Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 267 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6238 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.03.13 № 25-03-02/96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы, 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілері, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысаны, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 15 сәуірдегі 
№ 267 бұйрығына 1-қосымша

Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілері 1. Аншлагтың үлгісі

Балық шаруашылығы субъектінің атауы
Су айдынының (учаскесінің) атауы
назар аударыңыз!
рұқсатсыз балық аулаған үшін әкімшілік айыппұл салынады!
жауапты: лауазымы, Т.А.Ә.
тел: 8(код) нөмірі
су айдынының карта кестесі
карта-схема водоема
ответственный: должность, Ф.И.О. тел:8(код)
номер
внимание!
за рыболовство без разрешения налагается административный штраф!
наименование водоема (участка)
наименование субъекта рыбного хозяйства

      1. Аншлагтар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалық шекараларын білдіреді, сондай-ақ су айдынының және (немесе) учаскенің балық шаруашылығы субъектінің атауы, жауапты тұлғасы, хабарласу телефоны туралы қажетті ақпаратты және балық аулау заңнамасын бұзған үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы мәліметті береді. Су айдынның және (немесе) учаскенің карта-кестесі болады.
      2. Аншлагтар:
      1) бекітілген су айдындарға келетін жолдарда;
      2) саны 2 бірліктен кем болмайтын бекітілген учаскенің екі жағынан орнатылады.
      3. Аншлагтар мынадай сипаттамаға сәйкес:
      1) аншлаг щитінің төменгі жағынан жер бетіне дейінгі арақашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс;
      2) аншлагтардың негізгі түсі ақ, шеткі сызығының түсі көк болуы тиіс;
      3) аншлагтарға жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс;
      4) сигналдық щиттердің пішіні тікбұрышты болуы тиіс;
      5) сигналдық щиттердің ұзындығы – 1400 миллиметр (бұдан әрі - мм), ені – 1000 мм кем болмауы тиіс;
      6) аншлагтардың карта-кестесі ортасында орналасады сондай-ақ, аншлагтың 1/4 көлемінен кем болмауы және 1/3 көлемінен артық болмауы тиіс;
      7) аншлагтарға жазулар мен бейнелер қара түспен түсірілуі тиіс.

2. Белгінің үлгісі    

Балық шаруашылығы субъектінің атауы
Су айдынының (учаскесінің) атауы
назар аударыңыз!
1 қаңтармен-1 ақпан аралығында
балық аулауға тыйым салынады!
су айдынының карта кестесі
карта-схема водоема
Внимание!
С 1 января по 1 февраля рыболовство запрещается! наименование водоема (участка)
наименование субъекта рыбного хозяйства

      4. Белгілер балық аулауға тыйым салынған жерлер мен мерзімдер туралы ақпаратты білдіреді, сондай-ақ су айдынының және (немесе) учаскенің, балық шаруашылығы субъектінің атауы, белгіленген карта-кестесі көрсетілуі тиіс.
      5. Белгілер балық аулауға тыйым салынған мерзімде, су айдындардың және (немесе) учаскелердің жағалық шекараларында орнатылады.
      6. Белгілер мынадай сипаттамаға сәйкес:
      1) щитінің төменгі жағынан жер бетіне дейінгі арақашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс;
      2) белгілердің негізгі түсі сары, шеткі сызығының түсі жасыл болуы тиіс;
      3) белгілерге жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс;
      4) сигналдық щиттердің пішіні төртбұрышты болуы тиіс;
      5) сигналдық щиттің ұзындығы – 1000 мм, ені – 1000 мм болуы тиіс;
      6) карта-кестесі ортасында орналасады, сондай-ақ белгілердің 1/4 көлемінен кем болмауы және 1/3 көлемінен артық болмауы тиіс;
      7) белгілерге жазулар мен бейнелер қара түспен түсірілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 15 сәуірдегі  
№ 267 бұйрығына 2-қосымша 

Журналдың нысаны

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журнал)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті

___________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі)
___________________________________________________________
(бригадирдің аты-жөні, басқа жауапты тұлға)
____________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері келісім-шарт жасасқан
пайдаланушының, жеке және заңды тұлғалардың атауы)

Күні

Су айдынының немесе учаскенің атауы

Пайдаланған аулау құралдары

Барлығы ауланған

Ауланған балықтың түрлік құрамы, кг

Барлығы жіберілген, кг

Жүк құжаттамасының нөмірі және түсіру күні

Алушының аты-жөні

қолы

Мемлекеттік балық инспекторының тексергені туралы белгі

балық, кг

Жүзу және автокөлік нөмірі

ау

қабадан

жылым

басқа










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады