"Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 01-01-31/142 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6253 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.11.03 № 303 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 174-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет туралы ереженің 17-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: қараңыз.U101039
      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі бекітілсін.
      2. Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаменті және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық қатынастар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның сот актілерін орындау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылдың 25 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Г. Ким

Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты жанындағы 
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитет Төрағасының  
2010 жылғы 26 сәуіріндегі
№ 01-01-31/142     
бұйрығымен бекітілген 

Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі

      1. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына  сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушылары тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібін, шарттары мен мерзімін анықтайды.
      2. Заңның 156-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары заңгерлік білімі бар азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады.
      3. Тағылымдамашылар сот орындаушысы болып кемінде үш жыл, оның ішінде жеке сот орындаушысы болып кемінде бір жыл жұмыс істеген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өтеді.
      4. Тағылымдама ұзақтығы бір жылдан кем болмауы тиіс.
      5. Осы Ереженің 2-тармағының талаптарына жауап беретін және тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлға еркін нысанындағы өтінішпен жеке сот орындаушылары алқасының төрағасына жүгінеді және өтініш тапсыру күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде жеке сот орындаушылары алқасымен тағылымдамадан өту шарт жасасады. Өтінішке жеке куәлік құжатының көшірмесі тіркеледі.
      6. Тағылымдама жеке сот орындаушысының басшылығымен өтеді. Бір жеке сот орындаушысында екі тағылымдамашы бір уақытта тағылымдамадан өте алады.
      7. Тағылымдамадан өту аумақтық органмен келісім бойынша өңірлік жеке сот орындаушыларының алқасы бекітетін және барлық тағылымдамашылар үшін міндетті болып табылатын бірыңғай бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
      Бағдарлама жеке сот орындаушыларының кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын зерделеуді, жеке сот орындаушылары немесе арнайы тағылымдамашылар үшін ұйымдастырылған семинарлық дәрістерге баруды қоса алғанда атқарушылық іс-қимылдар жасау және жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі практикалық дағдыларды тағылымдамашының меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтуы тиіс.
      8. Тағылымдама жетекшісі атқарушылық іс-қимылдар жасау және жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру бойынша тағылымдамашының кәсіби дайындық деңгейін ескере отырып, бекітілген бағдарлама негізінде жеке тағылымдама жоспарын әзірлейді және аумақтық органның басшысына және аумақтық жеке сот орындаушылары алқасының төрағасына бекітуге береді.
      9. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы тағылымдама жетекшісінің басшылық етуімен:
      азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды;
      түсетін хат-хабарды қабылдау, тіркеу және есепке алу тәртібін;
      кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді;
      іс номенклатурасын жасауды;
      есепке алу және берілген тапсырмалар кітаптарын, журналдарын жүргізу тәртібін;
      есепті жасауды зерделейді.
      10. Тағылымдамашы атқарушылық іс-қимылдарын жасау кезінде қатысуы, тағылымдама жетекшісінің тапсырмасы бойынша және бақылауымен іс жүргізу мен атқарушылық іс жүргізу жөніндегі өзге де құжаттардың жобаларын дайындайды.
      11. Тағылымдамашы атқарушылық іс жүргізу қызметін реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді дербес зерделеуі тиіс.
      12. Тағылымдама аяқталғаннан кейін тағылымдамашы жеке сот орындаушыларының аймақтық органы мен аймақтық алқасына ұсынатын екі данада қорытынды есеп дайындайды, есеп мыналарды қамтуы тиіс: тағылымдамадан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтер;
      тағылымдама жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты;
      практикалық жеке жұмыстан алған машықтары.
      Есепке тағылымдамашы тағылымдама уақытында жеке жасаған, тағылымдамашы және тағылымдама жетекшісі қол қойған іс жүргізу және өзге құжаттардың үлгілері, сонымен қатар тағылымдама жетекшісінің ұсынымы беріледі, онда тағылымдамашының жалпы дайындығының деңгейі, ол тағылымдама өту барысында алған кәсіби білім мен тәжірибелік дағдылары көрсетіледі
      13. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген материалдар аумақтық органның және өңірлік жеке сот орындаушылары алқасының бірлескен отырысында бір ай мерзім ішінде қаралады.
      Әңгімелесуде аумақтық орган және өңірлік жеке сот орындаушыларының алқасы тағылымдамашының жеке сот орындаушысы функцияларын жүзеге асыруға дайындық деңгейін анықтайды.
      14. Осы Ереженің 13-тармағында анықталғандай әңгімелесу және тағылымдамадан өту туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша аумақтық орган және аумақтық жеке сот орындаушыларының алқасы өткен тағылымдаманы оң бағалаған кезде тағылымдама қорытындысы туралы қорытынды шығарады, оған тағылымдама жетекшісі қол қояды және аумақтық орган басшысы мен өңірлік жеке сот орындаушылар алқасының төрағасы бекітеді.
      Тағылымдамадан өтудің оң бағалауы кезінде тағылымдамашы тағылымдамадан өтті деп есептеледі.
      Өткен тағылымдама теріс бағаланған кезде аумақтық орган және өңірлік жеке сот орындаушыларының алқасы өткен тағылымдама қорытындысы бойынша дәлелді бас тарту шығарады.
      Тағылымдама қорытындылары туралы дәлелді бас тарту үш жұмыс күні ішіде жазбаша нысанда тағылымдамадан өтпеген тұлғаға жіберіледі. Осы бас тарту аймақтық, уәкілеттік органдарына немесе сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
      Тағылымдамадан өтпеген тұлға жалпы негіздерде тағылымдамаға қайта жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады