Мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы міндеттеме нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 107 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6097 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы міндеттеме нысаны бекітілсін.
      2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 22 ақпандағы  
№ 107 бұйрығымен бекітілген

Нысан

Мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы міндеттеме

20__ «__» ___________
__________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің - бюджеттік субсидия алушының ____________________________________________________________
      атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке
__________________________________________________________________
                    сәйкестендіру  нөмірі)

мемлекеттік статистика органдарына 20__ жылы алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайынғы жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беруге міндеттенемін.
      Осы міндеттемені орындау келесі жылы атаулы субсидиялау бағдарламасына қатысуға қажетті шарт болып табылады.

      Бастық ____________ ________________________
                қолы                Т.А.Ә.

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады