"Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі N 376 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6419 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2016 № 629 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 263 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауында "ережесін" деген сөз "нұсқауын" деген сөзге ауыстырылсын;

      кіріспесінде "112, 113-баптарына" деген сөз бен сандар "112-бабына" деген сөз бен санға ауыстырылсын;

      1-тармақта "Ережесі" деген сөз "Нұсқаумен" деген сөзбен ауыстырылсын "(бұдан әрі – Нұсқау)" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта:

      "Ережені" деген сөз "Нұсқауды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесінде:

      атауында "Ережесін" деген сөз "Нұсқауын" деген сөзге ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік мониторинг жүргізу туралы осы Нұсқау (бұдан әрі – Нұсқау) Бюджеттік кодекстің 112-бабына сәйкес әзірленген.";

      екінші абзацта ", сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді" деген сөздер алынып тасталсын;

      үшінші абзацта "уәкілетті" деген сөздердің алдынан "орталық және жергілікті" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "құрылымы бойынша бюджет кірістерінің", "(салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттердің түсуі)" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақта бірінші абзацта "Кірістердің" және екінші абзацта "кірістердің" деген сөздер "Түсімдердің" және "түсімдердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      § 1 параграфтың атауында "кіріс бөлігінің" деген сөздер "түсімдерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақта "бюджетке түсетін түсімдердің түрлері" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақта:

      үшінші абзацта "пайдаланылуын" деген сөз "талдаудын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта "уәкілетті" деген сөздің алдынан "орталық және жергілікті" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта "10" санды "12" санға ауыстырылсын;

      7-тармақта:

      Бірінші абзацта "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "пайызбен" деген сөз алынып тасталсын;

      үшінші абзацта "төмендеу себептері көрсетіле отырып" деген сөздер алынып тасталсын, "түсімдердің" деген сөзден кейін "өсу немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзацта "көрсетіледі." деген сөзден кейін мынадай мағынасы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Салықтар және төлемдер өсу немесе төмендеу себептерінің түсіндірмелерде көрсетілген кезеңдер бойынша түсімдердің түсуіне немесе өсуіне әсер еткен факторлар көрсетіледі.";

      төртінші абзацта екінші сөйлем алынып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның салықтық және кедендік саясатты, кірістерді талдау мен болжамдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есептіден кейінгі айдың 17-ші күнінен кешіктірмей, республикалық бюджетке салықтар мен төлемдер түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептердің талдауын, функциясына, бюджет атқаруының жиынтық талдауын жүргізу кіретін құрылымдық бөлімшесіне осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге түсімдер түрлері бойынша жыл басынан жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерінің талдауы осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық (жергілікті) уәкілетті органымен Қазақстан Республикасы Үкіметіне (жергілікті атқару органдарына) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25-күніне дейін ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын 8-1, 8-2, 8-3:

      "8-1. Бюджеттік кредиттерінің өтеуін талдау объектілері бюджетке түсетін түсімдердің түрлері: республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтару болып табылады.

      Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттеріне бюджеттік кредиттерінің өтеуін бойынша жыл басынан бастап жоспарын асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      8-2. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің атқарылуын талдау объектілері заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

      Республикалық және жергілікті (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджеті), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттеріне мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер бойынша жыл басынан бастап жоспар орындалу талдау мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, акциялардың және түсімдердің жоспар мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер жоспар асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау көрсетіле отырып, тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      8-3. Қарыздар түсімі атқарылуын талдау объектілері қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың шығаруымен және (немесе) қарыздар шарт жасасулармен байланысты бюджетке түсетін қаражаттар.

      Республикалық бюджетіне қарыздар түсімі бойынша жыл басынан бастап жоспарын асыра орындалу немесе орындалмау себептерін талдау тоқсан сайын осы Нұсқаудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Қарыздар түсімдерінің жоспарын орындау талдауында жылдың басынан бастап ерекшеліктер бөлігінде қарыздар түсімдерінің жоспарын артығымен орындау немесе орындамау себептерін көрсете отырып жоспарланған және іс жүзіндегі түсімдердің сомасының салыстырмалы талдауы жүргізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Республика бойынша және аумақтар шеңберінде есептік мерзімде мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) салықтардың және төлемдердің түсімі жоспарларының асыра орындалуы немесе орындалмауы салдарына талдау жүргізу барысында төлемдермен салықтардың түсуіне ықпал еткен факторлар анықталады (сыртқы сауда айналымының мөлшерінің өзгеруі, минералдық шикізатқа әлемдік баға, салық салу базасының өзгеруі, салықтық және кедендік заңнамадағы өзгерістер, жүйелік сипаттағы бер реттік төлемдер және басқа да факторлар).";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Республика бойынша және аумақтар шеңберінде ағымдағы жылдың есептік мерзімінде былтырғы жылдың осындай мерзімін салыстырмасы мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге (облыстық бюджет, (республикалық маңызы бар қала, астана)) түсімдерді талдау Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құрастырылады, және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органмен (жергілікті атқару органдарымен) тоқсан сайын 25 күнге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.";

      мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын 10-1, 10-2:

      "10-1. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың есепті кезеңінде республикалық және жергілікті (облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) бюджеттерге мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдердің талдау бойынша кірістер түсімдерін талдау осы Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер талдауда түсімдерінің өсу немесе төмендеу себептері көрсетіледі.

      10-2. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылғы есепті кезеңге республикалық бюджетке түскен қарыздар түсімдерін талдау осы Нұсқаудың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын жүзеге асырылады.

      Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылғы есепті кезеңде түскен қарыздар түсімдерінің талдауында ерекшеліктер бөлінісінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда есепті жылдың басынан түскен түсімдерінің төмендеу немесе арту себептері көрсетіледі.";

      11-тармақ алынып тасталсын;

      12-тармақта "мемлекеттік, республикалық және жергілікті" деген сөздерді "республикалық және жергілікті" деген сөзбен ауыстырылсын, "бюджеттерге" деген сөз "бюджеттерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Салықтар мен төлемдер бөлінісінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер бойынша кемалым сомасын талдау осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.";

      14-тармақта ", республикалық және жергілікті (облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала))" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерге (облыс бюджеті (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қала)) кірістерінің жоспарлық көрсеткіштерінің орындалмауы салдарын талдауында жыл басынан аумақтар шеңберінде бюджеттер деңгейі бойынша кірістердің жалпы орындалуы көрсетіледі. Кірістер жоспары орындалмаған аймақтар бойынша салықтардың негізігі түрлері бойынша орындалмау салдары көрсетіледі.";

      16-тармақта "бюджеттерді" деген сөз "бюджетті" деген сөзбен ауыстырылсын, "20 күнге дейін" деген сөздер мен сан "25-ші күнге дейін" деген сөздермен және санмен ауыстырылсын;

      "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның салықтық және кедендік саясатты, кірістерді талдау мен болжамдау қызметтерін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі осы Нұсқаудың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның сайтында орналастыру және дайындау үшін мемлекеттік бюджеттің кірістерінің орындалу ақпаратын қалыптастырады.";

      18-тармақ алынып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жоспарды асыра орындау немесе орындамау себептерін көрсетіле отырып, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салық түсімдері бойынша талдауды Ұлттық қорқа жіберілетін түсімдердің бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есептіден кейінгі айдың 20-күніне дейін ай сайын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның салықтық және кедендік саясатты, кірістерді талдау мен болжамдау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.";

      20-тармақта:

      бірінші абзацта "уәкілетті органдар" деген сөздер "орталық және жергілікті уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "уәкілетті органдар" деген сөздер "орталық және жергілікті уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын, "бюджеттік бағдарламалар" деген сөзден кейін және "бойынша" деген сөздің алдынан (кіші бағдарламалар) деген сөзбен толтырылсын, "ал жергілікті бюджеттер бойынша осы ақпарат", "бюджеттік бағдарламалар бойынша да" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету саласында функцияларды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі есепті айдан кейінгі айдың 12-сі күнінен кешіктірмей бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жүргізуге арналған салалық бағыты бар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелеріне бюджеттік шығыс бөлігін атқару жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Салалық бағыты бар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері есепті айдан кейінгі айдың 17-сі күнінен кешіктірмей республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету саласында функцияларды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлімшесінің жүргізген талдауы бойынша қорытынды ұсынады.

      Республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету саласында функцияларды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі алынған қорытындылар негізінде "Бюджеттік процесс мониторингі" деген бағдарламалық қамтымға түзетулер енгізеді және есепті айдан кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлімшесіне осы Нұсқауға 9-қосымшаға сәйкес бюджеттің атқарылуы бойынша жиынтық талдау жүргізу функциясына кіретін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелерін ұсынады.";

      22-тармақта "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      23-тармақта:

      бірінші абзацта "уәкілетті органдар" деген сөздер "орталық және жергілікті уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын, "20-сы күніне дейін" деген сөздер "25-сі күніне дейін" деген сөздермен ауыстырылсын, "тиісті жергілікті атқарушы органдардың әкімдігіне" деген сөздер "тиісті жергілікті атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын, "және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "тиісті жергілікті атқарушы органдардың әкімдігіне" деген сөздер "тиісті жергілікті атқарушы органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын, "және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға" деген сөздер алынып тасталсын;

      24-тармақта ", ал жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісінде" деген сөздер алынып тасталсын;

      25-тармақтың бірінші абзацында "бойынша, ал жергілікті бюджет бойынша әрбір бюджеттік бағдарлама" деген сөздер алынып тасталсын;

      екінші және үшінші абзацтарда "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      29-тармақта:

      "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшада "бойынша, ал жергілікті бюджеттер мен кіші бағдарлама" деген сөздер "(кіші бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) және 5) тармақшаларда "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) тармақшада ", ал жергілікті бюджеттер, сондай-ақ бюджеттік кіші бағдарламалар" деген сөздер "(кіші бағдарламалар)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33-тармақта "17" сан "25" санға ауыстырылсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға ағымдағы нысаналы трансферттердің, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді:

      есепті айға - ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей;

      есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейін жылдың 5-і күнінен кешіктірмей осы Нұсқаудың 10-қосымшасына сәйкес ұсынады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарына облыстық бюджеттен бөлінген және республикалық бюджеттің трансферттері есебінен іске асырылып жатқан ағымдағы нысаналы трансферттердің, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді:

      есепті айға - есептіден кейінгі айдың 8-і күнінен кешіктірмей;

      есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейін жылдың 8-і күнінен кешіктірмей осы Нұсқаудың 11-қосымшасына сәйкес ұсынады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органына ағымдағы нысаналы трансферттердің, дамуға арналған нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді:

      есепті айға - есептіден кейінгі айдың 12-і күнінен кешіктірмей;

      есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейін жылдың 12-і күнінен кешіктірмей осы Нұсқаудың 12-қосымшасына сәйкес ұсынады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары есептерді жасау кезінде республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттің бекітілген, нақтыланған және түзетілген сомаларының дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді және есепті кезеңге төлемдер жөніндегі жоспарлардың орындалмау себептері мен міндеттемелер жоспарына сәйкес міндеттемелердің уақтылы қабылданбау себептерін талдауды жүзеге асырады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар облыстық бюджеттерге, Алматы және Астана қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің іске асырылуы туралы талдамалық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті атқарушы органдарға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне және қаржы жылының қорытындылары бойынша есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 25-і күніне осы Нұсқаудың 13-қосымшасына сәйкес ұсынады.";

      39-тармақта:

      бірінші абзацта "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшада "мемлекеттік сатып алу" деген сөздерден кейін "республикалық және жергілікті деңгейлерде" деген сөздермен толықтырылсын;

      41-тармақта "мың теңгеде көрсетіледі" деген сөздер "теңгеде толтырылып, сонымен қатар шығыс нысандарында бір ондық белгімен мың теңгеде көрсетіледі." деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын талдау".

      43, 44, 45-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп қаржылық жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 287 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 6349 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау бойынша әдістемесінің талаптарына сәйкес жасалады және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады. Мемлекеттік құпияны құрайтын бюджеттік бағдарламалар бойынша талдамалы есеп құпиялық режимін сақтай отырып беріледі.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, сондай-ақ стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті осы Нұсқаудың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.

      Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп әрбір бюджеттік бағдарламаның бөлінісінде оған түсіндірме жазбасымен ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде қағаз және магнитті (электрондық) тасығыштарда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі.

      44. Осы Нұсқаудың 14-қосымшасында көрсетілген өткен қаржылық жылдың бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп мынадай тәртіппен толтырылады:

      "Бюджеттік бағдарламаның коды және әкімшісі" деген жол бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама" деген жол бойынша бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;

      "Өлшем бірлігі" деген жол бойынша мың теңгеде өлшем бірлігі көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды" деген 1-бағанда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген 2-бағанда бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі;

      "Бюджеттік бағдарламаның атауы" деген 3-бағанда бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі;

      "Есепті жылға көзделген іс-шаралар" деген 4-бағанда есепті жылға бюджеттік бағдарламаның нысанында бекітілген жоспарланған іс-шаралардың санды көрсеткіштері (бірлікпен, данамен және тағысын тағыда) көрсетіледі;

      "Есепті жылға көзделген сома" деген 5-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес есепті жылға жоспарланған сома көрсетіледі;

      "Есепті жылда орындалған іс-шаралар" деген 6-бағанда есепті жылда орындалған іс-шаралардың санды көрсеткіштері көрсетіледі;

      "Есепті жылдағы атқарылу (төленген міндеттемелер)" деген 7-бағанда есепті жылда төленген міндеттемелер сомасы көрсетіледі;

      "Іс-шаралардың немесе бюджеттік қаражаттардың орындалу %" деген 8-бағанда есепті қаржы жылына бюджеттік бағдарламаның нақты орындалған іс-шараларының сомасын 100% көбейте отырып, жоспарлы іс-шараларының сомасына ара қатынасы көрсетіледі;

      "Атқарылмау сомасы" деген 9-бағанда 7-бағанның көрсеткішінен 5-бағанның көрсеткішін шегеру жолымен анықталатын есепті жылдағы бюджет қаражатының атқарылмау сомасы көрсетіледі;

      "Қол жеткізе алмау себептері" деген 9-бағанда есепті жылда орындалмаған (жете орындалмаған) іс-шаралар, сондай-ақ олардың орындалмау (жете орындалмау) себептері көрсетіледі.

      45. Талдамалы есеппен бір уақытта ұсынылатын түсіндірме жазба мыналарды:

      1) бюджеттік бағдарламаның атауын;

      2) бюджеттік бағдарламаны іске асыруға жоспарлы және іс жүзіндегі шығыстарды (мың теңге), сондай-ақ өткен қаржы жылында осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет шығыстары және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бірлігі үшін іс жүзіндегі шығыстар туралы ақпаратты;

      3) бюджет қаражатының түгел игерілмеген сомасын және орындамау себептерін;

      4) жоспарланған және іс жүзінде орындалған іс-шаралар туралы санды ақпаратын (даналар, бірліктер, шаршы метрлер және тағысын тағыда), өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың нәтижелері: орындалған іс-шаралар мен бірлік үшін іс жүзінде көрсетілген қызметтердің санын (тауарлар, жұмыстар);

      5) өткен есепті жылдың басымен салыстырғанда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің, оның ішінде пайда болған берешектердің себептерін көрсете отырып өткен жылдар берешегінің болуы және оларды өтеу жөнінде қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпаратты;

      6) бақылау органдары жүргізген бюджет қаражатын пайдаланудың атаулылығы мен нысаналы сипаттығы, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шараларды баяндай отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан (әрбір бөліністегі) тексеру жөніндегі ақпаратты қамтиды.";

      46-тармақта:

      "Ережеде" деген сөз "Нұсқауда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Нұсқаудың барлық мәтіні бойынша "Астана" деген сөз "Астананың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-қосымшада, I, II-нысандардың 6-бағандарының атауларында "өсу екпіні" (өрлеу қарқыны) деген сөздерден кейін "/төмендеу" символымен және сөзімен толықтырылсын;

      "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-қосымшада:

      қосымшалар мен кестелердің атауында "салықтар мен төлемдер" деген сөздер "түсімдер" деген сөздермен ауыстырылсын, "мемлекеттік," деген сөз алынып тасталсын;

      "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3 кестенің бағандарында "салықтар мен төлемдер" деген сөздер "түсімдер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-қосымшада:

      "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      қосымшаның атауында "салықтар мен төлем түрлері бойынша кірістерді", "мемлекеттік" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-бағанда "салықтар мен төлемдер" деген сөздер "түсімдер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-қосымшада:

      "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      қосымшаның атауында "мемлекеттік," деген сөз алынып тасталсын;

      кестеде "Бюджеттің атауы" деген сөздер "Бюджет деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салықтар мен төлемдер бөлінісінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер бойынша берешек сомасын талдау";

      "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-қосымшада "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-қосымшада:

      "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      кестенің 3-бағанында "*" деген символ алынып тасталсын;

      "*- жергілікті бюджет бойынша" деген символ мен сөздер алынып тасталсын;

      8-қосымшада:

      "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      кестенің атауында және кестенің 3 бағанында "(**)" деген символдар алынып тасталсын;

      ескертуде "** кіші бағдарламаға дейін жергілікті атқарушы органдар әкімшісі ұсынады" деген символдар мен сөздер алынып тасталсын;

      9-қосымшада:

      "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      кестенің 3-бағанында "(**)" деген символдар алынып тасталсын;

      ескертуде "** кіші бағдарламаға дейін жергілікті атқарушы органдар әкімшісі ұсынады" деген символдар мен сөздер алынып тасталсын;

      үшінші абзацта "Ереженің" деген сөз "Нұсқаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10, 11, 12 және 13-қосымшаларда "Ережесіне" деген сөз "Нұсқауына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10, 11, 12 және 13-қосымшаларда, 4 бағанда "ағымдық", "дамуға" және "кредиттер" деген сөздер тиісінше "Ағымдағы бағдарламалар", "Даму бағдарламалары" және "Кредиттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-қосымшада, қосымшаның атауында "мен кредиттер" деген сөздер, кестенің 4-бағанында "кредиттер" деген сөздер алынып тасталсын.

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 14-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қаржы жүйелерінің инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру және оның әдіснамасы департаменті (Кунтубаев Д.Ж.) "Бюджеттік процесс мониторингі" деген бағдарламалық қамтымға тиісті өзгерістер енгізсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылы 28 шілдедегі
№ 376 бұйрығына
қосымша
Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқауына
14-қосымша

_____ қаржы жылында бюджеттік бағдарламаның
іске асырылуы туралы есеп

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы: ___________

      Бюджеттік бағдарлама __________________________________________

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды

Бюджеттік бағдарламаның коды

Бюджеттік бағдарламаның атауы

Есепті жылға көзделген іс-шаралар

Төлемдер бойынша есепті жылға көзделген сома

1

2

3

4

5







      кестенің жалғасы

Есепті жылда орындалған іс-шаралар

Есепті жылда жұмсалған сома (төленген міндеттемелер)

Іс-шаралардың немесе бюджеттік қаражаттардың орындалу %

Игерілмеген сома

Қол жеткізе алмау себептері

6

7

8

9

10







      Орталық атқарушы органның Жауапты хатшысы

      (белгіленген тәртіппен оған орталық атқарушы органның

      жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға),

      ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің

      басшысы және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық

      бөлімшесінің басшысы және төмен тұрған бюджеттің

      тиісті жергілікті атқарушы органының басшысы

      М.О. ___________ ______________________

       (қолы) (қолды таратып жазу)

      "__" ______ 20___ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады