Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 20 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6133 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасындағы банктердің және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесінде:
      7-тармақтың 1) тармақшасы:
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «банктің активтері мен міндеттемелерін бір уақытта басқа банкке (банктерге) өткізу бойынша операцияны жүргізуге банк шығыстарына;»;
      бесінші абзац «, сондай-ақ аудитті жүргізгенде – аудиторлық ұйымның қызметін төлеумен байланысты шығыстарына;» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақта:
      6-2) тармақшада «шығыстары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ аудитті жүргізгенде – аудиторлық ұйымның қызметін төлеумен байланысты шығыстары;» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-3) банктің активтері мен міндеттемелерін бір уақытта басқа банкке (банктерге) өткізу бойынша операцияны жүргізуге банк шығыстары;»;
      19-1-тармақтағы «6-2)» деген цифрлар «6-3)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      27-тармақта:
      5) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жинақталған зейнетақы қаражаты осы тармақтың 15) тармақшасына сәйкес басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аударым жасауға жататын жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) тізімі;»;
      11) тармақша «жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен» деген сөздерден кейін «(ол бар болғанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
      15), 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) мыналар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасайды:
      жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырған күнге дейін Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатты басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым жасау туралы электронды хабарламасы алынған басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша;
      салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырған күнге дейінгі қабылданған жинақталған зейнетақы қаражаттарын сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына байланысты сақтандыру ұйымына аударым жасау туралы өтініштері бойынша;
      салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырған күнге дейін қабылданған ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударым жасау туралы өтініштері бойынша;
      16) осы тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген зейнетақымен қамсыздандыру шарттары мен салымшылардың (алушылардың) өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5517 тіркелген) бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесінде (бұдан әрі – жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережелері) белгіленген жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ Заңының 31-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіпте және мөлшерде зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін өсімпұлды төлейді. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорында меншікті қаражат болмаған жағдайда, өсімпұлды төлеуді Алушы-қор жүргізеді;»;
      17) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «18) жинақтаушы зейнетақы қорында номиналды кірістің көрсеткіштері мен кірістіліктің барынша төмен мәні арасындағы айырмасын өтеу бойынша міндеттемелер бар болғанда, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін Алушы-қорға қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күнге дейін жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен берешек сомасын өтеу және осы соманы кейіннен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына аударым жасау бойынша операцияларды жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
      «27-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілікке және қаржылық есептілікпен байланысты өзге ақпаратқа, оның нәтижесі бойынша лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне кіретін қаржы құралдарын бағалауға аудит жүргізген жағдайда аудиторлық ұйымды таңдауды жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі жүзеге асырады.»;
      29-2-тармақта:
      бірінші бөлік «үш күнтізбелік күннен кешіктірмей» деген сөздерден кейін «осы Ереженің 29-3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау туралы ұсынысы осы тармағының 2) тармақшасында көзделген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентіне стресс-тестингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді қамтиды.»;
      29-3-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы «жеті» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Өтінішті берген күні астанада, республикалық маңызы бар қалада және Өтінішті берген күні лицензиядан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары орналасқан облыстарда филиалдары болуы. Филиалдары болмағанда – уақытша әкімшілік Алушы-қорды таңдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде филиалдарды ашу жөніндегі жазбаша міндеттемені беру;»;
      3) тармақшадағы «бергенге дейінгі соңғы алты ай» деген сөздер «берген күннің алдындағы соңғы ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өтініш берген бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорлары осы Ереженің 29-3-тармағының талаптарына сәйкес келгенде, уақытша әкімшілік осы Ереженің 29-2-тармағының үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген стресс-тестингтің ең жақсы нәтижелері бар жинақтаушы зейнетақы қорын таңдайды.»;
      үшінші бөлік «мемлекеттік» деген сөзден кейін «, ұлттық әл-ауқат қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
      29-7-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен өтеуге және оның салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарына аударым жасауға жатқан комиссиялық сыйақының есепке алынған теріс сомасы, сондай-ақ өтелген теріс комиссиялық сыйақыдан лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына нақты аударым жасалған сомалар;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы Ереженің 27-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарттар мен өтініштер бойынша жинақталған зейнетақы қаражаты аударылмаған салымшылардың (алушылардың) тізімі;»;
      мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күннен бастап және зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күнге дейінгі кезеңде алынған Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатты басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым жасау туралы электронды хабарламасы орындалмаған салымшылардың (алушылардың) тізімі;
      8) жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесінде белгіленген жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін уақтылы емес жүзеге асырғаны үшін төлеуге жататын өсімпұлдың сомасы;
      9) лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен өтеуге жатқан номиналды кірістің көрсеткіштері мен кірістіліктің барынша төмен мәні арасындағы айырмасын өтеу және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына аударым жасау бойынша міндеттемелер сомасы, сондай-ақ лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен (ол бар болғанда) номиналды кірістің көрсеткіштері мен кірістіліктің барынша төмен мәні арасындағы айырмасын өтеуден салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына нақты аударым жасалған сома.»;
      29-9-тармақтың екінші бөлігіндегі «6) тармақшасында» деген сөздер «6), 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      29-11-тармақтағы «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылған күнге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы және зейнетақы аннуитет шарттары бойынша» деген сөздер «Осы Ереженің 27-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                     Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады