Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 2 наурыздағы N 04.2-40/53 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 2 наурыздағы N 115 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6119 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 156 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 желтоқсанда N 372 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 156 Қаулысы және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 желтоқсанда N 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің Тіркеу департаменті (Тұрысбеков Д.С.):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының орынбасары Д.Қ. Нұрпейісовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
      Алматы қаласының өңірлік           Экономика және бюджеттік
      қаржы орталығының қызметін         жоспарлау министрі
      реттеу агенттігінің                ____________ Б. Сұлтанов
      Төрағасы
      ___________ А. Арыстанов

Қазақстан Республикасы     
Алматы қаласының өңірлік   
қаржы орталығының қызметін 
реттеу агенттігі Төрағасының
2010 жылғы 2 наурыздағы    
№ 04.2-40/53 және      
Қазақстан Республикасы     
Экономика және бюджеттік   
жоспарлау министрінің      
2010 жылғы 2 наурыздағы    
№ 115 бірлескен бұйрығымен 
бекітілген           

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Жеке кәсіпкерлік туралы» және    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерін жоғары, орташа не төмен тәуекел топтарына жатқызу үшін жасалған.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бұзу, жұмыскерлердің еңбек құқығын бұзу және шет ел жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу ықтималдығы;
      2) жеке кәсіпкерлік субъектісі – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысы.
      3. Бастапқыда жұмыс істеп тұрған және жаңадан тіркелген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушылары тәуекел дәрежесі жоғары тобына жатқызылады.
      4. Бұдан соң Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушылары жүргізілген тексерулерді ескере отырып, осы Критерийлердің 12 және 3-қосымшаларына сәйкес жиналған баллдар сомаларына қарай тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді.
      5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекел топтарына бөлер кезде Критерийлер - жұмыскерлердің еңбек құқығын сақтауына қарай ескеріледі.
      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілері тәуекелдің Критерийлері ескеріле отырып тексеру жоспарына қосылады.
      7. Критерийлерге мыналар жатады:
      1) осы Критерийлердің 1-қосымшасына сәйкес еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық;
      2) осы Критерийлердің 2-қосымшасына сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқығын бұзу;
      3) осы Критерийлердің 3-қосымшасына сәйкес шет ел жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу.
      8. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар бойынша Критерийлерді бағалау келесі тәртіпте жүргізіледі:
      1) жоғары тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі жылына бір рет болатын 20 және одан жоғары балл алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;
      2) орташа тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 3 жылда бір рет болатын 10-нан 20 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;
      3) төмен тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 5 жылда бір рет болатын 10 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;
      9. Жұмыскерлердің еңбек құқығын бұзу бойынша Критерийлерді бағалау келесі тәртіпте жүргізіледі:
      1) жоғары тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі жылына бір рет болатын 15 және одан жоғары балл алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;
      2) орташа тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 3 жылда бір рет болатын 7-ден 15 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;
      3) төмен тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 5 жылда бір рет болатын 7 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;
      10. Шет ел жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу бойынша Критерийлерді бағалау келесі тәртіпте жүргізіледі:
      1) жоғары тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі жылына бір рет болатын 15 және одан жоғары балл алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;
      2) орташа тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 3 жылда бір рет болатын 10-нан 15 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;
      3) төмен тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 5 жылда бір рет болатын 10 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады.
      11. Көрсетілген Критерийлерді анықтау үшін есептік кезең болып тексеру жоспарланған жылдың алдыңғы күнтізбелік жыл табылады.
      12. Тәуекелдік деңгейі жоғары немесе орташа жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің мерзімділігі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың анықталған санына тәуелді болады және мұндай бұзушылықтардың саны аз болып шыққан жағдайда тексеру мүмкіндігі жоспарлы тексерулердің орнатылған базалық санынан сирек жүргізілуі мүмкін.
      Тексерулер нәтижесінде бұзушылықтар анықталып, жоғары баллдар алынған жағдайда, тәуекел деңгейі орташа немесе төмен жеке кәсіпкерлік субъектілері сәйкесінше тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейіне ауыстырылатын болады.
      13. Критерийлер топтары бойынша тексерулерді анықтау принциптері:
      1) баллдар тәуекелдің тек бір тобы бойынша жиналған жағдайда тақырыптық тексеру жүргізіледі, басқа сөзбен айтқанда тек осы тәуекел тобына қатысты мәселелер бойынша ғана;
      2) баллдар екі немесе одан көп тәуекел топтары бойынша жиналған жағдайда бақылаудың барлық мәселелері бойынша кешенді тексеру жүргізіледі.
      14. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекел дәрежесі бір деңгейдегі шеңберінде тексеру жүргізу үшін іріктеу басымдығы:
      1) берілген (алынған) баллдар сомасының көптігі бойынша;
      2) жоғарғы көрсетілген белгі бойынша көрсеткіштер тең болған жағдайда тексеру жоспарына ең көп мерзім тексерілмеген жеке кәсіпкерлік субъектілері қосылады.

Алматы қаласының өңірлік  
қаржы орталығы қатысушыларымен
Қазақстан Республикасының 
еңбек заңнамасын бұзу  
тәуекелдерінің дәрежесін  
бағалау критерийлеріне  
      1-қосымша        

Тәуекел топтары

Тәуекелдердің дәрежесін бағалау критерийлері

Баллдар

Негіздеме

1. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау саласындағы бұзу тәуекелі

Бірнеше кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға (2 және одан көп адам)

15


Бірнеше адамдарды ауыр зардаптарға әкеп соққан жазатайым оқиға

10

Кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға (бір факт үшін)

8

Ауыр зардапқа әкеп соққан жазатайым оқиға (бір факт үшін)

6

Жеңіл, орташа зардапқа әкеп соққан жазатайым оқиға (бір факт үшін)

1

Еңбек шарттары бойынша жұмыс объектілеріне аттестация жүргізбегені үшін

10

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің лауазымды тұлғасының ұйғарымын және тексеру актісі

Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмағаны үшін

7

Еңбекті қорғау қызметі болмағаны үшін

6

Жұмыскерді жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз етпегені үшін

6

Жұмыста жазатайым оқиғалар бойынша тергеу жүргізбегені үшін

5

Жұмыскерлерге оқу, нұсқау жүргізбегені үшін және білімін тексермегені үшін

4

Міндетті және мерзімді медициналық қарау жүргізбегені үшін

3

Алматы қаласының өңірлік  
қаржы орталығы қатысушыларымен
Қазақстан Республикасының 
еңбек заңнамасын бұзу  
тәуекелдерінің дәрежесін  
бағалау критерийлеріне  
      2-қосымша       


Тәуекел топтары

Тәуекелдердің дәрежесін бағалау критерийлері

Баллдар

Негіздеме

2. Жұмыскерлердің еңбек құқығы саласындағы бұзу тәуекелі

Жалақыны уақтылы төлемеуі

10

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің лауазымды тұлғасының ұйғарымын және тексеру актісі

Ұжымдық шартқа тұрудан негізсіз бас тарту және жалтару

6

Еңбек шартын жасамау

5

Демалыс бермеу

4

Үстеме жұмысқа заңсыз тарту

3

Алматы қаласының өңірлік  
қаржы орталығы қатысушыларымен
Қазақстан Республикасының 
еңбек заңнамасын бұзу  
тәуекелдерінің дәрежесін  
бағалау критерийлеріне  
      3-қосымша        

Тәуекел топтары

Тәуекелдердің дәрежесін бағалау критерийлері

Баллдар

Негіздеме

3. Шет ел жұмыс күшін тарту тәртібі саласында бұзу тәуекелі

Тиісті рұқсатсыз шет ел жұмыс күшін қолдану

10

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің лауазымды тұлғасының ұйғарымын және тексеру актісі

Рұқсаттың ерекше шарттарын орындамау

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады