"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау
мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 19 маусымда № 330-335 (27409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингінің, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар.";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) сәйкес, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.";
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қаржы ұйымының, банк холдингiнiң iрi қатысушы және қаржы ұйымының бірлескен iрi қатысушысы болып табылатын және бірлескен банк холдингі болып табылатын тұлғалар ұғымдары тиiсiнше, Банктер туралы заңның 2 және 17-1-баптарында, Сақтандыру туралы заңның 3 және 26-баптарында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында белгіленген.
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлестері қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының көлеміне тиісінше және (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына қарай есептеледі.
3. Жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушы (бұдан әрі – өтініш беруші) мәртебесін иеленуге, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді, заңды мекен-жайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді.
Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға ниет білдірген қаржы ұйымдарының атауы көрсетілген өтінішті береді.
Өтініште өтініш беруші онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
4. Өтініш беруші өтінішпен бірге Комитетке Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4, 5, 6, 7, 7-1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 4,6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында тиісінше көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды қоспағанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала Банктер туралы заңның 17-1-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттармен және мәліметтерден басқа, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген тиісті құжаттарды бірыңғай пакетте береді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қаржы ұйымының iрi қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену үшін уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) тiзбесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілер тiзбесiнде № 8318 тiркелген) белгiлеген халықаралық рейтингілік агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн барынша төмен рейтингiнiң берiлгендiгi туралы мәлiметтердi қосымша береді;
2) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес-жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады.
Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдірген жеке тұлғалар Қағидалардың 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес-жоспарды ұсынады.
Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниеттенетін тұлғалар сондай-ақ Қағидалардың 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес жоспарды ұсынады.
Қаржы ұйымының iрi қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену үшін уәкiлеттi органның келiсiмiн алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасында көрсетілген рейтингтің бар болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етiлмейдi.
Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 11-тармағында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің акцияларын иелену (дауыс беру) салдарынан Қазақстан Республикасының резиденті емес банк қаржы ұйымының iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келген жағдайда, онда осы Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке банк холдингiнiң мәртебесін берумен бiр уақытта тиiстi қаржы ұйымының iрi қатысушысы мәртебесі берiледi.";
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;";
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында және 9-тармағының 1), 2), 3), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
2) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген тізбедегі халықаралық рейтингілік агенттіктерінің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингісі туралы мәліметтер;
3) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Уәкілетті орган қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-1-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-2-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.
Өтініш берушіге қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Уәкілетті орган қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берген келісімін Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша қайтарып алады.
Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға Банктер туралы заңның 17-1-бабының 15-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 13-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 13-тармағында тиісінше көрсетілген талаптарды сақтаған сәттен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Комитетке растауды береді.";
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру
холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларына және
көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға
қойылатын талаптарға
1-қосымша";
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру
холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларына және
көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға
қойылатын талаптарға
2-қосымша";
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру
холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларына және
көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға
қойылатын талаптарға
3-қосымша".
3. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7641 тіркелген, 2012 жылғы 8 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 256-257 (27075-27076) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кастодиандық - брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен, трансфер-агенттiк қызметпен;".
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7733 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 271-273 (27090-27092) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар үшін өтініш берушіге жарғылық капиталының ең аз мөлшері белгіленсін:
1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 800 000 еселік мөлшерінде – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
2) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 400 000 еселік мөлшерінде - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға;
3) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 400 000 еселiк мөлшерінде - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға;
4) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 300 000 еселік мөлшерінде – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
5) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 400 000 еселік мөлшерінде - брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қоса атқару;
6) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселік мөлшерінде - бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
7) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселік мөлшерінде - қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру;
8) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 70 000 еселiк мөлшерінде - трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға;
9) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 800 000 еселік мөлшерінде - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті және брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қоса атқару.".
6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысына 2-қосымша |
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4237 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 6 наурызда № 35 (1632) және 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5 жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 81 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4211 тіркелген, 2006 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында № 5 (29) жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) қызметі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4592 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 20 шілдеде № 110 (1139) жарияланған).
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкес сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 19-тармағы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5000 тіркелген).
8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5478 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда "Заң газеті" газетінде № 24 (1447) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 3-тармағы.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысы("Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5548 тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5 жарияланған).
10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5630 тіркелген).
11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 2-тармағы.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкес сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағының № 14 және "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 16 және 19-тармақтары.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 58 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6282 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 4-тармағы.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 3-тармағы.
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7640 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 11 тамызда № 495-500 (27573) жарияланған).
16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7700 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 15 тамызда № № 510-515 (27588) жарияланған).
17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 132 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7635 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 15 тамызда № 510-515 (27588) жарияланған).
18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 21 қарашада № 763-767 (27839) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4 және 8-тармақтары.
19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 23 шілдеде № 107 (2308),; "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 108 (2309), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 25 шілдеде № 109 (2310), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 30 шілдеде № 111 (2312), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 112 (2313), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 2 тамызда № 114 (2315), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 20 және 33-тармақтары.