Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 23 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 66 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 4 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6101 болып енгізілді. Бұйрық 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды.

      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына және "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғ.Т. Телебаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат министрі

Экономика және бюджеттік

____________ М. Құл-Мұхаммед

жоспарлау министрі


___________ Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2010 жылғы 11 ақпандағы № 23 және
Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2010 жылғы 17 ақпандағы № 66
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының толықтыру (жинақтау) көздерін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу мақсатында және "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы мен "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабын орындау үшін әзірленген.

      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі - қызмет барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары жасалатын жеке және заңды тұлғалар; сондай-ақ мұрағат ісін жүргізу және басқару органдары;

      2) тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттары мен адам құрамы бойынша құжаттарға зиян келтіру, жоғалту (жою) ықтималдылығы.

      3. Тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілері жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.

      4. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

      Бақылау субъектілерін төменгі тәуекел дәрежесі тобының ішінен басымды іріктеу үшін сақтаудағы құжаттардың ең үлкен көлемі негіз болады.

      5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері бойынша критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді:

      1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден бастап 5-ке дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

      2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан бастап 11-ге дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;

      3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 11 баллдан жоғары жинаған бақылау субъектілері жатады.

      6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:

      құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы – 1 балл;

      құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы - 1 балл;

      келісілген істер номенклатурасының болмауы, істерді қалыптастыру мен мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл;

      ведомстволық мұрағатта Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын белгіленген уақытша сақтау мерзімдері мен мемлекеттік мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл;

      Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы бойынша құжаттардың есебінің жүргізілмеуі – 1 балл;

      мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары және адам құрамы бойынша құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесінің болмауы – 1 балл;

      Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау режимі мен жағдайларының бұзылуы – 6 балл;

      Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы бойынша құжаттарды пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы – 6 балл;

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сақтау мерзімдерінің бұзылуы – 6 балл;

      мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттарда Ұлттық мұрағат қорының және адам құрамы бойынша құжаттардың физикалық және химиялық, техникалық жай-күйін есепке алудың болмауы – 6 балл;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының және адам құрамы бойынша құжаттардың сақталуының қамтамасыз етілмеуі – 12 балл;

      Ұлттық мұрағат қорының және адам құрамы бойынша құжаттарды мемлекеттік органдардың келісімінсіз жоюы – 12 балл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады