Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 78 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6096 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 23.04.2015 № 386 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және жұмсауды ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасы, облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің, Әкімшілік полиция комитеті Арнайы полиция басқармасы бөліністерінің, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастықтары қоса беріліп отырған Нұсқаулықты жеке құрамның зерделеуін және бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оны мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2010 жылғы 22 ақпандағы 
№ 78 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі - МТНБ) қабылдауды, есепке алуды, сақтауды, жұмсауды, жүргізуші куәліктері (бұдан әрі - ЖК) мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді (бұдан әрі - КҚТК) (бұдан әрі – арнайы өнім) дайындауды және беруді нақтылайды.
      2. МТНБ-ны, ЖК-ны, КҚТК-ны дайындауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен (бұдан әрі – ІІМ) және ішкі істер органдарының бөліністерімен (облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі, Қарағанды облысы ІІД-нің 4-бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің 4 және 5-бөлімдері) жасалатын келісім-шартқа сәйкес кәсіпорын (бұдан әрі - Жеткізуші) жүзеге асырады.
      3. Ішкі істер органының басшысы:
      тіркеу-емтихан қабылдау бөлінісінің қызметкерін МТНБ-ны, дайындалған ЖК-ны және КҚТК-ны қабылдауға, есепке алуға, сақтауға және жұмсауға, сондай-ақ берілген МТНБ, ЖК мен КҚТК үшін мемлекеттік бажды төлеудің дұрыстығына және толықтығына материалдық жауапты адам (бұдан әрі – материалдық жауапты адам) етіп;
      МТНБ-ны қабылдау және жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындайды;
      Комиссияның кұрамына міндетті түрде тіркеу-емтихан қабылдау (бұдан әрі – ТЕБ) бөліністерінің қызметкерлері және Жеткізушінің өкілі (уағдаластық бойынша) енгізіледі.
      4. Дайындалған, бірақ берілмеген МТНБ-ны ЖК-ны және КҚТК-ны ІІМ-нің бөліністерінде сақтау сейфтерде немесе металл шкафтарда, терезе торларымен, сенімді бекіткіштері бар металл қағылған есіктермен және ІІМ бөліністері кезекші бөлімінің орталық пультіне қосылған күзет-өрт сигнализациясымен жарақталған құрғақ, оқшауланған үй-жайларда жүзеге асырылуы тиіс.
      5. МТНБ-ның (жаңа және телнұсқалардың) кіріс-шығысын есепке алу кітаптары (бұдан әрі – Кітап) (осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес) ІІМ Жол полициясы комитетінің (бұдан әрі - ЖПК), ішкі істер органдары бөліністерінің кеңселерінде (хатшылықтарында) тіркелуі тиіс. Кітаптардағы барлық парақтар нөмірленуі, тігілуі және ішкі істер органдары тиісті бөлінісінің мөрімен бекітілуі тиіс. Кітаптардың соңғы бетінде ЖПК, ІІД ЖПБ басшысының, бастықтың (Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі, Қарағанды облысы ІІД-нің 4-бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің 4 және 5-бөлімдері) қолымен: «Осы кітапта _______ парақ нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген» деп көрсетіледі. Кітаптағы жазбалар сиямен немесе шарикті қаламсаппен жазылады. Жіберілген қателер сызып тастау немесе жаңа жазбаны енгізу жолымен, түзету мерзімін көрсете отырып, түзеткен адамның қолы қойылып түзетіледі және ТЕБ мөрімен расталады.
      6. МТНБ-ны, ЖК-ны және КҚТК-ны беруді есепке алу кезінде МТНБ-ны, ЖК-ны және КҚТК-ны беру туралы мәліметтерді күнделікті жинақтау арқылы компьютерлік басудың әрбір парағына реттік нөмір қоя отырып, Жүргізуші куәліктерін беру тізілімі мен Көлік құралдарын тіркеу тізілімі (осы Нұсқаулыққа 23-қосымшаларға сәйкес) қалыптастырылады. Бұл ретте ТЕБ бастығы әрбір парақтың соңында берілген МТНБ-ның, ЖК-ның және КҚТК-ның саны туралы жазады.
      7. Тізілімдердің жинақталуы бойынша саны 100 парақтан тұратын жеке номенклатуралық іс қалыптастырылады.
      Кітаптарды, көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру тізілімдері бар номенклатуралық істерді сақтау мерзімдері соңғы жазылған күнінен бастап 60 жылды құрайды.

2. МТНБ-ны қабылдау, есепке алу, сақтау, жұмсау және жою

      8. Тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы (бұдан әрі - ТЕБ) ауданаралық тіркеу-емтихан бөлімдерінен (бұдан әрі - АТЕБ), тіркеу-емтихан алу пункттерінен (бұдан әрі - ТЕП) және тіркеу пункттерінен (бұдан әрі - ТП) алынған, МТНБ-ге жаңа және телнұсқаларының нақты қажеттілігін ескере отырып, ағымдағы жылдың 10 күніне дейінгі мерзімде алынған өтінімдердің (осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес) негізінде алдын ала қаржы қызметімен (Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы (бұдан әрі – КҚеБ) келісілген, келесі айға арналған өтінімді (осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес) ресімдейді және бекіту үшін факсимильді байланыспен (электрондық пошта арқылы) ағымдағы айдың 15-іне дейінгі мерзімде ЖПК-ге ұсынады.
      ЖПК 5 жұмыс күні ішінде жиынтық өтінімді (осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес) ресімдейді және Жеткізушіге жібереді.
      9. Жеткізушінің өкілі тіркеу-емтихан қабылдау бөлінісінің өкіліне жиынтық өтінімге сәйкес, тауар-материалдық бағалы заттардың тиелген партиясын алуға арналған сенімхат негізінде МТНБ-ны түсіруді жүзеге асырады.
      10. МТНБ-ның орамы олардың жоғалуына, бұзылуына жол бермеуі тиіс. МТНБ бар орамдарды заңсыз ашуды болдырмау үшін оларды Жеткізуші мөрлеуі тиіс.
      11. МТНБ-ны жеткізуді Жеткізуші өңірлерге жүк тиегіш тәсілімен түсіру арқылы өтінімге сәйкес ІІМ-нің тиісті бөліністерінің деректемелері бойынша жүзеге асырады.
      Жеткізілетін МТНБ-ның әр партиясында Жеткізуші мынадай құжаттарды: шот-фактураны (түпнұсқа), жүкқұжаттың үш данасын қоса береді.
      12. МТНБ-ны Жеткізушіден ТЕБ-ге қабылдап алуды жүкқұжаттың негізінде оларды алған күні Комиссия жүзеге асырады, бұл ретте орамның жай-күйі және бүтіндігі (мөртабанның бар-жоғы) тексеріледі. Орамдарды ашу кезінде МТНБ-ның саны, сериялары және нөмірлері тексеріледі, олардың ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігі салыстырылады. Ішкі істер органдарының бөліністерінде МТНБ-ны қабылдау үш данадағы қабылдау актісімен (осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес) ресімделеді. Үш жұмыс күні ішінде актінің бір данасы МТНБ-ны алғанын растау үшін Жеткізушіге жіберіледі, екіншісі ішкі істер органдарының қаржы қызметіне беріледі, үшіншісі материалдық жауапты адамның істерінде сақталады.
      13. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 489 болып тіркелген, «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына сәйкес дайындалған КҚТК, ЖК және МТНБ бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген актілерінің негізінде есеп беру айы ішінде ішкі істер органдарының қаржы қызметі Жеткізушіге төлем жүргізеді және 178 «Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге де дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу» субшот дебетіне және 090 «Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы мақсаттар» субшот кредиті бойынша жазады.
      МТНБ-ның Жеткізушіден келіп түскен сомаға 178 субшот кредитінен 067 «Өзге де материалдар» субшот дебетіне жазба жүргізіледі.
      14. Материалдық жауапты адамдар МТНБ (жаңа және телнұсқа) қозғалысының есебін жүргізеді. МТНБ-ның кіріс-шығысын есепке алу кітаптарының кіріс бөлігінде жазбалар жазу үшін МТНБ-ның кірісіне арналған құжаттар, ал шығыс бөлігінде – МТНБ-ны басқа материалдық жауапты адамдарға беруге арналған жүкқұжаттар (осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес) не болмаса Берілген МТНБ тізілімдерінің қорытынды деректері (жаңа және телнұсқа) (осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес) негіз болып табылады, олар Көлік құралдарын тіркеу тізілімдерінің деректеріне және МТНБ-ның телнұсқаларын беру тізілімінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. МТНБ-ның жұмсалған қалдығы МТНБ-ны есепке алу кітабына әрбір айдың басына, сондай-ақ тексеріс жүргізу кезінде шығарылады.
      15. МТНБ-ны жеке және заңды тұлғаларға беру Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты алғаннан кейін:
      1) жаңа МТНБ - Көлік құралдарын тіркеу тізілімінде қол қойылып;
      2) МТНБ телнұсқалары - Көлік құралдарын тіркеу тізілімінде қол қойылып жүргізіледі.
      Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат МТНБ-ны (жаңа және телнұсқа) беруге негіз болған құжаттармен бірге тігіледі және тіркеу-емтихан қабылдау қызметін реттейтін нормативтік актілерге сәйкес сақталады.
      16. МТНБ-ны жоғалтқан не болмаса ол ҚР СК 986-2003 ГОСТ талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (бір данасы немесе жиынтығы) көлік құралы иесінің (жеке немесе заңды тұлғаның) өтініші бойынша (бұдан әрі - өтініш) КҚТК-ны ауыстырмай, 30 күн ішінде МТНБ-ның телнұсқасы дайындалады. МТНБ-ның телнұсқасын дайындау туралы өтініш әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін МТНБ-ны алу мәнін тексергеннен және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін қабылданады.
      Тұпнұсқасы бар (ҚР СК 986-2003 ГОСТ талаптарына сәйкес келмейтін) МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде оның тұпнұсқасы ТЕБ-ге тапсырылады.
      МТНБ-ның телнұсқаларын беруге негіз болған құжаттар жеке іске қалыптастырылады және тіркеу-емтихан қабылдау қызметін реттейтін нормативтік актілерге сәйкес сақталады.
      17. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне (Салық кодексі) сәйкес нөмірлік белгісі «Көлік құралдары мен олардың тіркемелері үшін жарық қайтаратын жабыны бар мемлекеттік, тіркеу белгілері» ҚР СК 986-2003 ГОСТ талаптарына сәйкес келіп, олар көлік құралында тіркелген жағдайда бұрын пайдаланылған нөмірлік белгілерді қайта беру мынадай жағдайларда:
      1) МТНБ берілген көлік құралының меншік иесі көлік құралының техникалық деректеріне өзгерістер енгізген, көлік құралы тіркелген облыста тұрған жағдайда, тұрғылықты мекен-жайын өзгерткен жағдайда;
      көрсетілген нөмірлік белгі берілген, бұрын жеке меншік иесінің атына тіркелген көлік құралын бір уақытта есептен шығарған жағдайда, көлік құралын өз атына қайта тіркеуге жеке меншік иесі ниет білдірген жағдайда, мемлекеттік бажды төлемей жүзеге асырылады.
      2) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің не болмаса сыйға беру шартының негізінде иесі өзгерген жағдайда;
      көрсетілген нөмірлік белгі берілген, бұрын жеке меншік иесінің атына тіркелген көлік құралын есептен шығарған жағдайда, көлік құралын өз атына қайта тіркеуге жеке меншік иесі ниет білдірген жағдайда;
      елшіліктер рангіне теңестірілген және Қазақстан Республикасының аумағында Сыртқы істер министрлігі аккредиттеген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарға тиесілі көлік құралдарын қайта тіркеу кезінде мемлекеттік бажды төлей отырып, жүзеге асырылады.
      18. ЖПК-нің, ІІД-нің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, Қарағанды облысы ІІД 4-бөлімінің, Шығыс Қазақстан облысы ІІД 4 және 5-бөлімдерінің ТЕБ есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей тиісті бөліністің қаржы қызметіне берілген МТНБ тізілімімен бірге (жаңа және телнұсқа) МТНБ-ның қозғалысы туралы есепті (осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес) ұсынады.
      19. Көлік құралдарынан алынып тасталған және одан әрі пайдалануға жарамсыз МТНБ ТЕБ-ге тапсырылады. Бұрын пайдаланылған МТНБ-ны жоюды комиссия оларды жою туралы актіні (осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес) ресімдеп, МТНБ-ны екіге бөлу арқылы жүргізеді. Жойылған МТНБ жиналуына байланысты металл сынықтарын қабылдау пункттеріне жылына кемінде екі рет тапсырылады.
      Тапсырудан түскен ақша республикалық бюджет кірісіне аударылады, ал металл сынықтарын тапсыру туралы анықтамалар және республикалық бюджеттің кірісіне аударылған сомалар туралы түбіртектер есептермен бірге қаржы қызметіне тапсырылады және ІІМ, ішкі істер органдары бөліністері қаржы қызметтерінің жеке номенклатуралық ісіне тігіледі.
      20. МТНБ-ны басқа ТЕБ-ге беру кезінде материалдық жауапты адам 3 данада жүкқұжат ресімдейді және оларды сенімхат бойынша береді. Жүкқұжаттың бір данасын істің материалдарында қалдырады, екіншісін ҚҚеД-ге (ҚҚеБ) жолдайды, үшіншісін – ТЕБ-нің материалдық жауапты адамына - МТНБ-ны алушыға береді.
      Орталықтандырылмаған есепке алу жағдайында ҚҚеД (ҚҚеБ) МТНБ-ны беруге арналған жүкқұжаттың негізінде тиісті қаржы қызметіне хабарлама жібереді, ал орталықтандырылған есепке алу жағдайында есептілік бойынша есепті қайта бөледі. ҚҚеД (ҚҚеБ) хабарламаға растау алғаннан кейін түсірілген МТНБ-ның сомасына 230 (140) субшоттың дебетіне және 067 субшоттың кредитіне жазба жасайды немесе 067 субшот бойынша ішкі ауыстыру жүргізеді.
      21. ҚҚеД (ҚҚеБ) МТНБ-ның қозғалысы туралы есепті тексеруді және берілген МТНБ-ның сомаларын 067 субшот кредитінен 200 «Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға және басқа да іс-шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар» субшот дебетіне есептен шығаруды жүзеге асырады.
      22. Жылдың соңында ТЕБ қоймасындағы МТНБ қалдығының шекті лимиті өткен үш ай ішінде нақты берудің орта айлық 1,5 (бір бүтін оннан бес) еселік мөлшерін құрайды. Бекітілген лимитті бақылау үшін жауапкершілік ІІД жол полициясы бөліністерінің және қаржы қызметтерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, Қарағанды облысы ІІД 4-бөлімінің, Шығыс Қазақстан облысы ІІД 4 және 5-бөлімдерінің бастықтарына жүктеледі.

3. Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындау және беру

      23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671, 1672 қаулыларымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» және «Ауыл шаруашылығы тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу мен қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарының 12-тармағында көрсетілген, КҚТК немесе ЖК беру туралы жеке (заңды) тұлғаның көлік құралдарын тіркеуді және жүргізуші куәліктерін беруді жүзеге асыратын бөліністерге берілген құжаттары ЖК мен КҚТК дайындау үшін негіз болып табылады. Тиісті рәсімдерді өткізгеннен кейін ТЕБ қызметкері ЖК-ны және КҚТК-ны беру үшін негіз болған құжаттарды ЖК-ны немесе КҚТК-ны дайындау үшін ТЕБ операторына береді.
      24. ТЕБ-тің материалдық жауапты адамы мен Жеткізушінің өкілі ЖК-ны және КҚКТ-ны дайындауға берілген ЖК және КҚТК тізілімдерін 2 данада ресімдейді. Бірінші данасы материалдық жауапты адамда қалады, екіншісі есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей тиісті ҚҚеД (ҚҚеБ-ге) беріледі. Қалалық, аудандық ішкі істер органдары ТЕБ-нің материалдық жауапты адамы есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 3-інен кешіктірмей Тізілімдердің екінші данасын ІІД-нің ТЕБ-ке береді.
      Айдың соңында Жеткізуші мен ТЕБ-тің материалдық жауапты адамы арасында ЖК-ны және КҚТК-ны дайындау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі ресімделеді.
      25. ЖК-ны және КҚТК-ны беру оларды дайындағаны үшін ақының төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін тиісінше Көлік құралдарын тіркеу тізіліміне және ЖК-ны беру тізіліміне алушының қол қоюы арқылы жүргізіледі. ЖК-ны және КҚТК-ны дайындағаны үшін ақының төленгенін растайтын құжат көлік құралдарын тіркеу мен ЖК-ны беруге негіз болған құжаттармен бірге тігіледі және тіркеу-емтихан қабылдау қызметін реттейтін нормативтік актілерге сәйкес сақталады.
      26. ІІД-нің, ЖПК-нің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, Қарағанды облысы ІІД 4-бөлімінің, Шығыс Қазақстан облысы ІІД 4 және 5-бөлімдерінің ТЕБ есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей Берілген ЖК-ның және КҚТК-ның тізілімдерімен бірге ЖК-ның және КҚТК-нің қозғалысы туралы есепті тиісті бөліністің қаржы қызметіне ұсынады.
      ЖК-ны және КҚТК-ны дайындау процесінде ақау туындаған кезде материалдық жауапты адам Жеткізушінің өкілдерімен бірлесіп, ақаудың себептерін көрсете отырып, үш данада ақаулы өнімді есепке алу актісін (осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес) жасайды. Ай сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-іне актінің бірінші данасы ҚҚеД-нің (ҚҚеБ)-нің тиісті қаржы қызметіне, екіншісі Жеткізушінің өкіліне жіберіледі, үшіншісі материалдық жауапты адамда сақталады. ТЕБ қызметкерлерінің кінәсінен жол берілген ақау саны шығарылған өнімнің жалпы санынан 1%-тен асқан жағдайда, Жеткізуші шығарған өнім ретінде ақауға жол берген қызметкер төлеуі тиіс.

4. МТНБ-ны есепке алудың, сақтаудың, жұмсаудың және жоюдың жай-күйін, берілген МТНБ, ЖК және КҚТК үшін мемлекеттік бажды төлеудің толық түсуін тексеру

      27. Ай сайын ҚҚЕД (ҚҚЕБ) мен Жеткізушінің арасында жіберілген және алынған МТНБ-ның саны мен сомасы, дайындалған ЖК-ның және КҚТК-ның саны мен сомасы бойынша салыстыра тексеру жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша екі данада акт ресімделеді, оның бірінші данасы ҚҚеД-нің (ҚҚеБ-нің) жеке номенклатуралық ісіне тігіледі, ал екіншісі Жеткізушінің мекен-жайына жіберіледі.
      28. МТНБ-ны, дайындалған ЖК мен КҚТК-ні есепке алудың, сақтаудың, жұмсаудың және жоюдың, мемлекеттік бажды төлеудің жай-күйін тексеруді кемінде 5 адамнан, тақ саннан тұратын арнайы тексеру комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
      Комиссия төраға, комиссия мүшелері мен хатшысы құрамынан құрылады. Комиссия мүшелерінің құрамына Жеткізушінің, қаржымен қамтамасыз ету, жол полициясы (арнайы полиция) және өзіндік қауіпсіздік қызметтерінің өкілдері кіреді.
      Мыналар:
      - республикалық маңызы бар комиссия құрамы Ішкі істер министрінің жол қозғалысы қауіпсіздігіне жетекшілік ететін орынбасарының бұйрығымен;
      - облыстық маңызы бар комиссия құрамы тиісті аумақтық ІІД бастығының бұйрығымен (Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі, Қарағанды облысы ІІД-нің 4-бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің 4 және 5-бөлімдері барстықтарының бұйрықтарымен) бекітіледі.
      Жеткізушінің өкілін тарта отырып, тексеру ІІМ, ІІД ТЕБ-де (Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі, Қарағанды облысы ІІД-нің 4-бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің 4 және 5 бөлімдері):
      - республикалық тексеріс 2 жылда бір реттен кем емес, кемінде 20 күнтізбелік күн;
      - облыстық тексеріс жылына екі рет 15 күнтізбелік күн жүргізіледі.
      29. Соңғы тексерісті жүргізген күннен бастап кезеңде ресімделген барлық материалдар тексерілуі тиіс. Тексеріс барысында мынадай мәселелер:
      келіп түскен МТНБ-ны кіріске алудың уақтылығы мен толықтығы;
      арнайы өнімді сақтау жағдайлары;
      арнайы өнімді жоюдың белгіленген тәртібін сақтау;
      арнайы өнім қалдықтарының нақты бар-жоғын есепке алу деректеріне сәйкестігі;
      тіркеудің негізі, тіркеуге өзгерістер енгізу, заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарын есептен шығару;
      көлік құралдарын, нөмір агрегаттарын, тораптарды сатып алудың заңдылығын растайтын, тіркеу құжаттарын, МТНБ-ны беру, сондай-ақ көлік құралдарын қайта жабдықтау үшін негіз болған құжаттардың бар-жоғы және түпнұсқалығы;
      жүргізуші куәліктерін берудің негізділігі (алғашқы не болмаса жарамсыз болғанның немесе жоғалғанның орнына берілген);
      тіркелген көлік құралдарына және көлік құралдарын басқару құқықтарынан айырылған адамдарға арналған есепке алу кітаптары мен карточкаларының бар-жоғы және оларды жүргізу дұрыстығы;
      тізілімдердегі жазбалар мен көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша компьютердің деректер банкінің арнайы өнімді алу немесе тіркеу құжаттарын өзгерту үшін негіз болған құжаттардың деректерімен сәйкестігі;
      жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік құралдарын басқару құқықтарынан айырылған адамдардың жүргізуші куәліктерін есепке алу, сақтау және беру тәртібі;
      құжаттарды сақтау мерзімдерін сақтау және тіркеу-емтихан қабылдау жұмысы бойынша іс жүргізу;
      алдыңғы тексерістің нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою;
      жол және арнайы полиция тіркеу-емтихан қабылдау бөліністерінің белгіленген жұмыс режимін сақтау;
      тіркеудің, тіркеуге өзгерістер енгізудің, көлік құралдарын есептен шығарудың, жүргізушілерге көлік құралдарын басқаруға рұқсат берудің, емтихандар қабылдаудың және азаматтарға жүргізуші куәліктерін берудің тәртібін түсіндіретін ақпараттық-анықтамалық материалдардың бар-жоғы;
      МТНБ-ны, ЖК-ны, КҚКТ-ны бергені, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені (қайта тіркеу) үшін мемлекеттік бажды төлеу фактісін растайтын төлем құжаттарының бар-жоғы зерделенеді.
      30. Тексеріс тұтас тәртіппен жүргізіледі, бұл ретте МТНБ-ны, ЖК-ны және КҚКТ-ны беруге негіз болған барлық құжаттар, тіркеу және емтихан қабылдау жазбалары мұқият зерделенеді.
      31. Тексеріс процесінде көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, жүргізуші куәліктерін беру тәртібін бұзу анықталған жағдайда, комиссия төрағасы бұл туралы ІІМ-нің, ІІД-нің басшылығына баяндауға міндетті.
      32. Тексеріс нәтижелері бойынша комиссия төрағасы анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды, орындаушылардың орындау мерзімін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі ұсыныстары бар 29, 30, 31-тармақтарға сәйкес анықтама толтырады. Анықтамаға комиссия мүшелері, ТЕЖБ-нің, ТЕБ-тің, ТЕП-тің, ТП-тің бастығы (аға қызметкері), ІІМ ЖПК-нің, ІІД ЖПБ-ның бастығы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, Қарағанды облысы ІІД 4-бөлімінің, Шығыс Қазақстан облысы ІІД 4 және 5-бөлімдерінің басшылығы қол қояды. Анықтама үш данада жасалады, оның біреуі ҚҚеД-ге (ҚҚеБ-ге) жіберіледі, екіншісі ЖПК (ЖПБ) кеңсесінде сақталады, үшіншісі материалдық жауапты адамның істеріне сақталады.
      Анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ тексеріс анықтамасы бойынша наразылық болған жағдайда, ТЕБ бастығы (аға қызметкер) бір уақытта анықтамаға қол қойып, жазбаша түрде түсініктеме ұсынады.
      33. Тексеріс аяқталғаннан кейін оның нәтижелері ЖПК, ІІД, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі, Қарағанды облысы ІІД-нің 4-бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің 4 және 5-бөлімдері басшылығының жанындағы жедел кеңестерде қаралады. Бұл ретте анықталған кемшіліктерді жою және ТЕБ қызметін жетілдіру жөнінде нақты шешімдер қабылданады.
      Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдаудың, есепке алудың, сақтаудың және жұмсаудың белгіленген тәртібін бұзудың анықталған фактілері бойынша қызметтік тергеу тағайындалады, оның нәтижелері екі күндік мерзімде ЖПК-ге жолданады.

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша 

нысан

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің кіріс-шығысын есепке алу кітабы

КІРІС

Келіп түскен күні

Жүкқұжаттың №

Кімнен алынды

МТНБ сериясы


Нөмірленуі

Саны

Бағасы теңге

Сомасы, теңге

Нөмірден

Нөмірге дейін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Шығыс

Қалдық

Шығыс күні

Жүк құж-тың немесе тізілімінің №

МТНБ сериясы

Нөмірден нөмірге дейін қоса алғанда

Саны, дана

Бағасы, теңге

Сомасы, теңге

Сериясы

Нөмірден нөмірге дейін қоса алғанда

Саны, дана

Сомасы, теңге

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша 

нысан

Жүргізуші куәліктерін беру тізілімі

№ ________________ парақ    

Р/с

Дайындалған күні

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні мен жері

Тұрғылықты жері

Жұмыс орны

Беру негізі

Хаттама нөмірі

Рұқсат берілген санаттар

Төлегенін растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні

Сомасы, теңге,

ЖК-ның сериясы мен нөмірі

Алға ны туралы қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1.













2.













3.













      ЖПК АТЕБ, ІІД ЖПБ ТЕБ, ҚАЛАIIБ (б) ТЕБ
      бастығы

      _______________________      __________________________
       (атағы, қолы, Т.А.Ә.)         (лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)

      қолы _______                           қолы __________
      20__ж. «__» ______                     20__ж. «__»_____
                                         № ______ парақ

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 3-қосымша 

нысан

Көлік құралдарын тіркеу тізілімі


р/с

Тиес ілігі

Көлік құралы

Берілгені

Төленгені

Алғаны туралы қолы

ЖП қызметтік белгілері

Түсі

Маркасы

Қозғалтқыш нөмірі

Шасси нөмірі

Шанақ нөмірі

КҚТК-нің сериясы, нөмірі

МТНБ-нің сериясы, нөмірі

Атауы, төлемді растайтын құжаттың №

Сома сы теңге

КҚКТ

МТНБ

Заңды сатып алуды растайтын құжат

Есептен шығару (қайта тіркеу)

Шығарылған жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

















































Қызметтік белгілер _____________________________________________
ТЕЖб, ТЕб, ТЕБ, ТП, бастығы:
__________________________ М.О         _________________________
   (атағы, қолы, Т.А.Ә.)                    (қолы, Т.А.Ә.)
№__парақ 20__ж. «__» _____             №___парақ 20__ж.«__»_____

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 4-қосымша 

нысан

Бекітемін            
      ҚАІІО бастығы        
___________________________
(атағы)         
___________________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)    
      20__ж. «__»____________   
      ___________________________
      (ҚАПБ(б)атауы)     

20_____жылғы)___________
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған өтінім

р/с

МТНБ типі

Литер-Сериясы

Бастапқы нөмірі

Соңғы нөмірі

Саны, дана

1

2

3

4

5

6

1

1





2





3

2





4





5

3





6

5





7

7





8





9





10





ҚАІІБ(б) ТЕП (ТП) бастығы ____________________________________
                                   (атағы, қолы, (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 5-қосымша 

нысан

Келісілді                                        Бекітемін
ІІД ҚҚеБ бастығы                                 ІІД ЖПБ бастығы
_____________________                          ____________________
(атағы, қолы, Т.А.Ә.)                              (атағы)
20___ж «__» ________                           ____________________
                                                  (қолы) (Т.А.Ә.)
20___ж «__» ________
____________________
(ІІД ЖПБ-ның атауы)

20__жылғы__________________________
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған өтінім

р/с

МТНБ типі

Литер-Сериясы

Бастапқы нөмірі

Соңғы нөмірі

Саны, дана

1

2

3

4

5

6

1

1





2





3

2





4





5

3





6

5





7

7





8





9





10





ІІД ЖПБ ТЕБ бастығы _______________________________________
                            (атағы, қолы, Т.А.Ә.)
                           20 ж. «__» ______________

Ескертпе: ЖПК-ге әр күнтізбелік айдың 15-інен кешіктірмей ұсынылады.

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 6-қосымша 

нысан

      Бекітемін            
      ҚР ІІМ ЖПК төрағасы         
      _____________________________
(атағы)          
      _____________________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)     
      20__ж «__»____________      

20__жылғы_______________________
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған жиынтық өтінім

р/с

МТНБ типі

Литер-Сериясы

Бастапқы нөмірі

Соңғы нөмірі

Саны, дана

1

2

3

4

5

6

1

1





2





3

2





4





5

3





6

5





7

7





8





9





10





МТНБ-ны дайындауға және жеткізуге арналған жиынтық өтінімді жасаған жауапты адам
__________________________________________________________________
                  (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)

20__жылғы «__»__________

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 7-қосымша 

нысан

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қабылдау актісі

20__ж. «__»___________        __________________________
                                      (елді мекен)
___________________________________________________________________
(ЖПК, ІІД) бастығының 20__ж. «__»________№____ бұйрығының негізінде әрекет ететін мынадай құрамдағы
комиссия __________________________________________________________
                    (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)
Жеткізуші өкілінің қатысумен ______________________________________
___________________________________________________________________
келіп түскен МТНБ-ны
20__ж. «__» _________№________ жүкқұжат бойынша қабылдады.
Орамды ашу кезінде мыналар анықталды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(МТНБ сериясының литерлері мен көрсете отырып, типі, саны бойынша
      көрсетіледі, оның ішінде жарамсыз, жетіспейтін, артық МТНБ
                              санамаланады)

      Қабылдау актісі үш (төрт) данада жасалды және
1 данасы - Қазақстан Республикасы ІІМ ЖПК-нің, ІІД ТЕБ-нің материалдық жауапты адамына
2 данасы - Жеткізушіге
3 данасы - Қазақстан Республикасы ІІМ ҚҚеД-ге, ІІД ҚҚеБ-ге берілді.

      Комиссия мүшелері:                     Жеткізушінің өкілі:
      __________________________            ________________________
           (қолы, Т.А.Ә.)                         (қолы Т.А.Ә.)
      __________________________
           (қолы, Т.А.Ә.)
      __________________________
           (қолы, Т.А.Ә.)

Осы актіде атаулары жазылған барлық бағалы заттар, өзімнің қатысуымен тексеріліп, актіге дұрыс енгізілді және оларды мен қабылдадым.

      Материалдық жауапты адам __________________________________
                                 (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)
                            20__ж. «__» _______________

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 8-қосымша 

нысан

Жіберуші ____________________________
Қабылдаушы __________________________
Кім арқылы __________________________
Сенімхат бойынша ____________________

2010 жылғы «__» ___________
№______жүкқұжат

р/с

МТНБ типі

МТНБ сериясы мен нөмірі

Саны, бағасы, сомасы (теңге)

1




2




Жиыны




Жіберді _________________ Т.А.Ә._____________ /қолы/

Қабылдады _______________ Т.А.Ә._____________ /қолы/

М.О.                                         М.О.

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 9-қосымша 

нысан

20__ж.________________
(айы) Берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері телнухқаларының тізілімі

р/с

Иесінің Т.А.Ә, ұйымның атауы

КҚТК № және сериясы

МТНБ сериясы және нөмірі

Типі

Саны дана

Төлегенін растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні

Қолы

Алған күні


1

2



3



5

6
















































Барлығы








ІІД ЖПБ АТЕБ, ҚАІІБ (б) ТЕП
бастығы ____________________________________
              (Т.А.Ә., атағы, қолы)

20__ж.«__» ______

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 10-қосымша

нысан

_______________________
(ІІО бөлінісінің атауы)

20__ж._______________
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қозғалысы туралы есеп

Р\с

МТНБ-ның типі

Бағасы, теңге

Айдың басындағы қалдығы

Бір айдағы кіріс

Бір айдағы шығыс

Айдың соңындағы қалдығы

Саны, дана

Сомасы, теңге

Саны, дана

Сомасы, теңге

Саны, дана

Сомасы, теңге

Саны, дана

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

1










2










3

2










4










5

3










6

5










7

7










8










9










10












Барлығы:










      ЖПК АТЕБ-тің, ІІД ЖПБ ТЕБ-тің, ҚАЛАIIБ (б) ТЕБ-тің бастығы
      __________________________________________________________
                          (атағы, қолы, Т А.Ә.)

20__ж.«__» _______

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 11-қосымша

нысан

      Бекітемін                 
      Орган басшысы             
      ___________________________
      (лауазымы, атағы)   
      ___________________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)    
      20__ж «__» _________      

20__жылғы______________________
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жою актісі

р/с

МТНБ типі

Сериясы

Нөмірлеуі

Саны, дана

Сериясы

Нөмірлеуі

Саны, дана

Сериясы

Нөмі рлеуі

Саны, дана

Барлығы

1



3


4


5



6

1











2

2











3











4

3











5

5












7










Х




































Жиыны:


Жиыны:


Жиыны:


      Барлығы _____________________________________
                        (саны жазумен)

Комиссия мүшелері ______________________________
                 (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)
                 _______________________________
                 (лауазымы, атағы, колы, Т.А.Ә.)
                 _______________________________
                 (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы       
ішкі істер органдарының      
жол және арнайы полиция      
бөліністерінде мемлекеттік   
тіркеу нөмірлік белгілерін,  
жүргізуші куәліктерін және   
көлік құралдарын тіркеу      
туралы куәліктерді қабылдау, 
есепке алу, сақтау және жұмсау
туралы нұсқаулыққа 12-қосымша

нысан

20__ж._____  __________ облыстың тіркеу-емтихан бөлінісі
(айы)    (бөліністің атауы)
бойынша ақаулы өнімді есепке алу актісі

Құжаттың атауы

Сериясы мен нөмірі

Ақаулы өнімнің орнына берілді

Ақаудың туындау себебі

Ақауға жол берген адамның Т.А.Ә. және лауазымы

Қолы

1

2

3

4

5

6













Ақаулы өнімнің орнына берілді

АТЕБ, ТЕБ, ТЕП бастығы     _________________________________
                                  (атағы, қолы, Т.А.Ә.)

Жеткізушінің өкілі         _________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады