалық қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
      екінші біліктілік санаты және педагогикалық қызметте кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, аудандық (қалалық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын дайындаған тұлғалар;
      өндірістен педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша кемінде үш жыл өндірістік өтілі бар тұлғалар;
      6) жоғары біліктілік санатына:
      бірінші біліктілік санаты бар облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі пән олимпиадаларының, конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;
      бірінші біліктілік санаты бар облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
      бірінші біліктілік санаты бар аралық аттестаттау кезеңінде ғылым кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін, магистр академиялық дәрежесін, философия докторын (PhD) немесе сабақ беретін мамандығының бейіні бойынша докторлық алған тұлғалар;
      өндірістен педагогикалық жұмысқа ауысқан және бейіні бойынша кемінде бес жыл өндірістік өтілі бар тұлғалар жедел аттестаттаудан өткен тұлғалар жедел аттестаттаудан өтеді.»;
      14-тармақтың:
      бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын;
      «Педагог қызметкерлерді аттестаттау педагог қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес педагог қызметкерлер қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылау арқылы жүргізіледі.»;
      екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагог қызметкерлері осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін алдағы оқу жылында аттестаттаудан өту үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.»;
      үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру ұйымдарының алқалық шешімімен ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұсынылады.
      оныншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызмет нәтижелерін талдамалық қорытындылау, білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиялары келесі жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, білім басқармаларының аттестаттау комиссиялары келесі жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында өткізеді.»;
      он үшінші бөлімінде:
      «,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнаулы пәндерінің педагог қызметкерлеріне осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.» деген сөздер алынып тасталсын;
      он бесінші бөлім мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
      «Мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын жоғарылататын немесе растайтын тұлғалар ерікті біліктілік тестілеуден өтеді.»;
      15-тармақта:
      екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Біліктілік тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапкершілік облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне және Ұлттық тестілеу орталығына жүктеледі.»;
      16-тармақта:
      үшінші бөлім алынып тасталсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. «Ерікті біліктілік тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Тест сұрақтарының саны 60-ты құрайды:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу - 20 сұрақ;
      2) педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;
      3) пәндік білім негіздері - 20 сұрақ;
      Тестілеу уақыты жалпы 120 минутты құрайды, математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерін тестілеудің жалпы уақыты 135 минутты құрайды.»;
      2627-тармақтар алынып тасталсын;
      34-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясы өтініштерді қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлер тізімінің құрамын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылуды жүргізеді.
      Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарын беру немесе растау туралы шешімді шығарады.»;
      екінші бөлімі алынып тасталсын.
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне аттестаттау нәтижелері бойынша берілген біліктілік санатына сәйкес жалақы төлеу деңгейін оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгілейді.»;
      Ережеге 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне 6-қосымша алынып тасталсын;
      Ережеге 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Ережеге 9-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов) белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемісов) педагог қызметкерлердің ерікті біліктілік тестілеуге уақытылы дайындалуы үшін пайдаланылған әдебиеттерді көрсете отырып тест тапсырмаларының және сұрақ-тапсырмалардың дайындығын қамтамасыз етсін.
      4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы 
№ 119 бұйрығына 1-қосымша 

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
5-қосымша     

Нысан

Педагог қызметкерлерді ерікті біліктілік тестілеу нәтижесінің
№ ____ хаттамасы

аудан (қала) ________________________________________________________
Өткізу орны _________________________________________________________

Өткізу мерзімі 20__ жылғы «__» ________________
 

Тегі, аты, әкесінің аты

Білім беру ұйымының атауы

Мамандығы

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу

педагогика және психология негіздері

пән білімдерінің негізі

жалпы балл









Қолдар:

Ұлттық тестілеу
орталығының директоры _______________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - ТАӘА), қолы)

Тестілеуге қатысқан аттестаттау
комиссиясының мүшесі ________________________________________________
                           (жұмыс орны, лауазымы, ТАӘА, қолы)

Хатшы _____________________________________________________
             (жұмыс орны, лауазымы, ТАӘА, қолы)

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы 
№ 119 бұйрығына 2-қосымша 

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
8-қосымша     

Нысан

__________________________________________________________________
       (министрліктің немесе ведомствоның атауы)
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

____________________________________________________________________
      (Тегі, аты, әкесінің аты - санаты көрсетілген лауазымы)
____________________________________________________________________
Туған күні мен жылы ________________________________________________
Ұлты _______________________________________________________________

Білімі









Еңбек өтілі









Біліктілігін көтеру туралы мәлімет









Біліктілік тестілеуден өту туралы мәлімет

Тестілеуден өткен күні

Тестілеуден өткен орны












      Наградалары, атағы, ғылыми атағы және дәрежесі _____________________________________________________________________

      Жұмысы туралы пікір (аттестаттау аралығындағы педагог қызметкердің кәсіби қызметі туралы қысқаша ақпарат)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________       Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары аттестаттау комиссиясының шешімі

1)_____________________________ лауазымның __________________________ біліктілік санатының талаптарына сәйкес
2)_____________________________ лауазымның __________________________ біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссиясының шешімі:
1)_____________________________________________ кафедрасы бойынша ___________________________________ лауазымының талаптарына сәйкес
2) _________________________________________ кафедрасы бойынша ____________________________________ лауазымының талаптарына сәйкес келмейді
Аттестаттау комиссиясының шешімі 20__жылғы «__»____________
_____________________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
Аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
Комиссия мүшелері
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
__________________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)
Хатшы ____________________________________________________________
                          (ТАӘА, қолы)

20__ жылғы «__»_________________
Жұмыс туралы пікірмен және аттестаттау комиссиясының шешімен таныстым
_____________________________________________________________________
(аттестатталушы педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

20__ жылғы «__»_________________

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы 
№ 119 бұйрығына 3-қосымша 

Педагог қызметкерлерді
аттестаттау ережесіне
9-қосымша     

Нысан

__________________________________________________________________
(аттестаттау комиссиясының атауы)

__________________________________________________________________
      (Педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                (лауазымы, жұмыс орны)

ӨТІНІШ

Мені 20_ жылы __________________________________ кафедрасы бойынша
__________________________________________________ лауазымына аттестаттауыңызды сұраймын.
Қазіргі кезде ________________________________ уақытқа дейін жарамды __________________________________________________ лауазымым бар.
Аттестаттау үшін (қайтадан аттестаттау, мерзімінен бұрын аттестаттау) мынадай жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі:









Еңбек өтілі:









      Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми және академиялық дәрежесі, ғылыми атағы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым
__________________________________________________________________
20_ж. «___» _______________ __________________________
                                    (Қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады