"Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 мамырда № 15105 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеруi үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы № 42 (1664) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеруi үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiнде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы мониторингі субъектілері клиентті тиісінше тексеру кезінде клиенттің (оның өкілінің) таңдауы бойынша көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы не нотариалдық куәландырылған көшірмелерін не апостиль қойдырылған немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен заңдастырылған құжаттардың көшірмелері негізінде клиент туралы мәліметтерді құжаттап тіркейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (А.З. Мекебеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      М. Бекетаев

      ___________________

      " " 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      Д. Абаев

      ____________________

      " " 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      А. Мұхамедиұлы

      ____________________

      6 наурыз 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің төрағасы

      Д. Ақышев

      ____________________

      5 сәуір 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов

      ____________________

      10 ақпан 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады