"Ветеринариялық препараттарды өндiру және сату жөнiндегi объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық талаптарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 101 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 433 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6356 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi № 407 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау туралы ереженiң 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ветеринариялық препараттарды өндiру және сату жөнiндегi объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 4 наурызда № 3477 болып тіркелген, 2002 жылғы 16 қарашадағы «Заң газетінде» № 148 (772) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде:
      «3 тарауының 9» деген сөздер «10» деген санмен ауыстырылсын;
      «ветеринариялық қадағалау» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринриялық қауіпсіздік департаменті (Токсеитова Р.Ә) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.»;
      «Келісілген:
      Қазақстан Республикасы индустрия және сауда
      министрлігі техникалық реттеу және
      метрология жөніндегі Комитетінің төрағасы
      __________________
      2 ақпан 2005 жыл» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды өндiру және сату жөнiндегi объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық талаптарда:
      1-тармақта:
      «3 тарауының 9» деген сөздер «10» деген санмен ауыстырылсын;
      «ветеринариялық қадағалау» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      2) тармақшадағы «ветеринариялық препарат» деген сөздер «ветеринариялық препараттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақшадағы «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      «16) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары.»;
      3-бөлімнің тақырыбындағы «ғылыми-техникалық және нормативтік» деген сөздер «нормативті-техникалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ветеринариялық препараттар өндірушілерінде ветеринариялық препараттар өндіруді және бақылауды реттейтін мынадай нормативтік-техникалық құжаттамалар болады:»;
      1)2) және 3) тармақшалардағы «ветеринариялық» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «патенттік» деген сөзбен толықтырылсын;
      6-тармақта:
      «көрсетілуі тиіс» деген сөздер «көрсетіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «тауар таңбалары туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі:
      «Өндірушіде» деген сөз «Өндірушілерде» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «болуға тиіс» деген сөздер «болуы қажет» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы:
      «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «органдарының» деген сөз «органының» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «мемлекеттік ветеринариялық басқармасы органдарының» деген сөздер «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздер «ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздер «жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Өндіріс объектісіне ведомствоның аумақтық бөлімшесі беретін есептік нөмірін беру туралы растау;»;
      9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «болуға тиіс» деген сөздер «болуы қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «жүргізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы «орналасуға тиіс» деген сөздер «орналасады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «орналасады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тамақтағы «толықтырылуға тиіс» деген сөздер «толтырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Әкiмшiлiк-шаруашылық және қосалқы ғимараттар, сондай-ақ тамақ дайындауға және қабылдауға арналған ғимараттар өндiрiстiк ғимараттардан бөлек орналасады немесе бөлек оқшауланады (егер олар бiр ғимаратта орналасса). Әкiмшiлiк-шаруашылық және қосалқы ғимараттарды өндiрушiнiң қоршауынан тыс орналастыруға жол беріледі.»;
      16-тармақтағы «қолдануға тиіс» деген сөздер «қолданылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      18-тармақта:
      «бөлек болуы тиіс» деген сөздер «бөлінеді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «мiндеттi түрде санөткiзiлумен жабдықталуы тиiс» деген сөздер «санитариялық өткізгішпен жабдықталады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «сақталады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      21-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «бар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Өндіруші қалдықтарды алдын ала залалсыздандырады/ зарарсыздандырады:
      қатты қалдықтарды (өлім-жітімге ұшыраған немесе сойылған жануарларды қоса алғанда) 1,5 атмосфералық қысымда 1,5 сағаттан кем емес уақыт бойы автоклавтау, кейін пештерде немесе биотермиялық шұңқырларда жою қажет;
      сұйық қалдықтарды 1,5 атмосфералық қысымда 1,5 сағаттан кем емес уақыт бойы автоклавтау немесе араластыру және 3 сағаттан кем емес уақыт бойы дезинфекциялық ерітіндіде ұстау, кейін олардың зарарсыздандырылуын бақылағаннан кейін сұйық қалдықтарды жалпы кәріз жүйесіне жіберу қажет.»;
      23-тармақта:
      «боялуы» деген сөз «бояу» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «қалануы тиіс» деген сөздер «қалау» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «жабылуы тиіс» деген сөздер «жабу қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      24-тармақта:
      «қамтамасыз етілуі тиіс» деген сөздер «қамтамасыз ету қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қолданылуы тиіс» деген сөздер «қолданылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «жоғары болмауы тиіс» деген сөздер «кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25-тармақтағы «болуға тиіс» деген сөздер «болады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      26-тармақта «етілуі тиіс» деген сөздер «ету қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      29-тармақта «орналасуы тиіс» деген сөздер «орналастыру қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Барлық өндiрiстiк ғимараттар герметикалық терезелермен және есіктермен қамтамасыз етіледі (немесе өндiрiстiк ғимараттарда терезелердің болмауына жол беріледі).»;
      31-тармақтағы «жабдықталуы тиіс» деген сөздер «жабдықталады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      32 және 35-тармақтардағы «жабдықталуы тиіс» деген сөздер «жабдықталады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Өндiрiстiк ғимараттар (бокс алдыларын қоса алғанда) ыстық және суық су мен керек болған жағдайда сорғыш шкафтармен қамтамасыз етіледі.»;
      36 және 37-тармақтардағы «болуға тиіс» деген сөздер «болады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      39-тармақтағы «болу тиіс» деген сөздер «тұрақты болады» деген сөздердермен ауыстырылсын;
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. Қойма үй-жайлары жақсы жарықтанады, оңай желдетіледі, үй-жайларда тазалық қамтамасыз етіледі және бөгде заттарды сақтауға жол берілмейді.»;
      43-тармақта «тиіс» деген сөз «болады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      45-тармақта:
      «тиіс» деген сөз «қажет» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «қорғалуы тиіс» деген сөздер «қорғау қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      46-тармақтағы «асырылуы тиіс» деген сөздер «асырылады» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Токсеитова Р.Ә) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Күрішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады