"Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6180 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 553 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.28 № 553 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3074 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қазанда жарияланған, № 19, 181-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шаштараздарды, косметикалық кабинеттерді, салондарды және сұлулық орталықтарын ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шаштараздарды, косметологиялық орталықтарды, сұлулық салондарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары»;
      барлық мәтін бойынша «орталықтарын», «, орталығы», «мен орталықтарына», «мен орталықтарын», «, орталықтарда» деген сөздер алып тасталсын, сондай-ақ «косметикалық кабинеттерді», «косметикалық кабинет», «косметикалық кабинеттерге», «косметикалық кабинеттер» «косметикалық кабинеттерді», «косметикалық кабинеттерде» деген сөздер сәйкесінше «косметологиялық орталықтарды», «косметологиялық орталық», «косметологиялық орталықтарға», «косметологиялық орталықтар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15) косметологиялық рәсімдер – косметикалық ақаулармен қоса жүретін аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында, сондай-ақ терінің қартаюының және шаштың түсуінің алдын алу үшін қолданылатын, дәрігер-дерматокосметолог, олардың кейбіреуін дәрігердің тағайындауы және оның бақылауымен және басшылығымен мейірбике орындайтын іс-шаралар;
      16) косметикалық рәсімдер – сәндік косметика құралдарымен жеке бас гигиенасы және косметикалық кемшіліктерді түзету мақсатында қолданылатын іс-шаралар;
      17) косметологиялық құралдар – туа біткен, кейіннен пайда болған немесе ағзаның жас ерекшелік өзгерістері ауруларынан болатын тері ақауларының алдын алуға, емдеуге және түзетуге арналған құралдар;
      18) косметикалық құралдар (косметика) – жеке бас гигиенасына және адамның сыртқы келбетін сәндеуге (жақсартуға) арналған құралдар;
      19) косметологиялық орталық – коммуналдық-тұрмыс мақсатындағы мекемелерде, спорттық-сауықтыру және емдеу-профилактикалық мекемелерде ұйымдастырылған косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін объект.»;
      5-тармақта:
      «жертөлесін» деген сөзден кейін «және жартылай жертөлесін» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 35-1 және 35-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «35-1. Жуу, дезинфекциялау және стерилдеу құралдарының жұмыс ерітіндісі бар сыйымдылық қақпақпен жабдықталуы, құралдың атауы, оның концентрациясы, қолданылуы, дайындалған күні, жарамдылығының шекті мерзімі көрсетілген нақты жазбасы болуы тиіс. Қолданылуға дайын құралдар үшін құралдың атауы және қолданылуы көрсетіледі; құралдарды көп рет пайдалануға рұқсат болған кезде, одан басқа, оны пайдалануды бастау күні көрсетіледі.
      35-2. Стерилді косметологиялық рәсімдер жүзеге асырылатын үй-жайларды жинау және дезинфекциялау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 18 қыркүйектегі № 3075 болып тіркелген «Хирургиялық бейінді ауруханалық ұйымдарға (бөлімшелерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 630 бұйрығымен бекітілген талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Әрбір жұмыс орнында кәдеге жаратылуы тиіс бір рет қолданылатын құрал-сайман немесе көп рет қолданылатын құрал-сайманның 3 жиыны көзделеді. Маникюрге, педикюрге, қырынуға, косметикалық рәсімдерге арналған барлық көп рет қолданылатын құрал-сайман дезинфекциялануы және стерилденуі тиіс.
      Дезинфекциялау мен стерилденуі үшін Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген құралдар пайдаланылады.»;
      мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2 және 41-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «41-1. Терінің және шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылуымен байланысты косметологиялық рәсімдер кезінде пайдаланылатын көп рет қолданылатын құрал-саймандар пайдаланылғаннан кейін алдын ала және стерилдеу алдында тазалануы, стерилденуі, дезинфекциялануы және кейіннен микроорганизмдердің екінші рет араласуын болдырмайтын жағдайда сақталуы тиіс.
      41-2. Құрал-саймандарды өңдеуге арналған үй-жай қызметіне қарай пайдаланудан және алдын ала тазалаудан кейін косметикалық құрал-саймандар келіп түсетін және соңғы тазалау жүргізілетін «лас аймаққа» және дезинфекциялау және стерилдеу жүргізілетін «таза аймаққа» бөлінеді. Косметологиялық рәсімдер жүргізілетін үй-жай персоналдың қол жууына арналған жеке раковинамен жабдықталады.
      41-3. Құрал-саймандарды соңғы немесе алдын ала стерилдеп тазалау, дезинфекциялау және стерилдеу осы мақсат үшін жабдықпен жабдықталған арнайы бөлінген үй-жайда (жуу - дезинфекциялау косметологиялық құрал-саймандар, бұдан әрі – «өңдеуге арналған үй-жай») жүргізіледі.»;
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмысты бастар алдында шебер клиенттің көз алдында қолын сабынмен жууы тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 46, 47, 48, 49, және 50-тармақтармен толықтырылсын:
      «46. Жұмыскерлер тері қабаттарының тұтастығын бұзу арқылы косметологиялық және косметикалық рәсімдерді, сондай-ақ парентеральдық рәсімдерді (инъекция, тесу, операция және басқалар) және қолғапсыз орындау әртүрлі аурулардың дамуын болдыруы мүмкін басқа да манипуляцияларды жүргізу кезінде қолғап пайдалануы қажет.
      47. Күнделікті жұмыс басталар алдында жауапты адамдар персоналдың микрожарақат, сызат, терісі жырылуын, жарылу, іріңді аурулардың болуына тексеріп-қарау жүргізеді. Тексеріп-қарау нәтижелері арнайы журналға жазылады.
      48. Пайдаланылған құрал-саймандар манипуляция немесе рәсімдер аяқталғаннан кейін тез арада дезинфекциялау ерітіндісі бар сыйымдылыққа салынады.
      49. Қол немесе қолғап қанмен, сарысумен және басқалармен ластанған кезде Қазақстан Республикасында тіркелген және рұқсат етілген, осы мақсатқа арналған дезинфекциялау құралдарымен қолды (қолғапты) кейіннен өңдеу үшін оларды ағын судың астында сабынмен мұқият жуу керек.
      50. Тері қабатының тұтастығын бұзумен манипуляцияны жүзеге асыратын объектілердің жұмыскерлері жұмысқа түсер алдында және жыл сайын В және С вирусты гепатиттерінің маркеріне тексеріледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                           Ж. Досқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады