Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 165 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3700. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының 3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына, "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ережесінің 15-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
агенттігі Басқармасының     
2005 жылғы 28 мамырдағы     
N 265 қаулысымен бекітілген  

Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ереже

      1. Осы ереже клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі тәртібін, нысанын және мерзімін белгілейді.

      2. Инвестициялық портфельді басқарушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қағаз және электронды тасымалдағышта есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын мыналарға:
      өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін Клиенттер (активтері инвестициялық басқарудағы әр клиенттер бөлігінде) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ереженің 1, 2 (1, 2-нысандарды), 3, 4-қосымшаларына сәйкес;
      есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (3, 4, 5-насандарды) сәйкес есепті береді.       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.02.01 N 9 Қаулыларымен.

      3. Қағазға шығарылып жасалған, басшы, бас бухгалтер қол қойған және инвестициялық портфельді басқарушылардың мөрі басылған есептерге еркін нысанда жасалған ілеспе хат қоса беріледі.

      4. Электронды нысанда жасалған есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      5. Есептердің барлық беттері нөмірленеді, беттердің жалпы саны ілеспе хат уәкілетті органға жіберілген кезде көрсетіледі.

      6. Ұсынылған есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда инвестициялық портфельді басқарушылар уәкілетті органға өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізу қажеттігін түсіндіре отырып, есептің түзетілген нұсқасын береді.

      7. Уәкілетті орган есепті қарау кезінде инвестициялық портфельді басқарушылардан есепте көрсетілген ақпаратты тексеруге қажет болған мәліметтер мен құжаттарды сұратады.

      8. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша шешіледі.

                                     Клиенттер мен инвестициялық
                                      портфельді басқарушылардың
                                         меншікті активтерін
                                     инвестициялау туралы жасалған
                                       мәмілелердің есебін ұсыну
                                      жөніндегі ережеге 1 қосымша

      _______________ бастап __________________ кезең аралығында
   Активтерді инвестициялау жөнінде жасалған мәмілелер туралы
                                 ЕСЕП
                  [Клиенттің ілік септігіндегі атауы]
  [Инвестициялық портфельді басқарушының ілік септігіндегі атауы]

              1-нысан. КЛИЕНТТЕР АКТИВТЕРІ ЕСЕБІНЕН
                  САТЫП АЛЫНҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

N

Мәміле
жасалған
күн

Бро-
кердің/
дилердің
атауы

Қызметке
төлем жасау

Мәмі-
ленің
түрі

На-
рық 2

Бағалы
қағаз-
дың
түрі
және
оның
эмитен-
тінің 3
атауы

Бро-
кер-
дилер

банк-
тің

бир-
жа-
ның










  кестенің жалғасы

Ұлт-
тық
біре-
гей-
лен-
діру
нө-
мірі

Номи-
налдық
құнды
валюта
(орна-
лас-
тыру
баға-
сы) 4

Бір
бағалы
қағаз-
дың
номи-
налды
құны
(орна-
лас-
тыру
баға-
сы)

Мә-
міле
кө-
лемі
(ба-
ғалы
қа-
ғаз-
дың
дана-
сы)

Тө-
лем
ва-
лю-
та-
сы 4

Бір
ба-
ғалы
қа-
ғаз-
дың
сатып
алу
баға-
сы 5

Бағалы
қағаз
бо-
йынша
кіріс-
тілік
(про-
цент-
пен) 6

Мә-
міле
сома-
сы 7









        Ескерту:
      1 Мәміле түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу және басқалар).
      2 сауда жүйесінде мәміле жасаған не мәмілені ұйымдастырылмаған нарықта жасаған сауда-саттық ұйымдастырушысы көрсетіледі.
      3 эмитенттің атауы және бағалы қағаздар түрі көрсетіледі. Мәміледе халықаралық нарықта жасалған жағдайда REUTER жіктеуі бойынша сауда кодтары пайдаланылады.
      4 Валюталар кодтары Қазақстан Республикасының "Валюталар мен қорларды белгілейтін кодтар" 07 ИСО 4217-2001 мемлекеттік жіктеліміне сәйкес көрсетіледі.
      5 Сатушыға төленген сыйақыны ескере отырып, мәміленің жасалғандығын растайтын бастапқы құжатта көрсетілген баға үтірден кейін төрт белгіге дейін нақты көрсетіледі (биржа куәлігі, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау).
      6 Борыштық бағалы қағаздар бойынша кірістілік жылдық процент бойынша көрсетіледі (облигациялармен мәмілелер бойынша - шеттету немесе сатып алу нәтижесі бойынша пайда болған кірістілік; "репо"  және кері "репо" операциялары бойынша - репо мәмілелерін жасау бойынша пайда болған кірістілік).
      7 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей, үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, соманы көрсетіледі.

     2-нысан. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНДЕГІ
          ЖӘНЕ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫМДАР



N

Ақша
ауда-
рыл-
ған
күн 1

Банк-
тің
атауы

Салым
бо-
йынша
опе-
ра-
ция-
лар 2

Жасал-
ған
күні
және
банк
салымы
шар-
тының
нөмірі

Салым
мер-
зімі
(күн-
мен)

Сыйақы
став-
касы
(жыл-
дық
про-
цент-
пен)

Салым
валю-
тасы

Салым
со-
масы 3










       Ескертулер:
      1 салым енгізілген жағдайда 1-бағанда  клиенттің шотынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі банктік шотқа ақшаның аударылған күні көрсетіледі не мерзімінен бұрын қайтарылған немесе шарт бұзылған жағдайда - ақшаның клиенттің шотына қайтарылған күні көрсетіледі. 
      2 Салым бойынша операциялар 3-бағанда көрсетіледі (ақшаны салымға енгізу, салым бойынша сыйақы төлемін жасау, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімінің бітуіне байланысты салымды қайтару).
      3 8-бағанда жинақталған сыйақы сомасы  үтірден кейін екі белгіге дейін нақты бере отырып, көрсетіледі.

                                     Клиенттер мен инвестициялық
                                      портфельді басқарушылардың
                                         меншікті активтерін
                                     инвестициялау туралы жасалған
                                       мәмілелердің есебін ұсыну
                                      жөніндегі ережеге 2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

               (инвестициялық портфельді басқарушының атауы ілік септігінде)
меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есебі

1-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар   

N

Мәмілежасалған
күн
 


Брокердің/
дилердің
атауы

Қызмет ақысы

Мәміле
түрі

Нарық2

Бағалықағаздың
түрі және
оның эмитентінің
атауы3

Ұлттық сәйкестендіру нөмірі

Брокер-дилердің

Банктің

Биржаның


1

2

3

4

5

61

72

83

9

кестенің жалғасы:       

Номиналдық құн валютасы (орналастыру бағалары)4

Бір бағалы қағаздың номиналдық құны (орналастыру бағасы)

Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы)

Төлемвалютасы4

Бір бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы

Бағалы қағаз  үшін сатып  алу бағасы5

Бағалы
қағаздар бойынша кірістілік (пайызбен)6

Мәміле сомасы









      Ескертулер:
      1 Мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу және басқалар) көрсетіледі.
      2 Сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
      3 Эмитенттің атауы және бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
      4 Валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      5 Сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
      6 Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - репо мәмілесін жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
      7 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен мәмілені орындаумен байланысты, шығыстарды ескерусіз сома көрсетіледі.

2-нысан. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар     

N

Ақша аударылатын күн1

Банктің
атауы

Салым бойынша операциялар2

Банктіксалым шартының жасалған күні және нөмірі

Салым мерзімі (күнмен)

Сыйақы
ставкасы
(жылдық пайызбен)

Салым валютасы

Салым
сомасы3










      Ескертулер:
      1 Салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа инвестициялық шоттан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
      2 Салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
      3 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен жиналған сыйақыны ескеріп, сома көрсетіледі.

3-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған бағалы қағаздар

N

Мәмілежасалған
күн
 


Брокердің/
дилердің
атауы

Қызмет ақысы

Мәміле
түрі1

Нарық2

Бағалықағаздың
түрі және
оның эмитентінің
атауы3

Ұлттық сәйкестендіру нөмірі

Брокер-дилердің

Банктің

Биржаның











кестенің жалғасы:      

Номиналдық құн валютасы (орналастыру бағалары)4

Бір бағалы қағаздың номиналдық құны (орналастыру бағасы)

Мәміле көлемі (бағалы қағаздар данасы)

Төлемвалютасы4

Бір бағалы қағаз үшін сатып алу бағасы5

Бағалықағаздар бойынша кірістілік (пайызбен)6

Мәміле сомасы

Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер

Атауы

Қызмет түрі

Орналасқан орны









      Ескертулер:
      1 Мәміленің түрі (сатып алу, сату, өтеу, кері "репо" операциясы - ашу/жабу) көрсетіледі.
      2 Сауда жүйесінде мәміле жүзеге асырылған сауда-саттықты ұйымдастырушысы немесе мәміленің ұйымдастырылмаған нарықта жасалғандығы көрсетіледі.
      3 Эмитенттің атауы және бағалы қағаздардың түрлері көрсетіледі. Мәміле халықаралық нарықта жасалған жағдайда, REUTER жіктеушісі бойынша сауда коды пайдаланылады.
      4 Валюталар кодтары 07 ИСО 4217-2001 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктемесіне сәйкес көрсетіледі.
      5 Сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда (биржалық куәлік, брокер-дилердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау) үтірден кейінгі төрт таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген баға беріледі.
      6 Бағалы қағаздар бойынша кірістілік (облигациялармен жасалған мәмілелер бойынша – иелігінен шығару немесе бағалы қағаздардың  сауда-саттығын ұйымдастырушының сауда жүйесінде сатып алу нәтижесінде қалыптасқан кірістілік; кері "репо" операциялары бойынша - репо мәмілесін жасау нәтижесінде қалыптасқан кірістілік) пайызбен көрсетіледі.
      7 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен мәмілені жасасумен байланысты, шығыстарды ескерусіз сома көрсетіледі.

4-нысан. Кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі және екінші деңгейдегі банктердегі салымдар

N

Ақша аудары
латын күн1

Банктің
атауы

Салым бойынша операциялар2

Банктіксалымшартының жасалған күні және нөмірі

Салым мерзімі (күн мен)

Сыйақыставкасы (жылдық пайызбен

Салымвалютасы

Салымсомасы3

Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер

Атауы

Қызмет түрі

Орналасқан орны













      Ескертулер:
      1 Салым енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі немесе екінші деңгейдегі банктегі банктік шотқа инвестициялық шоттан ақша аударылған күн не мерзімінен бұрын қайтарылған күн немесе шарт бұзылған жағдайда - инвестициялық шотқа ақша қайтарылған күн көрсетіледі.
      2 Салым бойынша жүргізілген операциялар (салымға ақшаның енгізілуі, салым бойынша сыйақы төлеу, салымды мерзімінен бұрын қайтару немесе банктік салым шартының мерзімі аяқталғаннан кейін салымды қайтару) көрсетіледі.
      3 Үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен жиналған сыйақыны ескеріп, сома көрсетіледі.

5-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған және кепілге берілген не өзгеше ауыртпалық салынған өзге мүлік1       

N

Мүліктің түрі  мен қысқаша сипаттамасы

Сатып алу күні

Мүліктің орналасқан орны

Сатып алу құны

Сатып алу мақсаты

Соңғы  қайта бағалауды жүргізу күні күні

Жүргізілген қайта бағалауға сәйкес құны

Есептік күніндегі ағымдағы (баланстық) құны

Кепіл ұстаушы туралы мәліметтер

Ескерту

Атауы

Қызмет түрі

Орналасқан орны














      Ескертулер:
      1 Меншігіндегі немесе тұрақты жерді пайдалану құқығындағы жер;
      меншігіндегі ғимараттар мен құрылыстар;
      көлік құралдарын қоспағанда, машиналар мен жабдықтар.
      1, 2-нысандар есептік кезең (ай) бойынша толтырылады, 3, 4, 5-нысандар қолданыстағы шарттар негізінде есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша толтырылады."

Клиенттер мен инвестициялық
портфельді басқарушылардың
меншікті активтерін       
инвестициялау туралы      
жасалған мәмілелердің     
есебін ұсыну жөніндегі    
ережеге 3-қосымша      

      Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.         

____________ ________________ аралығындағы (клиенттің атауы ілік септігінде) (инвестициялық портфельді басқарушының атауы ілік септігінде) клиенттердің активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есебі      

N

Мәмілежасалған күн1

Брокердің/дилердің атауы

Туынды қаржы құралының түрі2

Нарық3

Базалық актив және оның рейтингі4

Мәміле талаптарын  сипаттау

Хиджерлеу объекті5

Инвестициялық шешімнің нөмірі мен күні6

Клиенттің атауы7

Ескерту












      Клиенттердің активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулер:
      1 "Күні/айы/жылы" форматында мәміле жасалған күні көрсетіледі.
      2 Туынды қаржы құралының түрі көрсетіледі (опцион, фьючерс, форвард, своп және басқа туынды қаржы құралдары).
      3 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және "қор биржасының атауы/елі" форматында оның резиденттік елі не мәміле "ұйымдастырылмаған нарық" форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетіледі.
      4 Туынды қаржы құралының базалық активі (бағалы қағаздың және оның эмитентінің атауы, валютасы, пайыздық ставкасы, тауар және өзге базалық активтер) және "базалық актив/рейтинг (рейтингтік агенттік)" форматында рейтингтік агенттік берген (бар болса) базалық активінің рейтингі көрсетіледі. Егер базалық активте рейтингтер болмаса, онда базалық актив көрсетіледі және "базалық актив/рейтингі жоқ" форматында рейтингтің жоқтығы аталады.
      5 Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалса, "иә/ хеджирлеу объектісінің деректемелері" деген форматта "иә" деген сөз және хеджирлеу объектісінің деректемелері (бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, мөлшері, валютасы) көрсетіледі. Егер мәміле хеджирлеу мақсатында жасалмаса "жоқ" деген сөз көрсетіледі.
      6 Инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны туралы инвестициялық шешімді қабылдау нөмірі мен күні көрсетіледі.
      7 Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша мәмілелер жасаған жағдайда толтырылады.

Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне 4-қосымша   

      Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 9 Қаулысымен.

___________ бастап __________________ кезең аралығында
__________________________________________________________
(инвестициялық портфельді басқарушының ілік септіктегі атауы)
клиент активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы
ЕСЕБІ

Активтердің түрі (СА/КА)1

Клиенттің атауы

Клиенттің аффилиирленгендігінің белгісі2

Мәмілені жасасу  күні3

Нарық4

Мәміле түрі5

Мәміле бойынша қарсы серіктестің атауы6

Қарсы әріптестің аффилиирленгендігінің белгісі7








кестенің жалғасы   

Қаржы құралының параметрлері

Қаржы құралының түрі

Қаржы құралын шығарған (ұсынған) эмитенттің атауы

Ұлттық сәйкестендіру нөмірі8

Бір бірлігінің бағасы 8

Мәміленің көлемі 8 (дана)

Мәміле сомасы9 (теңге)

Банктік салым шартының аяқталу күні

Ескерту

      Аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескерту:
      * Тәуекелді инвестициялаудың жабық инвестициялық пай қорларына қатысты толтырылады және уәкілетті органға беріледі.
      1 Инвестициялық портфельді басқарушының меншікті немесе клиент активтері көрсетіледі. Егер мәміле клиент активтері есебінен жасалған жағдайда, 2 және 3-бағаналар толтырылады.
      2 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес клиент инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
      3 «Күні/айы/жылы» форматында мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
      4 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елі» форматында оның резиденттік елі не мәміле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны не «халықаралық нарықта» жасалғаны көрсетіледі.
      5 Мәміленің түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, «репо» ашылу және жабылу операциясы, банктік салым шартын жасасу және өзге мәмілелер). «Репо» операциялары бойынша сонымен қатар «репо» операцияларының түрі көрсетіледі: тікелей немесе кері «репо». Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша «Ескерту» деген бағанада мәмілені жасау әдісі көрсетіледі.
      6 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болған (брокер мүддесінде әрекет еткен тұлғаны көрсетіп) жағдайда, «В» символы қолданылады және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болған жағдайда "D" символы қолданылады. Банктік салым ашылған жағдайда, банктің атауы көрсетіледі.
      7 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес қарсы серіктес инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
      8 8, 9 және 10-бағаналар сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы бойынша мәмілелер үшін толтырылады.
      9 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей (сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы және өзге), жиналған сыйақыны ескеріп (банктік салымды ашу), үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, сома көрсетіледі.
      10 «Күні/айы/жылы» форматында банктік салым шартының аяқталу күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады