Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 156 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 1 желтоқсанда N 372 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 желтоқсанда № 7350 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 125 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 551 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2015 № 125 қаулысымен және ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 151 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі бұйырады:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) осы қаулы мен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері;
      2) осы қаулы мен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) (Нұрпейісов Д.Қ.) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулы мен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, олардың ресми жариялануын, Комитет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 2 наурыздағы № 04.2-40/53 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 115 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 наурызда № 6119 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 63 (1685) жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің уәкілетті лауазымды тұлғаларымен мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 наурыздағы № 04.2-40/54 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 114 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 наурызда № 6120 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2010 жылғы 27 сәуірде № 59 (1681) жарияланған).
      4. Осы қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т.Ғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы мен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің Төрағасы
      _____________ Г. Марченко

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық даму және сауда министрі
      ______________ Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 156 қаулысы және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2011 жылғы
1 желтоқсандағы № 372 бұйрығына
1-қосымша

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы (бұдан әрі – қаржы орталығы) қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі – Еңбек кодексі), 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бақылау туралы заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2006 жылғы 5 маусымдағы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында тексерілетін субъектілерді жоғары, орта не аз ғана тәуекелі бар топтарға жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
      1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъект – жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын қаржы орталығының қатысушысы.
      3. Қаржы орталығының қатысушыларын тәуекел дәрежесі бойынша бөлу салдардың ауырлығы, нормативтік құқықтық актілерде, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тек Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды бұзудың салалық статистикасы тұрғысынан тексерілетін субъектінің маңыздылығын, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулердің қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады.
      4. Бастапқы кезеңде қаржы орталығының жаңадан тіркелген қатысушылары тәуекел дәрежесі жоғары топқа енгізіледі. Бұдан әрі олардың тәуекел дәрежесі бойынша бөлінуі осы Өлшемдердің 1, 2 және
3-қосымшаларына сәйкес алған балладар сомасына қарай жүзеге асырылады.
      5. Қаржы орталығының жұмыс істейтін қатысушылары тәуекел дәрежесі бойынша жүргізілген тексерулерді ескере отырып, осы Өлшемдердің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес алған баллдар сомасына қарай бөлінеді.
      6. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер топтарына жатқызған кезде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау тәртібін және қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзуына, қаржы орталығы қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзуына байланысты Өлшемдер ескеріледі.
      7. Тексерілетін субъектілер тәуекел Өлшемдері ескеріле отырып тексеру жоспарына енгізіледі.
      8. Өлшемдерге:
      1) осы Өлшемдердің 1-қосымшасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар;
      2) осы Өлшемдердің 2-қосымшасына сәйкес қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзу;
      3) осы Өлшемдердің 3-қосымшасына сәйкес шетелдік жұмыс күштерін тарту тәртібін бұзу жатқызылады.
      9. Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау саласындағы жолсыздықтар бойынша Өлшемдердi бағалау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) 35 және жоғары балл алған, жоспарлы тексеру саны жылына бiр рет болатын тексерілетін субъектiлер жоғары тәуекел тобына жатады;
      2) 15-тен 35 баллға дейін алған, жоспарлы тексеру саны 3 жылда бiр рет болатын тексерілетін субъектiлер орта тәуекел тобына жатады;
      3) 15 баллдан жоғары алған, жоспарлы тексеру саны 5 жылда бiр рет болатын тексерілетін субъектiлер аз ғана тәуекел тобына жатады.
      10. Көрсетілген Өлшемдерді айқындауға арналған есепке алу кезеңі тексеру жоспарланып отырған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып табылады.
      11. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орта тексерілетін субъектiлерді тексеру кезеңділігі Мемлекеттік бақылау туралы заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес анықталады.
      Тексерулердің нәтижесінде жолсыздықтар анықталған және неғұрлым жоғары баллдар алған жағдайда аз ғана тәуекел деңгейі бар тексерілетін субъектiлер тиісінше жоғары немесе орта тәуекел деңгейі тобына ауыстырылады.
      12. Тәуекел дәрежесiнiң бiр деңгейi шеңберiнде тексерулер жүргiзу үшiн тексерілетін субъектiлердi iрiктеу басымдығы:
      1) берiлген (алған) баллдардың неғұрлым көп сомасы бойынша;
      2) жоғарыда көрсетiлген белгiлер бойынша көрсеткiштер тең болған жағдайда, тексерiлмеген кезеңi неғұрлым көп тексерілетін субъектiлер тексеру жоспарына енгiзiледi.

Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығы қатысушыларының Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы қызметіне жеке
кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша

Тәуекелдер тобы

Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

Балл

1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдерi

Кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиға (бiр дерек үшiн)

15

Ауыр аяқталған жазатайым оқиға (бiр дерек үшiн)

10

Жеңiл, орташа аяқталған жазатайым оқиға (бiр дерек үшiн)

3

Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамау

7

Еңбектi қорғау қызметiнің немесе еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау маманының жоқтығы

6

Қызметкерлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу

6

Жұмыстағы жазатайым оқиғаларды және жұмысшының денсаулығына келтірілген өзге зақымдарды тергеп-тексерудi қамтамасыз етпеу

5

Қызметкерлердi үйретпеу, нұсқау бермеу және бiлiмдерiн тексермеу

4

Мiндеттi және кезеңдiк
медициналық тексерулер жүргiзбеу

3

Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығы қатысушыларының Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы қызметіне жеке
кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша

Тәуекелдер тобы

Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

Балл

2. Қызметкерлердiң еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелдерi

Жалақыны уақытында төлемеу

10

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген еңбек ақы төлеу мөлшері мен шарттарының жоқтығы

8

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын жұмыс берушінің актілері

6

Жұмыс беруші келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, актілерінің ережелері (еңбек шарттары) сақталмаған

6

Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтамау

5

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттардың жоқтығы және олардың заңдылығы

5

Еңбек шартын жасамау

5

Қызметкерлердің жеке санаттарының (мүгедектер; он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер; қоса жұмыс атқаратын қызметкерлер; әйелдер және отбасы міндеттері бар өзге тұлғалар) еңбек құқықтары сақталмаған

5

Еңбек кодексiнің қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек (қосымша), әлеуметтік демалыстар беру бойынша талаптарын сақтамау

5

Үстеме жұмыстарға заңсыз тарту

3

Еңбек шартында сақтандыру шарттары туралы мәліметтердің жоқтығы

2

Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығы қатысушыларының Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы қызметіне жеке
кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
дәрежесін бағалау өлшемдеріне
3-қосымша

Тәуекелдер тобы

Тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

Балл

3. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту тәртiбiн бұзушылық тәуекелдерi

Қазақстан Республикасының аумағына Алматы қаласының қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы өтініш бойынша берілетін тиісті визаны алмай, шетелдік жұмыс күшін пайдалану

10

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 156 қаулысына және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына
2-қосымша

нысан

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

__________ __________________
  (күні)     (жасалған жері)
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған лауазымды тұлғаның аты-жөні)

Тексеруді тағайындау туралы акті_____________________________________
                                            (№, күні)

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысының атауы (тексерілетін субъекті басшысының аты-жөні:__________________________
_____________________________________________________________________Заңды мекенжайы: ____________________________________________________
БСН/ЖСН (ол бар болса) ______________________________________________
СТН *________________________________________________________________

р/с №

Талаптары

1.

Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жасалған шартының болуы

2.

Еңбек міндеттерін атқаруына байланысты қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянға өтемақы төлену жүзеге асырылады

3.

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау қызметінің (немесе маманының) болуы

4.

Жазатайым оқиғаларға немесе қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларына тексеру жүргізуді қамтамасыз ету

4.1.

Жұмыс берушінің жазатайым оқиғаларды тексеру жөнінде комиссия құру туралы актісінің болуы

4.2.

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тіркеу журналының болуы

4.3.

Қызметкер еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан кезде ресімделетін еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актінің болуы

5.

Қызметкерлер жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген

6.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі, нұсқау беріледі, қызметкерлердің білімдері тексеріледі

6.1.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде оқу жүргізіледі әрі білімдері тексеріледі және тиісті хаттама ресімделеді

6.2.

Жұмыс орнындағы нұсқауды тіркеу журналында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жүргізілетіні туралы жазбаның болуы

6.3.

Нөмірленген және шнурланған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауды тіркеу журналының болуы

7.

Міндетті медициналық және кезеңдік тексерулер жүргізіледі

8.

Алматы қаласының қаржы орталығындағы қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға визалар беру туралы өтініштің болуы

9.

Жалақының уақтылы төленуі

10.

Еңбек кодексінің 13-тарауымен қарастырылған кепілдіктердің және өтемақылардың төленуін сақтау

11.

Әрбір қызметкермен еңбек шарттары жасалған

12.

Еңбек шартын жасаудағы шектеулер сақталған

12.1

Медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетін жұмысты орындауға еңбек шарттары жасалмаған

12.2

Ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған азаматтармен еңбек шарттары жасалмаған

12.3

Соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шарттары жасалмаған

12.4

Алматы қаласының қаржы орталығындағы қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға визалар беру туралы өтініш бойынша берілетін визаны алғанға дейін Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарттары жасалмаған

12.5

Мемлекеттік қызметін тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға, егер мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі өзінің құзыретіне сәйкес аталған адаммен байланысты болса, жол берілмейтін тұлғалармен еңбек шарттары жасалмаған

13.

Еңбек шартының тоқтатылу негіздемесі Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келеді

14.

Қызметкерлермен жасалған еңбек шарттары Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келеді

15.

Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын актілерінің болуы

16.

Келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында, жұмыс берушінің актілерінде қамтылған ережелер (еңбек шарттары)

17.

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттардың болуы

18.

Қызметкерлерге жылдық еңбек (қосымша), әлеуметтік демалыстарын ұсыну бойынша Еңбек кодексі талаптарының сақталуы

19.

Қызметкерлердің жекелеген санаттарының (мүгедектер; он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер; қоса атқаратын жұмыс істейтін қызметкерлер; әйелдер және отбасылық міндеттемелері бар өзге адамдар) еңбек құқықтары сақталған

20.

Тәртіптік жаза қолдану тәртібінің сақталуы

20.1

Жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісінің болуы және оның заңдылығы

20.2

Қызметкердің жазбаша түсініктемесінің болуы

20.3

Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда жұмыс берушінің тиісті актісінің болуы

21.

Қызметкерді үстеме жұмыстарға тарту кезінде оның жазбаша келісімінің болуы

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысының тексеру парағын алғандығы туралы белгісі:
20___ жылғы «____»___________ _____________________________________
                                    (аты-жөні, лауазымы, қолы)

* - жол 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін толтырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады