"Кәсiби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 371 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6408 болып енгізілді

      «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кәсiби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 тіркелген, «Заң газетасы» атты газетада 2006 жылғы 17 тамыздағы № 150 (956) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсiби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесiнде:
      3-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «құрылтайшы құжаттардың, жарғының және мемлекеттiк тiркеу туралы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн алғаны туралы куәлiктердiң және статистикалық карточканың түпнұсқалары мен көшірмелері (осы құжаттардың салыстыру үшін тұпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол алғаш жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады