"Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 553 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6418 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Мыналардың:
      1) «Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3074 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік мекемелер нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 ж. № 19 жарияланған);
      2) «Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 194 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6180 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н.Садықовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                         Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 28 шілдедегі    
№ 553 бұйрығымен бекітілген

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

1 тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы «Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіру үй-жайларын, жабдығын жобалауға, құрылысына, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға, желдетуге, күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
      Осы санитариялық ереженің талаптары косметологияда пайдаланылатын емдік дәрілерге қолданылмайды.
      2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      әлеуметтік-мәдени мақсаттығы объектілер – жағу үшін қызмет көрсететін сала (шаштараз, косметологиялық орталықтар, салондар);
      парфюмерлік-косметикалық өнім (бұдан әрі - ПКӨ) – адамның денесін немесе тісін және ауыз қуысының сілемейлі қабығын тазалау, олардың сыртқы түрін өзгерту, жағымды иіс беру немесе оларды күту мақсатында тікелей жағуға арналған заттар немесе заттардың қоспасы;
      ауыз қуысы гигиенасы құралдары (бұдан әрі – АҚГҚ) – тазалау, жағымсыз иісті кетіру және алдын алу мақсатында тіспен және ауыз қуысының сілемейлі қабығымен жанасуға арналған құралдар;
      косметологиялық рәсімдер – косметикалық ақаулармен қоса жүретін аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында, сондай-ақ терінің қартаюының және шаштың түсуінің алдын алу үшін қолданылатын, дәрігер-дерматокосметолог, олардың кейбіреуін дәрігердің тағайындауы және оның бақылауымен және басшылығымен мейірбике орындайтын іс-шаралар;
      косметикалық рәсімдер – сәндік косметика құралдарымен жеке бас гигиенасы және косметикалық кемшіліктерді түзету мақсатында қолданылатын іс-шаралар;
      косметологиялық құралдар – туа біткен, кейіннен пайда болған немесе ағзаның жас ерекшелік өзгерістері ауруларынан болатын тері ақауларының алдын алуға, емдеуге және түзетуге арналған құралдар;
      косметикалық құралдар (косметика) – жеке бас гигиенасына және адамның сыртқы келбетін сәндеуге (жақсартуға) арналған құралдар;
      косметологиялық орталық – ұйымдастырылған косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін объект.

2 тарау. Жобалауға және құрылысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Шаштараздар, косметологиялық орталықтар, сән кабинеттері, салондары (бұдан әрі - объектілер) жеке тұрған ғимараттарда, сондай-ақ, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың цоколь және 1-қабаттарында орналасуы мүмкін.
      4. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан жағдайда тұрғын пәтерлерден оқшауланған жеке кіру есігі қарастырылады.
      5. Объектілерді ғимараттардың жертөле және жартылай жертөле қабаттарында орналастыруға жол берілмейді.
      Жертөле және жартылай жертөле қабаттарында қосалқы және көмекші үй-жайларды (зат қоятын бөлме, киім ілетін орын, қойма, кір жуу орнын) орналастыруға жол беріледі.
      6. Ғимараттар мен үй-жайлар көлемді-жобалау және конструктивтік шешімі олардың көрсетілетін қызмет тізімі және олардың қуаттылығымен анықталады.
      7. Косметологиялық, маникюр және педикюр бөлмелері жеке оқшауланған үй-жайларда орналастырылады. Шаштараздар залында 3 жұмыс орнына дейін қосымша 6 шаршы метр (бұдан әрі - м2) аудан бар болған жағдайда маникюрге бір жұмыс орнына жол беріледі. Шаштараз көлемі осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сай болуы тиіс.
      8. Адамдарды жасанды ультракүлгін сәулесіне түсіру солярийі киім ілетін орын және себізгіге жақын жеке үй-жайларда орналастырылады. Солярий ауданы кабиналардың саны мен типіне байланысты қабылданады, бірақ 12 м2 кем болмауы тиіс.

3 тарау. Сумен жабдықтауға, желдетуге, жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      9. Объектіде ыстық су болмаған жағдайда су құбыры жүйесіне қосылған ағысты сужылыту жабдығын орнатуға жол беріледі. Ыстық су көзі резервте болғанда ғана ағыссыз су жылытқыштарды, газды және электр пештері қолданылуы мүмкін.
      10. Желдету жүйесі тұрғын және қоғамдық ғимараттар желдету жүйелерінен оқшау болуы тиіс.
      11. 3 жұмыс орнына дейін желдеткіш және фрамуга көмегімен табиғи желдету, 3-тен жоғарыда жасанды талаппен сору желдетуі қарастырылады.
      12. Барлық объектілер үй-жайларында табиғи және жасанды жарықтандыру болуы тиіс. Маникюр және педикюр кабинеттерінде табиғи жарықтандыру ең аз коэффициенті 1,5 пайыздан төмен емес, қалған өндірістік үй-жайларда 1 пайыздан кем емес болуы тиіс.
      13. Жұмыс орнында жарық осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сай болуы тиіс.

4 тарау. Үй-жайлар мен жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      14. Шаштараздарда шаш пен тырнақты күту бойынша гигиеналық және эстетикалық:
      1) шаш қию, жатқызу, бояу, химиялық бұйралау және шашты күту бойынша басқа қызмет;
      2) маникюр, педикюр;
      3) парик, қапталған мұрт, сақал, бакенбард, шинъон және шаштан әшекейлер дайындау, соның ішінде тұтынушылардың жеке тапсырмасы бойынша, қасты, кірпікті бояу, макияж қызметі көрсетіледі.
      Косметологиялық кабинеттерде осы санитариялық ережеге 3-қосымшаға негізгі сай емдеу-алдын алу қызметі көрсетіледі.
      15. Терезедегі перделері, кабинаға арналған шымылдықтар жарық реңді ылғалды тазалау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік беретін материалдардан дайындалады. Портьер қолдануға тыйым салынады.
      16. Шаштараз жұмыс орындары кресломен, туалет шаш жууға арналған раковинасы бар үстелімен жабдықталады. Шаш жууға арналған арнайы орын немесе жеке үй-жай болған жағдайда туалет үстелдерін раковинасын орнатуға жол беріледі. Ерлер мен әйелдер залдарында шаштаразшыларға қол жууға арналған раковина жабдықталады. Үш жұмыс орнынан жоғары емес шаштараздар залында шаш жууға 1 раковина мен 1 шаш кептіргіш болу тиіс.
      17. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемі және құрылымы бойынша олардың жасына сай болуы тиіс.
      18. Косметологиялық, маникюр және педикюр кабинеттері қол және аспаптарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
      19. Бес жұмыс орнынан жоғары емес шаштараздар залында жұмыскерлер мен келушілерге арналған дәретханалар бөлек болу тиіс.
      20. Таза және қолданылған кірлерді, парфюмерлік косметикалық өнімдерді, жууға залалсыздандыруға заттарын сақтауға арналған қойма бөлмелері жеке орналастырылады және стеллаждар және шкафтармен жабдықталады. Пайдаланылған киім-кешектер үшін таңбаланған пластикалық сыйымдылықтар қарастырылады.
      21. Шаштараздардың қосалқы бөлмелерінде қиылған шаштарды сілкуге арналған арнайы орын бөлінеді. Шаштарды сақтау қақпағы тығыз жабылатын арнайы ыдыстарда жүзеге асырылады.
      22. Косметологиялық, маникюр және педикюр кабинеттері жабық типтегі бактериоциттік ультракүлгінмен сәуле түсіргіштермен жабдықталады. Сәуле түсіргіштер жұмысының есебі әрбір бактериоциттік сәуле түсіргіш бойынша осы санитариялық ереженің 4-қосымшасына сәйкес тіркеледі.
      23. Парфюмерлік-косметологиялық заттарға санитариялық-эпидемиологиалық қорытынды болуы тиіс.
      24. Физиотерапевтік аппараттар бір аппараттан көп емес арнайы жабдықталған кабинеттерде орналастырылады. Кабинет ауданы 1 кушеткаға 6 м2, бірақ 12 м2 кем емес есебімен қабылданады.
      25. Қауіптіліктің 1, 2-класындағы лазерлік қондырғыларын ортақ үй-жайларда орналастыруға жол беріледі. Қауіптілігі 3 және 4-класстағы лазерлік қондырғылар оқшауланған үй-жайларда орналастырылады. Қауіптілігі 3 және 4-класстағы үй-жайлардың қабырғалары жанбайтын, беткейі күңгірт материалдардан болуы тиіс. Лазермен жұмыс істеген уақытта бөтен адамдар кірмес үшін үй-жайлардың есіктері ішкі қорғау құрылғыларымен жабылады. Есікте лазерлік қауіптілікті білдіретін белгі және автоматты түрде қосылатын «Қауіпті, лазер іске қосулы!» деген сәулеленген табло ілінеді. Ашық типтегі лазер қондырғыларымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік көзді жеке қорғаныш құралдарын қолдану жолымен қамтамасыз етіледі.
      26. Үй-жайларды өңдеу үшін рұқсат етілген материалдар қолданылады.
      27. Үй-жайлардың ылғалды тазалау жұмыстары жуғыш заттарды қолдана отырып күніне екі реттен кем емес, жұмыс соңында жуғыш және залалсыздандыру заттарын қолданып жүргізіледі.
      28. Келушілерге қызмет көрсету үшін таза заттар, соның ішінде бір рет қолданылатын бас киімдер, жамылғыштар, ақжаймалар, сулықтар қолданылады. Таза киімдер қоры (сүлгілер, сулықтар, ақжаймалар) әрбір келуші үшін жеке қолдануды қамтамасыз етуі тиіс. Таза заттар жабық шкафтарда немесе жеке пакеттерде сөрелерде сақталады.
      29. Әрбір қолданылған кір жуылуға және дезинфекциялануға жатады.
      30. Келушілердің шашына қызмет көрсету процесінде бит табылған жағдайда шаштар жиналады және металл ыдыста өртеледі.
      31. Қоқысқа арналған қаптар мен пакеттерді қайта қолдану және тұрмыстық қоқысқа арналған контейнерлерде шашты қағуға жол берілмейді.
      32. Әсемдеу косметикасын жағу үшін бір реттік заттар (күрекшелер, спонжиктер, кисточкалар) қолданылады. Ерін бояулары және қарындаштар әрбір клиенттен кейін ұшталады немесе кесіледі, тушь, тень және опа бір реттік кисттермен жағылады.
      Процедураларды жүргізу үшін губкалар мен пуховиктерді көп рет қолдануға жол берілмейді.
      33. Химиялық бұйралауды орындау кезінде шашты ерітіндімен сулау әрбір келушіден кейін ауыстырылатын тампонмен жүргізіледі.
      34. Педикюр жүргізу кезінде аяқ астына қоятын жастықшада әрбір қолданудан кейін дезинфекциялау ерітіндісіне суланған шүберекпен сүртілетін кленкалы тысы болу тиіс.
      35. Аяққа арналған ванналар әрбір келушіден кейін жуғыш және дезинфекиялау заттарын қолдана отырып шүберек немесе шөткемен өнделеді.
      36. Маникюр жасау кезінде әрбір келушіге бір рет қолданылатын сулықтар және бір рет қолданылатын құрал-саймандар немесе көп рет қолданылатын құрал-саймандар пайдаланылады.
      37. Бір рет қолданылатын сулықтар мен құрал-саймандар жойылуға жатады. Маникюр, педикюр, сақал алуға, косметикалық процедураларға арналған қайта қолданылатын құралдар дезинфекциялануға және стерильденуге жатады.
      38. Тері және шырышты қабық бүтіндігін бұзумен байланысты косметологиялық процедураларға қайта қолдану құралдары микроорганизммен екінші қайта контаминациялауды болдырмау жағдайында стерильдеу алдында тазартылуға, дезинфекциялауға, стерильдеуге және кейіннен сақтауға жатады.
      39. Құрал-саймандарды өндеуге арналған үй-жай функционалды «лас аймақ» және «таза аймақ» бөлінеді. «Лас аймақта» косметологиялық құралдарды алдын ала тазалау, «таза аймақта» құралдарды дезинфекциялау және стерильдеу жүргізіледі. Косметологиялық процедура өткізілетін үй-жай қызметкерлер қолын жуу үшін жеке раковинамен жабдықталады.
      40. Құралдарды стерильдеу алдындағы тазарту, дезинфекция және стерильдеу осы мақсаттар үшін жабдықпен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі.
      41. Персонал жұмыс басталу алдында клиенттер қатысуымен қолдарын сабынмен жуады.
      42. Тері қабатын зақымдайтын процедуралар өткізу кезінде қызметкерлер қолғапты пайдаланады.
      43. Күнделікті жұмыс басталу алдында жауапты адам қызметкерлерді микротравма, сызат, жара, жарылған жара, іріңді ауруларға тексереді. Тексеру нәтижесі арнайы журналға жазылады.
      44. Манипуляция немесе процедуралар аяқталған соң тез арада пайдаланылған құралдар дезинфекциялау ерітіндісімен ыдысқа батырылады.
      45. Тері бетін зақымдаумен манипуляция жүргізетін объектілер жұмыскерлері жұмысқа кіру кезінде және жыл сайын В және С вирустық гепатит маркеріне тексеріледі.
      46. Химиялық бұйралауға арналған қысқыштар, бигудилер, колпактар мен торларды, мелированияға арналған бас киімшелер жуғыш заттар қолданыла ағынды сумен жуылады.
      47. Шаш қиюға арналған тарақтар, щеткалар, қайшылар ағынды су астында жуылады немесе (бактерицидтік сәулеленуде немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерінде) дезинфекцияланады.
      48. Электр ұстараларының жинап алынатын пышақтары, физиотерапевтік жабдықтар мен құралдар электродтары 70 градус этиль спиртімен дымқылданған тампонмен екі мәрте (15 минут интервалмен) сүртіледі.
      49. Косметология орталықтарында персонал қолдарын өңдеуі үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тері антисептиктері пайдаланылады.
      Объектіде алғашқы медициналық көмек көрсетудің дәрі қобдишасы қарастырылады.
      50. Жеке және арнайы киімді сақтауға арналған шкафтар қарастырылады. Косметологиялық процедуралар жүргізу үшін персонал қорғаныш маскаларымен, экран жапқышпен, бір рет қолданылатын қолғаппен жұмыс жасауы тиіс. Жұмыс орнында темекі тартуға және тамақ ішуге жол берілмейді.

5 тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдері мен ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіру объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      51.  ПКӨ мен АҚГҚ шығаратын және тұтынатын объектілерді орналастыру, жер учаскесін беру, оны салуға және реконструкциялауға, пайдалануға енгізуге жоба құжаттарын бекіту санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана жол беріледі.
      52. Объектілер жеке аумақта орналасуы тиіс. Өндірістің аумағы жарықтандырылуы, қоршалуы және көгалдандырылуы тиіс.
      Аумақ өндірістік және шаруашылық аймақтарға бөлінеді:
      1) өндірістік аймақта: өндірістік корпус, шикізат пен дайын өнімге арналған қойма бөлмесі, тұрмыстық бөлмелер, медициналық пункті орналасады;
      2) шаруашылық аймақта - жөндеу шеберханалары, ыдысты және отынды сақтайтын қойма, бу жіберетін қазандар орнатылған орын, гараж, қоқысты жинауға арналған контейнерлермен алаң, ауладағы дәретхана орналасады.
      53. Шаруашылық аймақ өндіріске қатысты желдің ық жағына орналасуы және жас көшеттермен (ағаштармен, тал-шілікпен және бұтамен) бөлінуі тиіс.
      Көлік кіретін жерлер мен жаяу жүретін жол асфальтталуы немесе қатты жабыны болуы тиіс.
      54. Ыдыстар, құрылыс және шаруашылық материалдары қоймаларда сақталынуы керек. Ыдыстарды қоймада ұстауға және асфальтты алаңның қалқаланған жерінде уақытша сақтауға жол беріледі.
      55. Атмосфералық сулардың ағып кетуі үшін ғимараттан және басқа құрылғыдан су жинағыштарға бағытталған еңістер жабдықталуы тиіс.
      56. Аумақ күнделікті жиналуы; жазғы уақытта – су себілуі; қысқы мезгілде - қардан және мұздан тазартылуы, құм себілуі тиіс.
      57. Қалдықтар мен қоқыстар үшін асфальтталған алаңға қойылған металл контейнерлер қолданылуы тиіс. Оның өлшемі контейнердің алаңынан үш есе артық болуы керек және өндірістік, қосалқы бөлмелерден 25 метрден жақын орналаспауы тиіс.
      58. Қалдықтар мен қоқыстар күніне кемінде бір рет, контейнердің үштен екі сыйымдылығынан артық емес жиналғанда шығарылады. Босатылғаннан соң контейнерлер жуылады және дезинфекцияланады.
      59. Қоқыстарды шығару арнайы көлік жабдығымен жүзеге асырылуы тиіс, шикізатты және дайын өнімді шығару үшін оны пайдалануға жол берілмейді.
      60. Объектілердің су, кәріздену, жылыту, желдету және ауа баптау қамтамасыз етілуі тиіс.
      61. Техникалық және ауыз суының құбырлары бөлек болуы, ерекшеленетін түстерге боялуы және бір-бірімен байланысы болмауы тиіс.
      62. Кәрізденбеген елді мекендерге объектілерді орналастыру барысында, жергілікті кәріздеу құрылғысы қарастырылады. Ағынды суларды қабылдайтын бетондалған шұңқырдың қақпағы болуы және шұңқырдың көлемінің үштен екі бөлігіне жинақталуына байланысты тазартылуы тиіс.
      63. Ғимараттар жалпықалалық кәріздеуге қосылу немесе өзіндік кәріздеу мен тазарту құрылғылары болуы тиіс. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларға арналған кәріздеудің ішкі тармағы жеке болуы тиіс.
      64. Шикізат пен дайын өнімді өндіруге, сақтауға арналған бөлмелерге тұрмыстық ағынды сулардың құбырларын салуға болмайды, ал өндірістік ағынды сулардың құбырларын - тек тексеру қондырғысынсыз оларды салу шартында ғана жол беріледі.
      65. Қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау әдістері қоршаған орта объектілерінің ластану мүмкіндігін шектеуі және өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру және тазарту бойынша жұмыстың барлық кезеңдерінде жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
      66. Өндірістік бөлмелердің ішінде орналасқан бастапқы өнімдердің, жартылай өнімдердің, бөлменің ауасына бөлінетін зиянды және өте қатты иісі бар заттардың қоймалары ауаны шығаратын вентиляциясымен арнайы баспанамен жабдықталуы тиіс.

6 тарау. Өндірістік және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      67. Өндірістік үй-жайларды жоспарлау:
      1) технологиялық байланысқан бөлмелер арасында ең қысқа ара қашықтықтағы процестің үздіксіздігін;
      2) технологиялық ағымдылықпен көпшіліктің қиылысуын болдырмауды;
      3) тазалық дәрежесі бірдей бөлмелерді барынша көп топтау, бастапқы шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімдердің әр алуан түрлерінің араласып кетуін болдырмау үшін жабдықтар мен материалдарды ұтымды орналастыруды, санитариялық-гигиеналық тәртіптің шарттарының толығымен сақталуын;
      4) бастапқы шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімдердің ғимараттың ішінде және бір ғимараттан екіншіге ауысқан кезде ластанудан қорғауды;
      5) техника қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін және өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
      68. Қабырғалары мен төбелерін ылғалды өңдеуге бейімді жеңіл және залалсыздандыратын материалдармен қолданылады.
      69. Өндірістік бөлмелер ультракүлгін сәулелермен жабдықталуы тиіс (бұдан әрі - УК-сәулелену).
      70. ПКӨ-ді және АҚГҚ-ын өндіретін объектілер күші бар ҚНмЕ-нің талаптарына сәйкес санитариялық-тұрмыстық бөлмелермен жабдықталуы тиіс.
      71. Өндірістік бөлмелер санитариялық-тұрмыстық, қызмет, әкімшілік бөлмелерінен оқшаулануы тиіс.
      72. Санитариялық-тұрмыстық бөлмелер жеке тұрған ғимаратқа орналасқан жағдайда өндірістік бөлмелерге өтетін жылы жер қарастырылуы тиіс.
      73. Санитариялық-тұрмыстық бөлмелердің құрамына жоғарғы, жеке және санитарлық киім мен аяқ-киімді шешетін жерлер; таза киімді сақтауға арналған бөлме; лас арнайы киімді қабылдайтын бөлме; душ бөлмесі мен қолжуғыштар; киімді және аяқ-киімді кептіретін жерлер; тамақтанатын бөлме немесе асхана; жинайтын заттарды сақтауға арналған бөлме және кір жуатын жер кіруі тиіс.
      74. Санитариялық киімнің сақталуы ашық әдіспен жүзеге асырылуы тиіс, ол үшін тұрмыстық бөлмелердегі киім ілгіштер аяқ-киім қойғышы бар ашық шкафтармен немесе киім ілгіштермен жабдықталуы тиіс.
      Үй киімі мен арнайы киімді сақтауға арналған жердің саны барлық ауысымдағы жұмысшылардың санына тең болуы тиіс.
      Санитариялық киім мен үй киімін бірге сақтауға жол берілмейді.
      75. Объектілерде медициналық пункт ұйымдастырылады.
      76. Персонал үшін 10 жұмыс істеушіге 1-еу есебімен санитариялық-техникалық приборлармен жабдықталатын себезгі, дәретханасы бар киім ілетін орын болуы тиіс.
      77. Жұмыс істеушілерге арналған асхана немесе буфет тұрмыстық бөлмелердің құрамында немесе жеке тұрған ғимаратта орналасуы тиіс. Өндірістік бөлмелерде тамақ ішуге жол берілмейді.
      78. Асханаға кіретін жерде киім ілгіш, ыстық және суық суы жүргізілген қолжуғыш болуы, сабынмен және электрсүлгілермен жабдықталуы тиіс. Цехтарда тікелей тамақтануға жол берілмейді.

7 тарау. Өндірістік процестер мен жабдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      79. Өндірістік жабдықтар технологиялық процестің үздіксіздігін және пайдалану процесінде стерильдік жағдайын қамтамасыз ететіндей болып орналасуы тиіс.
      80. Жабдықтардың элементтерін химиялық заттардың әсеріне, температураның әсеріне тұрақсыз және олармен жанасатын ортада зиянды химиялық зат бөлуге қабілетті материалдан дайындауға жол берілмейді.
      81. Сұйық зиянды және (немесе) аса күшті иісі бар заттарға арналған дозаланатын аппаратура олардың шамадан тыс толуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
      82. Төгілетін заттардың тиелуі мен түсірілуі шаң бөлінбейтін әдіспен іске асырылуы тиіс.
      83. Сұйық шикізатты тиеу жабық коммуникацияларда жүзеге асырылуы тиіс. Зиянды және (немесе) аса күшті иісі бар заттардың ерітіндісін ашық ағыспен беруге жол берілмейді.
      84. Үй жиыстырғанда сығылған ауа мен және органикалық заттардың қосылған еріткіші болмауы тиіс. Үй жиыстырғанда жуу жабдықтарымен орындалады.
      85. Технологиялық процесстің барлық операциялары объектінің персоналымен орындалуы және бақылануы тиіс.
      86. ПКӨ мен АҚГҚ-ын алу технологиясындағы барлық өзгерістер мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын алғаннан соң және қауіпсіз еңбек жағдайын, қоршаған ортаның қорғанысын қамтамасыз ететін, соңғы өнімнің тұтынушылық сапасын төмендетпейтін шараларды жүзеге асырғаннан соң жол беріледі.

8 тарау. ПКӨ мен АҚГҚ-ның шикізатын сақтау және өнімді қаптау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      87. Келіп түсетін шикізаттың және реактивтің әрбір партиясы оның қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын құжатпен жіберілуі тиіс, арнайы журналға тіркелуі, қаптамасының бүтіндігіне және оның заттаңбасы болуына тексерілуі тиіс.
      88. Шығаратын өнімнің көлемі мен номенклатурасына сәйкес келетін қойма бөлмелерінің қуаты болуы керек, қоймалардың өлшемдері, конструкциясы және орналасуы - өнімді тиімді орналастыруға, тазалауға және басқа қажетті техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
      89. Шикізатты және дайын өнімді қабылдау, орналастыру және сақтау, белгіленген сақтау мерзімі барысында оның бұзылмауын қамтамасыз ететін және араласуы мен ластануын болдыртпайтын шарттарды сақтай отырып стеллаждарда жиналуы, жеке бөлмелерде жүзеге асырылуы тиіс.
      90. Шикізаттың жарамсыз партияларын өндірісте қолдануға жол берілмеуі тиіс.
      91. Қойма бөлмелері шикізаттың және дайын өнімнің сақтау шартын анықтау үшін қажет өлшеудің сенімді құралдарымен жабдықталуы тиіс.
      92. Қоймада улы және жеңіл тұтанатын заттарды сақтауға жеке бөлме қарастырылуы тиіс.
      93. Кіре берістегі бақылаудан өткен және өндірісте қолдануға рұқсат етілген шикізаттардың арнайы таңбасы болуы тиіс және олар кіре берістегі бақылаудан өтпеген және бақылау барысында жарамсыз деп табылған партиядан жеке сақталуы тиіс.
      94. ПКӨ мен АҚГҚ-ы белгіленген жарамдылық мерзімі барысында дайын өнімнің қасиеттерінің сақталуын және пайдаланудың қолайлығын қамтамасыз ететін, тұтынушының ыдысына өлшеп оралады.

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне
және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен  
ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық    
талаптар» санитариялық ережесіне        
1-қосымша                  

Шаштараз, косметологиялық және косметикалық орталықтардың, кабинеттердің, сән салондарының үй-жайларының құрылымы мен алаңы

Үй-жайлардың атауы

1 жұмыс орнына белгіленген аудан, м2

Ескертпе

1

Келушілерге арналған үй-жайлар:
- күту залы
- киім ілетін орын

3,0-ден 10 жұмыс орнына дейін
1,5 – әрқайсысына
0,3

күту залы мен киім ілетін орын ауданы 6 м2 кем емес

2

Шаштараз залы:
шаштараз қызметшісінің әмбебап жұмыс орны

 
7,0

Бір орындық шаштараз үшін 1 жұмыс орны 15,0-ден кем емес

3

Косметикалық кабинет

Әр жұмыс орнына 8,0 бірақ 12,0-ден кем емес


4

Маникюрлік кабинет

6,0

Әйелдер залында маникюрлік үстелді орналастыру – қосымша 6,0 м2

5

Педикюрлік кабинет

8,0


6

Косметологиялық кабинет

Әр жұмыс орнына 8,0 бірақ 12,0-ден кем емес


7

Массаж (массаж, сылап-сипау) кабинеті

9,0


8

Жұмыстарын жасауға арналған үй-жай

8,0

Қосымша жұмыс орнына 4,0 м2

9

Кір жуатын орын

9,0-дан жоғары (жуғыш машиналарының типін есепке алғанда)

Орталықтандырылған кір жуғанда қарастырылмайды

10

Тамақ қабылдау және демалу орны

6,0


11

Қосалқы үй-жайлар:
- Әбзелдер жиынтығын сақтайтын орын;
- Жинау құралдары мен алынған шаштарды сақтайтын орын

 
6,0
 
2,0


12

Парфюмерлі- косметикалық өнімдерді, залалсыздандырғыш, жуғыш заттарды сақтайтын орын

4,0


13

Мед.қалдықтарды уақытша сақтайтын орын

4,0


14

Зарарсыздандыру орны

8,0


15

Киім ілетін орын

1 жұмыс орнына 0,3 м2


«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне
және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен  
ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық    
талаптар» санитариялық ережесіне        
2-қосымша                  

Шаштараздар және косметологиялық кабинеттердің негізгі және қосалқы үй-жайларының жасанды жарықтандыру деңгейі

Үй-жайдың аты

Жасанды жарықтандыру


Жалпы жарықтандыру жүйесінен жұмыс беткейінің жарықтандыруы, лк

1

Косметологиялық және косметикалық кабинеттер

500

2

Маникюрлік және педикюрлік кабинеттер

500

3

Шаштараз залдары

400

4

Персоналдың демалу бөлмесі

200

5

Келушілерге арналған бөлме

200

Ескертпе:
көрсетілген жасанды жарықтандырудың нормалары жұмыс залдарында табиғи жарық болған кезде қабылданады.

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне
және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен  
ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық    
талаптар» санитариялық ережесіне        
3-қосымша                  

Негізгі косметологиялық рәсімдер

Косметологиялық рәсімдердің аталуы Термин анықтамасы

1

Биодепиляция

Биологиялық белсенді заттарды қолдана отырып шашты алып тастау (жасанды және табиғи смола мен воск)

2

Броссаж

Аппаратты пилингтің бір түрі, айналатын қылшықтар көмегімен жұмыс істейді

3

Вакуумды массаж

Аспапты уқалау теріс барометрлік қысымның дененің белгілі бір жеріне насадкадағы ауаның дозалық әсер етуінен болатын уқалау

4

Вакуум-спрей

Теріні аспапты тазалау, теріге су немесе арнайы косметикалық өнімнің (тоник, лосьон) тамшылату немесе қысыммен дозалық жаңбырлату рәсімі

5

Вапоризация

Броссаж немесе масканы қолданар алдын теріні аспапты булау рәсімі. Тәжірибелік жұмыс барысында суық немесе ауыспалы температурадағы 40-500С, озонды немесе ионды бу қолданылады.

6

Дірілмассаж

Аспапты уқалау, механикалық діріл 10-нан 250 Гц жиілігінде іске асырылады

7

Депиляция

Шаш терісіне зақым келтірмей шашты алып тастау, шаштың өсуі тоқталмайды

8

Дермобразия немесе ротациондық шлифовка

Эпидермис қабатын терінің мүйізді қабатына дейін алып тастау, арнайы аспап арқылы

9

Детатуаж

Терідегі татуировканы шлифовка әдісімен алып тастау (дермобразия)

10

Инъекциялық және имплатациялық терапия – диспорт, мезотерапия т.б.

Теріге әртүрлі бөгде заттар мен препараттарды (А типтік ботулиндік токсин, полиметилметакрилат қоспасы бар коллаген, акрилді гидрогелі қосылған гиалуриндік қышқылдар т.б) инъекциялық имплантациялық түрде енгізу, майда әжімдерді емдеу тыртықты түзелту, еріннің пішінін үлкейту және т.б. мақсаттарда пайдаланады

11

Криомассаж

Азот ерітіндісіне батырылған аппликатор көмегімен теріні уқалау

12

Криотерапия

Емдеу әдісінің жалпы атауы, мұздатылған тіндерге төмен температураны қолдану мақсатында негізделген. Криотерапияға азот ерітіндісін (жиі) немесе көмірқышқыл қар (анда-санда) қолданады.

13

Маска

Терінің ластануында тазалау, қартаюдан, бөртпелерден, гиперпигменттерден алдын алу және емдеу мақсатында қолданылатын рәсім. Масканың құрамына байланысты қабынуға қарсы, жұмсартатын, ағартатын, құрғататын қасиеті болады. Терінің тургорын жоғарылатады.

14

Массаж (массаж немесе сылап-сипау)

Емдік, алдын алу шаралары ретінде арнайы аспаппен немесе қолмен белгілі бір жердегі теріге механикалық дозалық әсер ету рәсімі.

15

Микродермобразия

Пилинг және терінің шлифовкасын жүргізу үшін қолданылады. Теріге ұсақ абразивтік бөлшектерді (алюминий гидроқышқылдары) қысыммен жіберу, эпидермальді тіндерді вакуумдық жүйемен бір мезгілде сору рәсімі.

16

Миолифтинг

Терінің қартаюын алдын алу, емдеу әдістері. Консервативті ем қабылдау жолымен (сылап-сипау, миостимуляция және т.б.)

17

Парафинотерапия

Ерітілген немесе жылытылған күйдегі тазартылған ақ парафинді қолдану арқылы жылумен емдеу түрі. Маска түрінде пайдалынады.

18

Пилинг

Терінің өлген клеткаларын ультрадыбыс, лазер сәулесі, химиялық заттар арқылы немесе механикалық жолмен кетіру.

19

Пирсинг

Дененің әр тұсындағы теріні тесіп, тесікке әртүрлі әшекейлерді тағу.

20

Татуаж

Теріні шанши тесіп, оған бояу жіберу арқылы адам терісіне өрнек пен сурет салу.

21

Тонизация

Теріні тазалауға, сылап-сипауға, вапоризацияға әртүрлі косметикалық өнімдермен алдын ала өңдеу рәсімі.

22

Бетті тазалау

Бет терісін қолмен немесе аспапты жолмен бөртпелерден т.б. ақаулардан тазалау.

23

Электрокоагуляция және электроэксцизия

Электрлік тоқпен тіндерлі күйдіру. Бұл мақсатта тұрақты тоқ (гальванокаустика), жоғары жиіліктегі тоқ (диатермокоагуляция, дарсонвализация, УВЧ-Бревилюкс-терапия).

24

Эпиляция

Арнайы тәсілдерді қолдану арқылы теріні жасанды алу. Нәтижесінде шаш өсуі тоқтатылады. Аппараттық жолмен орындалуы мүмкін (электроэпиляция).

25

Аэроионотерапия

Физиотерапиялық рәсім. Униполярлы зақымданған жасанды немесе табиғи аэроиондар негізгі әсер етуші фактор ретінде қолданылады.

26

Гальванизация

Физиотерапиялық рәсім. Адам ағзасына тұрақты кіші жиіліктегі электрлік тоқтың (50 мА дейін) және төмен қуаттылықтың (30-80 В) денеге қондырылған электродтар арқылы әсер етуі.

27

Дарсонвализация

Физиотерапиялық рәсім. Адам ағзасына ауыспалы импульстік тоқты немесе жоғары жиіліктегі электромагниттік өріс арқылы денеге қондырылған әртүрлі пішінді және мөлшерлі электродтардың әсер етуі.

28

Дезинкрустация

Гальванизация тәсілі арқылы теріні аспапты тазалау рәсімі. Бұл жағдайда пациент оң зарядты электродтты қолына ұстайды, ал жұмыс арнайы ерітіндіге батырылған дезинкрустант, теріс зарядталған электрод арқылы жүзеге асады.

29

Интерференцтерапия

Бұлшықет тініне арналған аспапты уқалау рәсімі. Бір бірін интерференциялайтын, екі синусоидты тоқ арқылы тін аралығында жаңа орта және төмен жиіліктегі ауыспалы тоқтардың пайда болуы. Біріншілікті тоқтың жиілігі өзгеріссіз 3000-5000 Гц, ал екіншілікті жиілік 120-200 Гц аралығында реттеледі.

30

Ионизация

Тіндерде оң және теріс иондардың, электрлік нейтралды атомдар мен малекулалардан бос электрондардың ада денесіне қойғанда түзілуі. Ионофорез кезінде қолданылады.

31

Ионофорез

Физиотерапиялық рәсім. Дәрілік және косметикалық заттарды жарақатталмаған тері мен шырыш қабатына енгізу. Терісполярлы заттар катод арқылы, ал оң полярлы заттар анод арқылы енгізіледі.

32

Лазерлік терапия

Аспапты рәсім, тінді лазерлік сәулелендіруге негізделген. Лазерлік сәуленің интенсивтігіне байланысты стимуляциалаушы, деструктивті, коагуляциялаушы және т.б. эффекттер пайдаланылады.

33

Лимфодренаж

Көлденең – жолақты бұлшықетке төмен жиіліктегі ауыспалы полярлы интерференциалық токтың әсер етуі.

34

Ридолиз

Әжімдерді аспапты түрде емдеу рәсімі. Төмен жиілікті модульдеуші (50-200 Гц) және ине секілді электродтармен берілетін Жоғары жиілікті электр тоғы (6000 Гц) көмегімен, дерма қабатына енгізу.

35

Электромиостимуляция

Бұлшықеттің атрофиясы және босаңсуы, тері тургорының төмендеуі, артық салмақты азайтуда қолданылатын ем.

36

Электрополиз

Нейтралды майлары бар адипозоциттерді электрлік токпен ажырататын аспапты рәсім. Электродтар терінің үстінен немесе теріішілік болуы мүмкін. Целлюлитті емдеуде қолданылады.

«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілеріне
және парфюмерлік-косметикалық өнімдер мен  
ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіруіне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық    
талаптар» санитариялық ережесіне        
4-қосымша                  

Бактерицидтік қондырғыны тіркеу, бақылау журналының үлгісі және оны жүргізу тәртібі

Үй-жайдың атауы мен аумағы /м2


Қондырғының нөмірі мен орналастыру орны


Бактерицидті қондырғының нөмірі мен ұсталымға берілген акт күні


Зарарсыздандыру жүйесі


Зарарсыздандыру объектісі


Зарарсыздандыру шарттары (адамдар бар болғанда/жоқ болғанда)


Сәуленің ұзақтығы мен зарарсыздандыру шарттары (үзіліссіз немесе қысқа мерзімді-қайталану режиммен сәулелендіру)


Кепілдемелік сақтау мерзімі


Шамды ауыстыру мерзімі (анықталған мерзімге дейін қызметтен шығуы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады