Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 108 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ереженің 13-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және кейін бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 170 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiркелiмiнде № 5206 болып тiркелген, 2008 жылғы 20 маусымдағы № 93 (1493) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға С. Нокин
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 92 бұйрығымен бекітілген
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың
ТІЗБЕСІ
1. Осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2. Жер учаскесiн құрылысқа беру туралы аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдардың шешiмiнің көшірмесі;
3. Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі (бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бойынша не екі сатылы жобалау кезінде жоба бойынша);
4. Бас мердiгердiң құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға құқығына мемлекеттiк лицензиясының көшірмесі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын
жүргiзуге арналған рұқсатты
алуға қажеттi құжаттардың
тiзбесiне қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторына
___________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Тапсырыс берушi (құрылыс салушы) ____________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы және телефоны,
заңды тұлға үшін ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны)
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________
(объектiнiң атауы, мекен-жайы)
___________________________________________________________________
Объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында __________________________________ айға (айларға) бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтық мерзіміне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұраймын.
Құрылыс 20_ жылғы «__» __________ басталды.
Пайдалануға беру мерзiмi 20_ жылы «__»_________
Мынаны хабарлаймын:
көрсетілген объектінің құрылысына жер учаскесiн беру туралы (меншік немесе жерді пайдалану құқығындағы учаскені құрылысқа пайдалануға рұқсат беру) 20__ «__» _____________ № _____ шешім берілген;
объектінің салуға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ___
___________________________________________________________________
(жобалау ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні, жобалаудың сатылығы)___________________________________________________________ әзірледі.
Сонымен қатар, мынаны мәлімдеймін:
а) жұмыстар мердігерлік әдіспен _____________________________
___________________________________________________________________
(құрылысты жүзеге асыратын ұйымның атауы, мекен-жайы, телефоны, жобалаудың сатылығы)
20__ «__»____________ №____ мердігерлік шарты негізінде жүргізіледі;
б) сараптамалық сүйемелдеу режимінде (егер құрылысты кезең-кезеңмен жүргізу қарастырылған болса) құрылыстың тиісті кезеңдеріне арналған 20___ «___»______________ №_____ шешім берілген;
в) тапсырыс берушінің атынан жауапты тұлға ретінде __________
___________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі бар ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған;
г) бас мердігердің атынан құрылыс үшін жауапты тұлға ретінде
___________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі және құрылыста ________ жыл еңбек өтілі, «Сейсмикаға төзiмдi құрылыс» (сейсмикалық аудандарда құрылыс жүргізілген жағдайда) курсы бойынша ___________________________________________________________
(куәлік нөмірі, кіммен берілген және ұзартылған)
___________________________________________ қолданыстағы куәлiгi бар
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
20___ «___»______________ №_____ бұйрықпен тағайындалған;
д) авторлық қадағалау жүргізу 20___ «___» ___________________ №_____ шартқа сәйкес ______________________________________________
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні)
__________________________________________________________ жүктеледі;
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
е) техникалық қадағалауды 20__ «__» __________ № ____ бұйрықпен тағайындалған _____________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
білімі және құрылыста ____ жыл еңбек өтілі бар ____________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
немесе 20__ «__»______________ №_____ шартқа сәйкес _______________
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лицензия №, берілген күні)
____________________________________________________ жүзеге асырады.
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
Осы өтініште келтірілген мәліметтерге байланысты барлық өзгерістер туралы сәулет-құрылыс бақылау органдарына уақытылы хабарлауға міндеттенемін.
Тапсырыс беруші(құрылыс Бас мердігер
салушы)
_________________________ _________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (тегі, аты, әкесінің аты,
лауазымы, қолы) лауазымы, қолы)
М.О. М.О.