Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6221 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 369375418 және 458-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫНҚараңыз.K100296
      1. Қоса берілген Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы № 205 «Кеден зертханаларында кедендік сараптама жүргізу ережелерін, Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу ережелерін бекіту туралы» № 2296 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Официальная газета» басылымында 2003 жылғы 26 шілдедегі № 30 (135) жарияланған) бұйрығы күші жойылды деп танылсын.
      4. Аумақтық кеден органдарының бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасына жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Министр                                              Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 181 бұйрығымен  
бекітілген     

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу
ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 369375, 418 және 458-тарауларына сәйкес әзірленді және кедендік бақылау кезінде кеден зертханаларында кедендік сараптама жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардан сынамалар мен үлгілер алу тәртібін белгілейді. Қараңыз.K100296
      2. Кедендік бақылау кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуды:
      кедендік органдардың қызметтік тұлғалары;
      тауарға қатысты уәкілеттілікке ие тұлғалар және оның өкілдері;
      декларанттар;
      тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері жүргізеді.
      3. Негізгі түсініктемелер:
      1) сынама – зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамы мен қасиетін сипаттайтын тауардың оңтайлы қажет мөлшері;
      2) үлгі – тауардың бүкіл партиясының, сериясының құрылымы мен құрамына сәйкес тауар бірлігі;
      3) партия – кедендік органға ұсынылған кедендік шекарадан тасымалдауға және сапасын куәландыратын бірдей құжаттармен рәсімделген атауы мен сапасы бойынша біртекті кез-келген тауардың мөлшері (біртекті тұтынушылық немесе көліктік тарада, бірдей құйылу күні, бірдей технологиялық үлгі бойынша өндірілген және т.б.);
      4) орауыш бірлігі – автокөліктік/теміржол цистернасы, бөшке, фляга, қорап, контейнер және басқа да орауыш түрлері;
      5) стандарттау бойынша нормативтік құжат – стандарттау және оның нәтижелері бойынша қызметтің әр түріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат.

2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу кезінде
қатысатын тұлғалар мен рәсімдер

      4. Кеден органдарының лауазымдық тұлғасы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу нормаларын көздейтін стандарттау бойынша нормативтік құжаттамаға сәйкес, оны зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшердегі тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуды жүргізеді.
      5. Кеден органдарының лауазымдық тұлғалары, сол сияқты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарының тауарлар сынамалары мен үлгілерін алу кезіне, тауарларға қатысты өкілдікке ие адамдар және (немесе) олардың өкілдері және декларанттар қатысады.
      6. Тауарларға қатысты өкілеттілікке ие адам және (немесе) оның өкілдері, декларанттар кеден органдарының лауазымдық тұлғаларына қолдау көрсетеді, соның ішінде тауарлардың сынамасы мен үлгілерін алу үшін қажетті жүк тасымалдау операцияларын өз есебінен жүзеге асырады.
      7. Декларант болмаған кезде, егер ол тауарлардың ұсынылуынан кейін он күнтізбелік күн ішінде келмесе, сондай-ақ жедел жағдайларда кеден органдарының лауазымдық тұлғалары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алады. Осындай жағдайларда тауарлар сынамасы мен үлгілерін алу екі куәгердің қатысуымен және осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлар сынамасы мен үлгілерін алу актісін жасау арқылы жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес тауарларға қатысты өкілеттілікке ие тұлғаға және оның өкіліне, декларантқа 2 жұмыс күні ішінде тауарлар сынамасы мен үлгілерін алу актісі жіберіледі.
      8. Тауарлар сынамасы мен үлгілерін алу актісі үш данада құрастырылады:
      бірінші дана кеден органында қалады;
      екінші дана алынған тауарлар сынамалары және үлгілерімен бірге кеден зертханасына жіберіледі;
      үшінші дана тауарлар сынамасы мен үлгілерін алу актісін жасау кезінде тауарға қатысты өкілеттілікке ие тұлғаға немесе оның өкіліне беріледі.
      9. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың кедендік органдарға жүгінуі кезінде:
      бірінші дана кедендік органда қалады;
      екінші дана алынған тауарлар сынамалары және үлгілерімен бірге тиісті уәкілетті мемлекеттік органға беріледі;
      үшінші дана тауарлар сынамасы мен үлгілерін алу актісін жасау кезінде тауарға қатысты өкілеттілікке ие тұлғаға немесе оның өкіліне беріледі.
      10. Кедендік бақылаудағы тауаралардың сынамалары мен үлгілері кеден органдарының жазбаша рұқсатнамасымен тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғалармен, олардың өкілдерімен, декларанттармен, сонымен қатар тиісті мемлекеттік органдардың кедендік органдарымен келісілген және кедендік органдар қызметкерлерінің қатысуымен алынуы мүмкін.
      Кеден органдарына ұсынылған, еркін түрде құрылған, жазбаша жүгінуде (арызда) келесі мәліметтер көрсетіледі:
      ұйымның (тұлғаның) аты мен мекенжайы;
      жолдамаға (арызға) қол қойған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қызметі;
      тауарлардан үлгі мен сынама алу үшін негіздеме;
      тауарлардың тұрған жері;
      тауар туралы, оның ішінде тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәлімдемелер;
      сұрыпталатын тауар тұрған көлік құралы туралы мәлімдеме;
      тауарлар сынамасы мен үлгілерінің өндірісі үшін қажетті басқа да мәлімдемелер;
      кеден органына сұрыпталған тауар үлгісі мен сынамасын тексеру бойынша қорытынды тапсыру міндеттемесі болуы тиіс.
      11. Кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органының бастығы, немесе оның орнын басатын тұлға, жолдама (арыз) түскеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу жері мен уақытын белгілеп, резолюциясын қояды.
      12. Резолюциясы қойылған жолдама (арыз) тауарларлардың сынамалары мен үлгілерін алу актісінің алғашқы данасымен бірге кеден органында сақталады.
      13. Қажетті жағдайларда арнайы таным талаптар мен техникалық құралдардың қолданылуын қажет ететін тауарлар сынамасы мен үлгісін алу кедендік сарапшының қатысуымен жүргізіледі.
      14. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алудан бұрын, тауардың атауы мен таңбалауын, жүктің қауіптілігі жөніндегі белгілердің болуын тексеру қажет.
      15. Егер тауар химиялық зат болса, сынамалар мен үлгілерге тасымалдау, қолдану, сақтау мен жою кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы, құрамы мен қасиеттері туралы мәліметтері бар, тауарға ілеспе және көліктік құжаттардың көшірмелері тіркелуі тиіс.
      16. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу техникалық қауіпсіздік сақтала отырып, жүзеге асырылуы тиіс.
      17. Кедендік сараптамаға жіберілетін тауарлар сынамалары мен үлгілері тауар қасиеттеріне сәйкес оралуы және ораманың тұтастығын бұзбай алуға мүмкіндік бермейтіндей ораманың сақталуын қамтамасыз ететін ярлыкпен мөрленуі тиіс.
      18. Ораманың сақталуын қамтамасыз ету ярлыгында (этикеткасында) көрсетіледі:
      сынамалар мен үлгілерді алу күні;
      алынған сынамалар мен үлгілердің реттік нөмірі;
      кедендік органның атауы;
      сынамалар мен үлгілерді алуға қатысқан тұлғалардың тегі мен қолы;
      өнімнің атауы;
      өнім өндіруші - кәсіпорынның немесе жеке кәсіпкерлік субъектісінің, тасымалдаушы және алушы - кәсіпорынның атауы;
      сынамалар алынған партияның нөмірі, партиядағы өнім мөлшері;
      алынған сынама мөлшері;
      тауарға тіркелген және көліктік құжаттардың атауы мен нөмірі;
      сынаманы алған қызметтік тұлғаның аты-жөні.
      Ораманың (этикетканың) сақталуын қамтамасыз ету белгісі кеден органы лауазымдық тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.
      19. Кедендік органдар тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу шығындарын өтемейді.
      20. Кедендік зертханаларға жолданған материалдар (тауарлардың сынамалары мен үлгілері және тауарға тіркелген және көліктік құжаттар) тиісті журналда тіркеледі, осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша.

3. Қорытынды ереже

      21. Кедендік сараптамадан кейін тауарлар сынамалары мен үлгілері кедендік сараптаманы тағайындаған кедендік органға қайтарылады, кеден органына тіркеуге түскеннен кейін он жұмыс күні өткеннен кейін, қосымша материалдарды алған кезге дейін сараптаманы тоқтататын жағдайларды қарастыратын ескертулерді тиісті жұмыс журналында көрсетіледі, осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша.
      22. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері, кедендік сараптама кезінде шығынға ұшыраған және сынау әдісімен бұзылған жағдайларда немесе сапаны бағалауда келіспеушілік болған жағдайда, стандарттау бойынша нормативтік құжаттарда бекітілген уақыт мерзімінде сақталуы тиіс, сонымен қатар жою немесе құртуға тиіс болған жағдайларда қайтарылмайды.

Тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін алу Ережесіне
1 Қосымша      

Нысан

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу туралы
акт №

20__ жылғы «____» ____________

Тауардың орналасқан жері_____________________________________________
Лауазымды тұлға _____________________________________________________
                       (аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы)
Декларанттың, тауарларға қатысы бар өкілетті тұлғаның немесе оның
өкілінің қатысуымен _________________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы)
Кеден сарапшысының қатысуымен: ______________________________________
_____________________________________________________________________
                       (аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы)

Куәгерлердің қатысуымен:
1. __________________________________________________________________
                    (аты-жөні, тұрғылықты орны)
2. __________________________________________________________________
                    (аты-жөні, тұрғылықты орны)
ҚР Кеден кодексінің 369, 375, 418, 458-баптарына сәйкес _____________ тауарлардың сынамалары мен үлгілері алынды
_____________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның атауы мен орналасқан мекен–жайы, жеке тұлғаның
                   аты-жөні мен тұрғылықты орны)
_____________________________________________________________________
(стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың атауы: мемлекет аралық
         стандарттар – МЕМСТ, Қазақстан Республикасының ұлттық
                         стандарттары – ҚР СТ)
      Осы акт бойынша тауарлардың сынамалары мен үлгілері алынды:

Сынама немесе үлгінің атауы

Мөлшері

Салмағы

Орама түрі

Пломбаның, мөрдің нөмірі













Қатысқан тұлғалардың өтініштері, ескертпелері _______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (Аты-жөнін, ескертпе мазмұнын көрсету)
Сынамалар (үлгілер) алынғанда қатысқан тұлғалар
1. Уақытша сақтау қойма өкілі
_____________________________________________________________________
                          (Аты-жөні, қолы)
2. Декларанттың, тауарларға қатысы бар өкілетті тұлғаның немесе оның өкілі _______________________________________________________________
                          (Аты-жөні, қолы)

Куәгерлер:
1. __________________________________________________________________
                          (Аты-жөні, қолы)
2. __________________________________________________________________
                          (Аты-жөні, қолы)
Актіледі:
___________________________________    Күні «___» __________ 20___ ж.
         (Аты-жөні, қолы)
Актіні алды:
___________________________________    Күні «___» __________ 20___ ж.
         (Аты-жөні, қолы)

МО __________________________________________________________________
                     (қолы) (лауазымы, аты-жөні)

Тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін алу Ережесіне
2 Қосымша       

Нысан

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу
ЖУРНАЛЫ

Реттік нөмірі

Келу күні және кіріс құжаттың нөмірі

Тауарлардың атауы. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің мөлшері

Жүк кеден декларациясының нөмірі

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу актісін ресімдеу күні мен нөмірі

Ораманы сақтау сәйкестендірудің құралы (жапсырма, пломба)

Тоқтата тұру, қайтадан бастау

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін қайтару белгісі

1

2

3

4

5

6

7

8

      Журнал нөмірленеді, бауланады және
      мөрмен бекітіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады