Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 58 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6282 болып енгізілді.

       Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Агенттіктің кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулыға қосымшаның 2-тармағының жиырма төртіншіден жиырма алтыншыға дейінгі абзацтарының қолданылуы 2010 жылғы 1 мамырдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                            Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының 2010 жылғы 30  
сәуірдегі № 58 қаулысына қосымша

Агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесi

      Агенттігінің кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Агенттік Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген) қаулысына:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсаттары үшін Standard & Poor,s агенттігінің рейтингтік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингттік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).»;
      11-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бас банкі не банк холдингі бар болған кезде 0,10-нан кем болмайды.»;
      14-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «басқа да заемшылар үшін банк конгломераты меншікті капиталының жиырма бес проценті (оның iшiнде, заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелердiң бланктiк заемдары бойынша не заемшыға банк конгломератының ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингi немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бiр тармағынан төмен болмайтын осы деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard&Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес рейтингi немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент еместеріне қойылатын талаптарды қоспағанда, оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломераты меншікті капиталының 0,10-нан астам емес).».
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады