Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а. 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 575 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5342 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашада № 170 (1570) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесінде:
7-тармақтың 3) тармақшасында «жерлерге» деген сөзден кейін «және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасында «жерлерге» деген сөзден кейін «және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 4) тармақшасында «жерлерге» деген сөзден кейін «және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің питомниктеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақтың үшінші абзацында «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев