Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі iстер министрiнің 2012.10.25 № 572 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінің арнайы есеп бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын жақсарту мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1719 болып тіркелген, 2002 жылғы № 13-14 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) тақырыбында және бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша «түзеу мекемелеріндегі» деген сөздерден кейін «және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
Нұсқаулықтың 1-тармағында:
«түзеу мекемелеріндегі» деген сөздер «түзеу мекемелеріндегі (бұдан әрі - ТМ) және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың атауында және 1-тармақтың мәтінінде мемлекеттік тілде өзгерістер енгізілген, орысша тілінде мәтіні өзгерілмейді;
1-тармағында «бас бостандығы» деген сөздерден кейін «, қамауға алу,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшада «мекемеге» деген сөз «ТМ, ТИ» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада «колонияларда» деген сөздер «ТМ, ТИ-да» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада «түзеу мекемелеріне» деген сөздер «ТМ, басқа ТИ-ға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада «колониядан» деген сөздер тиісінше «ТМ-нен, ТИ-дан» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
3, 11, 45, 48, 60, 69-тармақтарында «колонияның» деген сөз тиісінше «ТМ, ТИ» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
5, 7, 10, 12, 78-тармақтарында «колонияға» деген сөз тиісінше «ТМ, ТИ-ға» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
16-тармақта «Бас бостандығынан айырудың басқа жеріне» деген сөздер «Басқа ТМ, ТИ-ға» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
23-тармақта «колониядағы» деген сөз тиісінше «ТМ, ТИ-ғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
25, 28, 54, 61, 92, 101-тармақтарында
«колония» деген сөз тиісінше «ТМ, ТИ» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
26, 67, 70, 87, 97-тармақта «колониядан» деген сөз тиісінше «ТМ-нен, ТИ-дан» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
29, 34, 66, 86-тармақтарында «колонияда» деген сөз тиісінше «ТМ, ТИ-да» деген сөздермен өзгертілсін;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
84-тармақта «колонияға», «колония» деген сөздер тиісінше «ТМ, ТИ-ға», «ТМ, ТИ» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
100-тармақта «колонияларда» деген сөз тиісінше «ТМ, ТИ-да» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
103-тармақта «түзеу мекемесінің» деген сөздер «ТМ» деген сөздерге ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
106-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Әрбір жағдай кезінде жерлеу мерзімін ТМ, ТИ бастығы белгілейді.»;
112-тармақта «ТМ» деген сөзден кейін «, ТИ» деген сөзбен толықтырылсын;
113-тармақта «колонияның» деген сөз тиісінше «ТМ, ТИ» деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
115-тармақта «колониядан», «колонияға» деген сөздер тиісінше «ТМ, ТИ-дан», «ТМ, ТИ-ға» деген сөздермен ауыстырылсын;
116-тармақта «ТМ,» деген сөзден кейін «ТИ» деген сөзбен толықтырылсын;
Нұсқаулықтың орыс тіліндегі мәтінінде толықтырулар енгізілген;
117-тармақта «түзеу мекемелеріне» деген сөздер «ТМ, ТИ» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«ТМ-нен, ТИ-дан дер кезінде босатылуға, ал ТМ-нен мерзімнің, оны өтеген соң шартты түрде мерзімнен бұрын босатуды (бұдан әрі - ШТМББ), бас бостандығынан айыру мерзімінің өтелмеген бөлігін ең жеңіл жазамен ауыстыруды, қоныс-колониясына ауыстыруды ұсынуға мүмкін болатын мерзімнің басталуына бақылау жасау үшін, колонияға келген әрбір сотталғанға мерзімдік-бақылау картотекасы толтырылады. Осы карточкалардан мерзімдік-бақылау картотекасы жасалады. Қамауға алуға сотталғанға мерзімдік-бақылау картотекасы жеке жасалады. Әр жылдың соңында ерекше бақылау үшін ТМ-нің мерзімдік-бақылау картотекасынан (әр айда ТИ-да) келесі жылы (келесі айда ТИ-да) босатылатын сотталғандардың карточкалары бөлініп алынады, олар жаза мерзімінің бітетін күндері (айы, күні) бойынша орналастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«31-1. Түзеу мекемесіне келген әр сотталғанға арнайы есеп бөлімі (бөлімшелері, топтары) сотталғанның жеке ісі бойынша электрондық түрде анықтама құрастырады (1-қосымша). Сотталғанның жеке ісі бойынша қағаз түріндегі анықтамасы міндетті түрде сотталғанды ауыстыру туралы материалдарына қоса беріледі, сондай-ақ, сотталғанды айдауылдау кезінде жеке ісімен қоса конвертке салынады. Сотталғанның жеке ісі бойынша анықтамасы жеке істің тізімдемесіне кірмейді.»;
33-тармақта «инспекторларына» деген сөзден кейін «, ал қамауға сотталғандардың жеке ісін жүргізу тәжірибесі мол қызметкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын:
37-тармақта «жеке куәлігі» деген сөздер «жеке басын растайтын құжаттар,» деген сөздермен ауыстырылсын;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Жеке істер уақытша пайдалану үшін (үш күннен аспайтын мерзімге) ТМ, ТИ жедел бөлімі (тобы), ТИ-дың режим бөлімі, ТИ-дың режим және күзет бөлімінің қызметкерлеріне беріледі. Істерді беру және қайтару журналда қол қойылып жүргізіледі.»;
48-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ТМ-нен қашып кеткен сотталғандардың жеке істері ТМ-нің жедел бөліміне (тобына) беріледі және ТМ-нің жедел бөлімінде (тобында) есепке алына отырып арнайы есепке алу бөлімдерінен (бөлімшелерінен, топтарынан) есептен шығарылады. Мұндай істер одан әрі ТМ-нің жедел бөлімінде (тобында) сақталады.»;
56, 57-тармақтар алып тасталсын;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Сот және прокуратура органдарының үкімдеріне жіберілетін сотталғандардың арыздарына бұрын жіберілген арыздарының жауаптары сот шешімдерінің көшірмелеріне қоса жіберілуі тиі.»;
59-тармақтың 1) тармақшасында «түзеу колонияларында,» деген сөздерден кейін «тергеу изоляторында,» деген сөздермен толықтырылсын;
65-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Сотталғандар босатылғаннан кейін, олардың жазған өтініштеріне келіп түскен жауаптары сотталғандардың тұрғылықты жеріне жолданады, жауаптардың көшірмелері жеке істеріне қоса тіркеледі.»;
70-тармақта «(қосымша)» деген сөз алып тасталсын;
7-тараудың атауында «түзеу мекемелерінен» деген сөздер «ТМ, ТИ-дан» деген сөздермен ауыстырылсын;
76-тармақ «шілде айларында» деген сөздерден кейін «, ал қамауға сотталғандарға қатысты ай сайын» деген сөздермен толықтырылсын;
77-тармақ «Сотталғандарды» деген сөзден кейін «қамауға алу,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
«102-1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылған сотталғандар, сондай-ақ сот үкімі бойынша белгілі бір лауазымда болуына немесе белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салу түріндегі қосымша жазасы бар сотталғандар қамаудан босатылып, жазаны өтеу орнына өзі барады.
Сотталғанға есепке қойылу үшін бағыты мен келу уақыты көрсетілген жазаны өтеу орнына шығуы туралы нұсқама беріледі.
ТМ, ТИ әкімшілігі сотталғанның кеткен жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына оның босатылғаны туралы хабарламаны, мінездемесін, сондай-ақ жазаны орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді.»;
103-тармақта «түзеу мекемелер» деген сөздерді «ТМ» - деген аббревиатурасымен ауыстырылсын;
105-тармақ «ағайындарының бірі» деген сөздерден кейін «, шетел мемлекетінің азаматы болып саналатын сотталған» деген сөздермен толықтырылсын;
112-тармақта «, оларды сақтау мерзімі - тұрақты» деген сөздер алып тасталсын;
113-тармақтың 2) тармақшасында «құжаттар» деген сөзден кейін «қара сиямен» деген сөздермен толықтырылсын;
115-тармақ:
«76» деген саннан кейін «, 63» деген санмен толықтырылсын;
«бір колониядан сол сияқты екінші бір колонияға» деген сөздер «бір ТМ-нен сол сияқты ТМ-ге, басқа ТИ-ға» деген сөздермен ауыстырылсын;
116-тармақтың 2) тармақшасында «осы Нұсқаулықтың 1-бөлігіндегі тармағында» деген сөздер «116-тармақтың 4) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
119-тармақта «арнайы (белгіленген үлгідегі) бланкілерде» және «(тобы)» деген сөздер алып тасталсын;
Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Нұсқаулыққа қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) аумақтық басқармаларының бастықтары енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, оларға бағынысты бөлімшелердің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚАЖ комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 65 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
түзеу мекемелеріндегі
арнайы есепке алу
бөлімдерінің
(бөлімшелерінің,
топтарының) жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚАЖ комитетінің ________ облысы бойынша басқармасының
____________ мекемесі Сотталғанның
№ ____ жеке ісі бойынша анықтамасы
Фото |
1. Т.А.Ә. (толық):________________________________________________
2.
3. Туған жылы: ___________________________________________________
4. Азаматтығы: ___________________________________________________
5. Ұлты: _________________________________________________________
6. Туған жері: ___________________________________________________
7. Қамауға алынғанға дейін тұрған жері: __________________________
8. Білімі: _______________________________________________________
9. Қамауға алынғанға дейін жұмыс орны: ___________________________
10. ___________________________________________ бұрын сотты болған
күні, ҚР ҚК бабы, қандай сотпен, мерзімі
11. ______________________________________________________ ұсталды
кіммен, күні, ұстау туралы қаулы шығарған орган
12. ______________________________________________________ қамалды
кіммен, күні, қамау туралы қаулы шығарған орган,
__________________________________________________________________
қамау мерзімін ұзарту күні мен кезеңі
13. Осы ісі бойынша _____________________________________ сотталды
күні, сот органының атауы
__________________________________________________________________
ҚР ҚК бабы, аппеляциялық және қадағалау инстанцияларының
сот шешімдері
14. Мерзімінің басталуы: _________________________________________
15. Мерзімінің аяқталуы: _________________________________________
16. ШТМББ формальді мерзімі _______________________
17. ҚК ауыстыруда формальді мерзімі:_______________
18. ШТМББ немесе ҚК ұсынудың бермеу негізі _______________________
19. Ұстау шарттары: ______________________________________________
20. Жеке ісі бойынша қозғалысы туралы
мәліметтер: ______________________________________________________
келген күні, мекеменің атауы, қайда кетті, негіздеме
хронологиялық тәртіп бойынша:
21. Қылмыстық іс бойынша қозғалысы туралы мәліметтер:_____________
ШТМББ ҚК қолдану
__________________________________________________________________
күні, режим, сот шешімінің (хронология тәртібіне сәйкес) өзгеру түрі
22. Көтермелеу және жазалау туралы мәліметтер: ___________________
жазалау күні,
__________________________________________________________________
көтермелеу, олардың атауы, қысқаша мән-жайы
23. Қысқаша сипаттамасы, қорытынды: ______________________________
24. Туысқандары туралы мәліметтер ________________________________
Т.А.Ә., туысқандық деңгейі
__________________________________________________________________
және тұрғылықты жері
Мекеме бастығы ______________________________________