Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 93 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6355 болып енгізілді

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте № 9 жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      4-тармақтың 5) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде мыналардың:
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының;
      қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің меншікті капиталының айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес шамаға дейін төмендеуіне жол беріледі.»;
      төртінші абзацта «үшінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 5) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акциялар қор биржасының осы санатында болған кезде мыналардың:
      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының;
      қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің меншікті капиталының айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жетпіс бір мың еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес шамаға дейін төмендеуіне жол беріледі.»;
      төртінші абзацта «үшінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 5) тармақшасында:
      «;» деген тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің осы шағын санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;»;
      11-тармақтың 6) тармақшасында:
      «;» деген тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінің осы шағын санатында болған кезде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;».
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірге дейін күшінде болады.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, қор биржасына, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Қор биржасы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады