"Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 12-1/491 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8070 тіркелді

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      «Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылы 26 тамызда № 14, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылы 14 тамызда № 330-331 (26174) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін және агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасы негізінде, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) және агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын (бұдан әрі – еңбек ұжымдары) көтермелеу мақсатында әзірленді.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі үлес қосу;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Министрліктің Құрмет грамотасымен адал жұмысы, кәсіби шеберлігі, саланың алдына қойылған міндеттерді орындауға қосқан жеке үлесі үшін қызметкерлер, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдары марапатталады.»;
      21-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әкiмшiлiк қамтамасыз ету департаменті (Ж.Е. Аманбаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты оның ресми тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады