Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 22.05.2015 № 321 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 462 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5072 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылғы 1 ақпанда № 16 (1242) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі нұсқаулықта:
22-тармақтың сегізінші абзацындағы «контрафактілік тауарлардың» деген сөздер «зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев