Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6213 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің көтермелеу жүйесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Керімбек А. Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Күрішбаев


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 213 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Жалпы ережелер

       1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі - Көтермелеу жүйесі) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 33) тармақшасы негізінде, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын (бұдан әрі - еңбек ұжымдары) көтермелеу мақсатында әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Үздік қызметкерлер және еңбек ұжымдары:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Алғысымен көтермеленеді.

      3. Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.02 № 12-1/491 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Көтермелеуге қызметкерлерді және еңбек ұжымдарын іріктеу өлшемдері мыналар болып табылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі үлес қосу;

      2) өндіріске аграрлық ғылымның жетістіктерін енгізу, аса құнды өнер табыстарының болуы;

      3) лауазымдық міндеттерді адал, үлгілі орындау, сондай-ақ, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау;

      4) кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге жету, мемлекеттік басқарудың жаңа үдемелі әдістерін енгізу.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.02 № 12-1/491 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       5. Қызметкерлерді және еңбек ұжымдарын көтермелеу мереке күндерге: Қазақстан Республикасының Конституция күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Ауыл шаруашылығы қызметкері күніне және қызметкерлердің мерейтой күндеріне орайластырылуы мүмкін.

2. Министрліктің Құрмет грамотасы

      6. Министрліктің Құрмет грамотасымен адал жұмысы, кәсіби шеберлігі, саланың алдына қойылған міндеттерді орындауға қосқан жеке үлесі үшін қызметкерлер, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдары марапатталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.02 № 12-1/491 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

       7. Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешімді Министрліктің, оның ведомстволарының және аумақтық органдарының құрылымдық бөлімше басшыларының, жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (бұдан әрі – Министр) қабылдайды.

      Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау үшін келесі мерейтой күндері белгіленеді: қызметкерлер үшін 50 және 60 жас, ал еңбек ұжымдары үшін 20 жыл және ары қарай әр он жыл сайын.

      8. Министрліктің Құрмет грамотасына Министр қол қояды.

3. Министрдің Алғысы

      9. Қызметкерлер мен еңбек ұжымдарына:

      1) аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін;

      2) Министрліктің атаулы тапсырмаларын тиісті деңгейде және адал орындағаны үшін;

      3) өндіріске аграрлық ғылымның жетістіктерін енгізгені, аса құнды өнертабыстары үшін Министрдің атынан Алғыс жарияланады.

      10. Алғыстың ресми мәтініне Министр қол қояды.

4. Министрліктің Құрмет грамотасымен және
Министрдің Алғысымен марапаттау

      11. Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылатын қызметкерлерге нақты сіңірген еңбегін көрсете отырып, осы Көтермелеу жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныс ресімделеді.

      Еңбек ұжымдарын марапаттау кезінде осы Көтермелеу жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныс ресімделеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Министрдің алғысын жариялау үшін Министрлікке қызметкерлердің немесе еңбек ұжымдарының нақты еңбектерін сипаттай отырып, еркін нысанда қолдау хат жолданады.

      13. Министрліктің қарамағындағы, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар қарамағындағы ұйымдар Министрлікке бірінші басшысының қолымен марапаттау туралы ұсыныс және қолдау хат жібереді.

      14. Меншік нысанына қарамастан агроөнеркәсіптік кешен ұйымдары, агроөнеркәсіптік кешен саласында қызмет ететін жеке тұлғалар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдарға марапаттау туралы ұсыныс және қолдау хат береді, олар облыс әкімдерінің қолымен Министрлікке жіберіледі.

      15. Марапаттау туралы ұсыныстар мен қолдау хаттар Министрлікке мерекелік, мерейтой күндеріне дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жолданады.

      16. Құрмет грамотасымен марапаттау және Алғыс жариялау Министрдің бұйрығымен жүргізіледі.

      17. Министрліктің құрмет грамотасын тапсыру және Алғыс жариялау мерекелік жағдайда Министрлікте немесе марапатталатын қызметкер жұмыс істейтін еңбек жүзеге асырылады.

      18. Қызметкерлерді және еңбек ұжымдарын көтермелеудің барлық түрлерінің есебін Министрліктің кадр қызметі жүзеге асырады.

      19. Министрліктің Құрмет грамотасын және Министрдің Алғысын жоғалтып алған жағдайда, олардың телнұсқасы берілмейді.

5. Қорытынды ережелер

      20. Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттауға және Министрдің Алғысын жариялауға тәртіптік жазаға тартылған тұлғалар жатпайды.

      21. Ескерту. 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.02 № 12-1/491 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға
ҰСЫНЫС

      1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________

      2. Туылған күні _________________________________________________

      3. Білімі _______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (ЖОО-ның атауы және бітірген күні)

      4. Жұмыс орны, атқарып отырған қызметі __________________________

      5. Жалпы еңбек өтілі, саладағы еңбек өтілі, аталған еңбек ұжымындағы еңбек өтілі _____________________________________________________

      6. Тәртіптік жазаға тартылған ба? _______________________________

      (қашан тартылған)

      7.Мінездеме _____________________________________________________

      (нақты еңбектерін көрсете отырып)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Басшының қолы

      М.О.

  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық көтермелеу жүйесіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек
ұжымдарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға
ҰСЫНЫС

      1. Кәсіпорынның немесе ұйымның толық атауы ______________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      2. Аталған кәсіпорынның немесе ұйымның құрылған күні ____________

      3. Кәсіпорында жұмыс істейтіндердің саны _________________________

      4. Кәсіпорынның немесе ұйымның соңғы 5 жылдағы негізгі көрсеткіштері

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Басшының қолы

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады